Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізі

Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізі

Домбаева Жанат Мавлютхановна, «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп–балалабақша» КММ әдіскері

       Болашақ маманның шығармашылық әрекетке даярлығының қажетті дәрежесі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың барлық циклдары бойынша теориялық дайындықтарының жоғары деңгейінде ғана мүмкін, оның ішінде психологиялық-педагогикалық тың және әлеуметтік-гуманитарлық білімдерді қолданудың педагогикалық технологиясын игеру:
       -  түрлі педагогикалық құбылыстарды және олардың оқу-тәрбиелеу жұмыстарының негізгі нәтижелерін қалыптастыру рөлін зерттеу;
    -  тұтас педагогикалық процесті оның қатысушыларының іс-әрекетін ұйымдастырудан ғылыми педагогикалық пәндерінің құрылымынан құрастыру;
       -  құрастырылған педагогикалық процесті оқу орнының нақтылы жағдайында іске асыру.

     Білім беру теориясында болашақ мамандарға қойылатын талаптар «кәсіптік сипаттама», «жеке бастың профессиограммасы», «кәсіпік даярлық», «кәсіптік компетенттілік» сияқты ұғымдардың жиынтығымен аталады. Осылардың барлығы педагогикалық категория ретінде мазмұндылық ерекшеліктермен әр түрлі қолданылуға ие.
        Кәсіптік шығармашылық – бұл маманның ішкі мағыналық күштері негізіндегі, кәсіби-тұлғалық пен іскерлікті модельдеумен қазіргі қоғамдық-педагогикалық мұқтаждықты қанағаттандыратын және студенттің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру тиімділігін көтеретін жаңа педагогикалық шынайылықты жасау қабілеті.
       Қай салада болмасын, кәсіби маман білім алуға құштар. Білім беруді жетілдірудің негізінде компетенттілік тәсілді алу ұсынылуда. Қазіргі кезде психология-педагогика саласында «компетенттілік» ұғымының жалпы қабылданған түсіндірмесі әлі қалыптаспаған. Ғылыми еңбектерде «компетенттілік» пен «компетенция» ұғымдарына түрліше мағына беріліп жүр. Шетелдік түсіндірме сөздіктерде «компетенттілік» ұғымы компетенцияны меңгеруші ретінде қарастырылады. 
        Мәселен, «сompetent» сөзі французша «компетентті», «заңға сай»; латынша «сай болу», «қабілетті», «талап қою», «жарамды»; ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.
       В. Шепель компетенттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік дайындық ретінде анықтама береді. В. Ланшер, В. Симонов, М.Чошановтардың түсіндірмесі бұл анықтамаға қайшы келмейді. Дегенмен В. Симонов әлеуметтік даярлық туралы айтса, М.Чошанов көбінесе компетенттіліктің мазмұндық (білім) және процессуалдық (білік) құраушыларына тоқталады. Ал В. Ландшеер компетенттілікті тереңдетілген білім деп түсінеді.
       В. Даль "компетенттілік" үғымы тек әділет саласына тән деп санайды, оның пайымдауынша, компетенттілік дегеніміз "заңға сәйкес", "толық құқылы" деген мағынаны білдіреді. Компетенттілік пен компетенцияны ол біртұтас ұғым деп есептейді. В. Безруков компетенттілікті "кәсіби түрде сауатты талдау жасай алу, бағалай алу, белгілі бір ойын айта алу біліктілігінің қалыптасуы" деп түсіндіреді. Э. Зеер мен О. Шахматова компетенттілікті кәсіби білім мен біліктің жиынтығы, сонымен қатар кәсіби іс-әрекетті орындай алу әдіс-тәсілдері деп санайды.
       Психологтар А. Журавлев, Н. Талызина, Р. Шакуров, А. Щербаков және т.б. "компетенттілік" ұғымына білім, біліктілік, дағдыны кіргізеді. Ал психологиялық сөздіктерде "компетенттілік жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті" деген түсінік берілген. "Компетенция — оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік мобильділігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктер " болып табылады.
       Жалпы қазіргі түсіндірмелерде "компетенция" ұғымы екі түрлі аспектіде: компетенцияны меңгерген және белгілі бір нәрсеге пікір айта алатындай білімі бар деген мағынада қарастырылады. Ал "компетентті" ұғымының мазмұны мынадай екі аспектіде көрініс береді:
       -     компетенттілікті меңгерген, заңға сәйкес;
       -     белгілі бір саланы білетін тұлға.
