Қазақ тілін дамытудың даңғыл жолы - латын қарпіне көшу
Суюндыкова Баян Сабитовна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы
Елдің болашағын жоспарлауда, келешек ұрпақтың тілін, ділін дамыту жағдайын жасауда елімізде көреген бағдарламалар дайындалған. Бұл бағдарлама барлық қазақстандықтарды қуантады деп ойлаймын. