Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Түзете білім беруде ойынның тиімділігі (әдістемелік бірлестік отырысында баяндама)

Түзете білім беруде ойынның тиімділігі (әдістемелік бірлестік отырысында баяндама)

Хамзин Жиенбек Ерсултанович, старший преподаватель кафедры управления и социализации личности;

ШҚО білім басқармасы «ШҚО арнайы жетім балалар  мектеп-интернаты» КММ   Хамзина Гульмира Қонақбаевна бастауыш сынып мұғалімі

Түзете білім беруде ойынның тиімділігі (әдістемелік бірлестік отырысында баяндама)

         Ойын – қарым қатынас құралдарымен, әдістерімен, заттарымен оқыту арқылы, балаларды тәрбиелеу мақсатында ересектермен зертелінетін бала іс әрекетінің  бір түрі.

 

         Ақыл-ой кемістігі бар балалармен педагогикалық коррекциялық жұмысытың ерте жүргізілуі , яғни баланың көмекші мектепке келген алғашқы күндерінен ақ өте маңызды болып табылады. Кез келген бала белгілі бір әлеуметтік ортада өсіп, айналасындағы заттар мен құбылыстарды танып біледі, олармен тікелей қарым-қатынастарда әсерленіп, бойындағы табиғи қасиеттерді жетілдіріп, ақыл-ой сезімін таным әрекеттерімен байланыстырады. Сезімнің бұл түрі балалардың оқып, білім алуын, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Ал осындай ақыл-ой сезімі кейбір балада жетілмей артта қалып қояды. Оның басты себебі-елдегі, отбасындағы тұрақсыздық, ауыр инфекциялық ауруларға шалдыққан балалар және орталық жүйке жүйесінің ауруына шалдыққандар саны да артуында.. Көптеген отбасыларының экономикалық жағдайы нашарлауда, оларда рухани және мәдени құндылықтарға бағдарлану деген жоқтың қасы. Статистика көрсетіп отырғандай, мүмкіндігі шектеулі балалар саны азаймаған. Қазақстанда ақыл-ойы кем болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзету жұмыстарын ұйымдастыру керек.

         Ақыл-ой кемістігі бар баланың психикалық дамуына тән жағдайларға:

- таным әрекетінің дамымауы, қабылдау көлемінің тарлығы, үзінді сипатта болуы және осы процестің белсенділігінің төмендігі байқалады;

- жүйесіз ойлау, заттың тез «көзге түсетін» бөлігін ғана ой түіндейді, жеке затпен және заттың жеке бөліктері арасындағы байланысты орнатпайды;

         - есте сақтау қаблеті бұзылған;

- қабылдаған көріністі қайта жаңғыртуы қиын; үзінді ретінде, бейнелерді ажырата алмауы таным әрекетінің дамуына кедергі жасайды;

- сөйлеу тілінің барлық кемістік тұрлері (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық); дыбыстық, әріптік талдау мен жинақтаудағы, сөзді қабылдау мен түсінудегі қиындықтар; сөздік қарым-қатынасқа түсу қажеттілігінің төмендігі тән;