       Демек, компетенттілік ұғымы "білім", "біліктілік", "дағды" сияқты ұғымдарды қамтиды. Алайда бұл білім, біліктілік, дағдының жай жиынтығы емес. Компетенттілік оқу нәтижелерімен қатар, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Компетенттілік оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір тәжірибелік және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін сипаттайды. Бұл, ең әуелі, мектепте оқыту үрдісі кезінде қалыптасады. Компетенттілік пен компетенция бірін-бірі толықтырады және бірімен-бірі байланысты. Оқытушылардың компетенттілігі оқу үрдісінің негізгі сапа көрсеткіші, оның жетістігі қойылған педагогикалық мақсатқа жету болып табылады. Компетенцияның түйінді құраушысы біліктілік болып табылады. Оқытудағы компетенттік тәсілі оқыту нәтижесі ретіндегі білім сапасын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ол білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, шығармашылық іс-әрекет тәсілдері мен эмоционалдық-құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген түйінді компетенттіліктерді ажыратып алуды меңзейді. Оның құрылымы мынандай:
       -  өзіндік танымдық іс-әрекет саласындағы базалық компетенциялар;
       -  мәдени іс-әрекеттегі компетенциялар;
       -  тұрмыстық саладагы компетенциялар;
       -  әлеуметтік-еңбек іс-әрекеттері саласындагы компетенциялар.
       Өзіндік танымдық іс-әрекет саласындағы базалық компетенцияларға: оқу, жазу, есептей алу; сөйлей алу және түрлі жиындарда өз ойын басқаларға жеткізе алу; оқу іс-әрекетінің нәтижелерін талдай алу; жоспарлай, жобалай, модельдей алу; әр түрлі ақпарат көздерінен (кітаптан, газет-журналдардан, сөздіктер мен энциклопедиялардан, теле-радио хабарлардан, интернеттен және т.б.) білім жинақтай білуді меңгеру жатады.
       Кәсіби даярлық мәселесі өте күрделі. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде кәсіптік бағдардың бірнеше кезеңдерін атап өтеуге болады:
       -   кәсіптік хабарлау;
       -   кәсіптік консультация;
       -   кәсіптік іріктеу;
       -   кәсіптік бейімделу.
       Білім алудың негізі – оқу. Білім беру – тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат берудің жолы. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулиды, белгілі кәсіпке, мамандыққа үйретеді. Білім философияда бүкіл танымның даму процесінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің, рухани қазынасының жиынтығы. Білімнің үш түрі белгілі:
       -  тұрмыстық білім;
       -  ғылымға дейінгі білім;
       -  ғылыми-теориялық білім.
    Қоғам дамуы білім динамикасы мен сапасына тәуелді. Қазіргі кезде адамзаттың бар мүмкіншілігі мен әлеуметтік дамуы, болашақ мамандардың теориялық және практикалық даярлығын жақсарту үшін жағдайлар жасау қажет. Кәсіби мамандардың біліктілік дәрежесін үнемі көтеріп отыру қазіргі заманда білім беру халықаралық қарым-қатынас жасаудың бір тәсіліне айналып отыр. Болашақ мамандарға білім беруде қоғамды, қоғамдық құбылыстар мен табиғи ортаны, әлемдік ғылыми-білімді танып-білуге үйрету – ғылыми әдіснама негізінде дүниеге диалектикалық көзқарасты қалыптастыру күн тәртібінен түспейді.
       Жоғарыда аталғандардың негізінде кәсіби компетенттілікті қалыптастыру ең өзекті мәселе және бүгінгі күнде, өзіндік үш аспектісі бар:
       -   педагогикалық – озық педагогикалық жұмыстар құрылымына сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізу, болашақ мамандарға тән жағымды қасиеттерді нақтылау;
     -   психологиялық - өз мамандығына деген  қызығушылығын, адами терең қасиеттерін, потенциалдық мүмкіншіліктерін қалыптастыру;
   -  әлеуметтік – қоғамда өз орнын табу, педагогтік-психологтік компетенттіленуін (ППК) және мамандыққа маңызды кәсіптік қасиеттерін әлеуметтендіру.
  Бүгінгі таңда адамзат алдына материалдық және рухани құндылықтарды таңдау міндеті қойылып отырғандықтан, оқушылар өзінің мүмкіндіктері мен ұмтылыс талаптарына саналы түрде сын көзбен қарауды, түскен ақпараттарды өңдеуді жауапкершілікпен атқаруды талап етеді.
       Білім берудің мақсаты – жеке тұлғаның әлеуметтік жағынан қоғамға қажетті іс-әрекетке бейімділікті меңгерту, жан-жақты жетілген рухани бай тұлға қалыптастыру. Сондықтан адам баласы әр түрлі әдіс-тәсілдермен, дағдымен, ілкімді іскерлікпен білім алуға ұмтылады.

        Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Өмірзақов Ш. Психодиогностикалық ақпараттың әсері.//Ұлағат №5, 2003.
  2. Бегалиева Н. Мектептегі психологиялық қызмет. //Қазақстан мектебі №7, 2000.
  3. Дубровина И.В.  Психологическая служба в школе. //Сов.педагогика. 1986. № 1.
  4. Дубровина И.В. Предмет и  задачи школьной психологической службы. //Вопросы психологии. 1988. № 5.