Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Педагогикалық тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту (Шеберлік сағаты)

Педагогикалық тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту (Шеберлік сағаты)

Камзина А. Н., Құсайын Д.Б.,  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО БАИ  

аға оқытушылары

Мақсаты: педагогикалық тәсілдердіпайдалана отырып, оқушылардың

функционалдық сауаттылығын дамытудың жолдарын көрсету;

Қажетті құрал-жабдықтар: компьютер, мультимедиалық проектор, үлестірме

материалдар, маркер, түрлі түсті стикерлер.

Қатысушылар: Бастауыш сынып мұғалімдері

 

Өткізілетін орны: «Өрлеу» БАҰО АҚ ШҚО ПҚ БАИ

Кіріспе бөлім. Шеберлік сыныбының тақырыбы жәнемақсатымен таныстыру.

Танысу:  «Ғажайып ағаш».  Қатысушылар 3 түрлі түсті стикерден алады.

1 стикерге қатысушылар  өз есімін, ауданын жазады. 2 стикерге энергияны қайда

алатынын  жазады. 3 стикерге шеберлік сағатынан не күтетінін жазады.

Топқа бөлу: Тірек сөздер арқылы 5 топқа бөлу.

Педагогикалық әдіс: «Коллаж әңгіме»

Ұйымдастыру: топпен жұмыс

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы: Қатысушыларғатүрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі.

Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме

құрастырады.

Ширату жаттығуы   «Сан ойлап табу»

Қатысушыларды үштіке бөлінеді. Үштіктегі адамның әрқайсысы көршісінің сол

иығына бір қолын қояды. Екінші қолын алға қарай созып жұдырығын жұмады.

Жүргізуші бір санды айтқан кезде үштіктегі адамдар сөзді, ымды қолданбастан

аталған сан шығатындай сандарды көрсету керек. Мысалы жеті санын айтқан

кезде үштіктегі адамдар 4, 2, 1 санын көрсетуі мүмкін.

Педагогикалық әдіс: Кейс  амал-тәсілдерін пайдаланып мәтінмен жұмыс

Мақсаты: Қатысушылар өзара пікір таластыруға, өзінің пікірін дәлелді құруға

дағдыланады. Топ ішінде белсенді тілдік қатынас орнайды. Проблеманы өздігінен

шешуге ұмтылады, шығармашылық жұмыстарды орындауға үйренеді.

«Бұлақ»

Біздің ауылдың маңында бұлақ ағып жатыр. Бұлақтың суы лас, лай. Бұлақ

бірнеше жылдан бері қараусыз қалған. Жан-жағына шөптер өсіп кеткен.

Бұлақтың суын ауыл тұрғындары пайдаланбайды.

Жүргізуші  мәтінді оқып,  қатысушыларға  мынадай проблеманы шешуді

ұсынады.

Шешілетін проблема: Бұлақтың суы қандай болуы керек?

Қатысушылар  проблеманы шешуге топ болып кіріседі. Әрбір топ өздерінің

көзқарастарын ортаға салады.

Бірінші топтың оқушылары мынадай мазмұнда мәтін құрастырды:

Біздің ауылдың маңында бұлақ бар. Бұлақтың суы мөлдір, таза болуы керек.

Ауыл адамдары бұлақты үнемі күтіп, таза ұстайды.

Екінші топтың оқушылары: Бұлақты үнемі тазалау қажет. Сонда оның суы

таза болады. Бұлақтың суымен адамдар шөлін қандырады.

Үшінші топтың оқушылары: Бұлақ көрсең – көзін аш деген бар. Балалар,

үлкендер үнемі бұлақты тазалап ұстауы керек. Бұлақтың суы қыста жылы, жазда

салқын болады.

Мейірімді қыз

Көше бойында бір қуыршақ жатыр. Басына, тақия, үстіне ақ көйлек кигізіп үлбіретіп қойған. «Дәуде болса, бір бала ұмытып кеткен-ау» деп жан-жағыма қарай бергенім сол еді, оң қапталымдағы қызыл қақпадан төрт- бес жасар қыз бала шыға келді. Мен қуыршақты алып, соған қарай жүрдім.  Жақындай бергенімде қыз бала:

-       Жөндеп көтермейсіз бе, бір жерін сындырасыз ғой, - деді кейіп.

Қарасам, қуыршақтың қолынан, салбырата ұстап келеді екен. «Жаны ашып кетті ғой, қандай мейірімді қыз»,- деп ойладым ішімнен.:

Әрбір топ сабақ соңында өз ойларын ортаға салады.

 Тапсырмалар:

  1. Мәтіндегі диалогті монологқа ауыстырыңдар.
  2. Мәтіннен әдептілік туралы өздеріңе ұнаған үзіндінің  жазылған жерін тауып белгілеңдер.
  3. Мәтіннің мағынасын қандай мақал-мәтелдермен бересіңдер.

 Рефлексия:Табыс сатысы

Сатының бірінші қадамы – қызықты болды

Сатының екінші қадамы – белсенді қатыстым

Сатының үшініші қадамы – жаңалықтар болды

Сатының төртінші қадамы – тәжірибеде қолданамын