- зейінін аударудың жеткіліксіздігі (тұрақтылықтың аздығы, тарату қиындықтары, бір жұмыстан келесіге ауысу баяулығы, қиындығы), әсіресе назар аудару процесінің қиындығы жатады. Даму деңгейі қалыпты баланың үш жасында қоршаған ортамен танысуы интенсивті жүреді. Ойында  қоршаған ота құбылыстарының кең шеңберін бейнелеу мүмкіндігі туады. Баланың көрнекілі образды және қиялы интенсивті дами бастайды. Заттармен жаттығулар ойын кезінді маңызды рөль атақарады. Балалар дидактикалық ойыншықтармен жұмыс жасауға дағдыланады. Үш жастағы балаларды оқытудың басты міндеті практикалық әрекеттерді емес , күрделі ақыл ой әрекеттерін жасаудан турады.Ойыншықтармен ұйымдастырылған әртүрлі жаттығулар баланың жан жақты дамуына мүмкіндік береді: ақыл ой мен эстетикалық тәрбиеленуі,еңбек қабілетінің қалыпптастырылуы,ерікті қалыптастыру, ұжымда жұмыс жасауға үйретеді. Егер баланың екінші өмір жылында көрнекілі әдістерді қолданса, үшінші жылында көрнекілі образды ойлауға арналған әдістерді қолданады. Үш жастағы балалар жас даму ерекшелігіне байланысты ұсынылған материалды екі үш есе тез игереді. Ал психофизикалық дамуында ауытқышылықтары бар балалар үшін бұл танымдық процестерін жетілдіруде типологиялық деңгейіне арналған коррекциялық жұмыс қажет.  Көмекші мектеп бағдарламасын игеруде ең маңызды құрал –ол көрнекі дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын  – оқыту құралы, кез келген бағдарламаны игеру мақсатында қолданылады, сол себептен мұғалім дефектолог және тәрбиелеушімен де қолданылады. Дидактикалық ойындарда  баланың әрбіреуі өз бетімен жұмыс жасауға  жағдай жасалынған. Бұл балаға заттармен жұмыс жасауында тек өзіне ғана белгілі бір тактилді және әрекеттік тәжирибені алады. Бұл ақыл-ой кемістігі бар балалармен жұмыс жасауда маңызды болып табылады. Ақыл-ой кемістігі бар балаға қоршаған ортада бағдарлану әдістерін игеру үшін , заттарды бекітіп қасиеттерін анықтау үшін қалыпты баламен салыстырғанда бірнеше рет қайталауды қажет етеді.Дидактикалық ойын бірнеше қайталау кезінде тапсырмаға оңтайлы қатынасты жоғалпауын қамтамасыз етеді.  Оқыту процесіндегі дидактикалық ойындар процестің өзін эмоционалды, әрекетті етеді, және балаға өз тәжирибесін алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама материалын игеруде сәттілік дұрыс таңдалынған оқыту әдісіне және дидактикалық ойындарға тәуелді болып келеді.

 Ойын арқылы оқыту әдісі ерте жастағы балаларға арналан бірнеше сатыдан турады:

 I саты – сөзбен жүретін әрекет.

 II саты – бала көрсетілген әрекет пен нәтиже арқалы болып жатқан туралы елестетуі бар.

 III саты  -  бала өз бетімен жұмыс жасайды; ересектің түсіндіруі ашықлана түседі.

 IV саты -  бала толығымен өз бетімен әрекет жасайды.; педагог балаға толық түсінікті етіп ашықлама жасайды. Баланы комуникативті қарым қатынасқа итермелейтін  тапсырмалар беріледі. Егер бала материалды игермесе , сатылар қайталанады.

 Ойындар мен жаттығулардың күрделену деңгейі бойынша келесідей болады:

 I. Ұстауды дамыту.

 II. Қол қимылдарын қайталау.

 III. Ұсақ моторика мен қолды дамытуға арналған ойын мен жаттығулар. 

Ұсынылып отырған ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, басқа ұлт өкілдеріне достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талап та жоғары.

 Тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:

 1.Тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы;

 2.Тәлім-тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, оның бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы;

 3.Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы;

 4.Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы шарт;

 5. Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйелі, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып бірнеше компоненттерін құру.

 6.Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру.

 Ойынның түпкі ниеті:

 Балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы.

 Ойынның жалпы сюжеті:

 Оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекетінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.

 Ойындар мынандай түрлерге бөлінеді:

 Дидактикалық, тіл дамыту, сюжеттік, дамытушылық, қозғалыс ойындары.

 Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

 1.Заттық дидактикалық ойындар- дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

 2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино» және тағы басқа.

 3.Сөздік дидактикалық ойындар.

 Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты- балаларға білім-білік, іскерлік, әдет –дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

 Дидактикалық ойындардағы негізгі міндеті - балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту.

 Дидактикалық ойын балалардың қоршаған тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде байланыс-

 тырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.

 Сюжетті-рольді ойындар

 Сюжетті рольді ойындар ақыл-есі кем балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рольді ойында бейнелеу құралы мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.

 Дамытушы ойындар танымдық сезімді оятады, яғни балада тану іздену әрекетін дамыта отырып, ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастырады. Бұл жағдайда сөзжұмбақтар мен ребустар көп септігін тигізеді.

 Өз шығармашылығымен құрастырылған сөзжұмбақтар баланың аса қызығушылығын тудырады. Балалар еркін сөздерді буынға бөліп, ойлау қабілеті дамиды, есеп сабағынан білім дейгейі кеңейеді.

 Ребустың бір түрі. Қағаз бетінде заттық суреттер ( екі суреттер, төрт сурет т.б. болуы мүмкін)арқылы белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып, ретімен орналастырғанда жасырынып тұрған сөзді табуға болады.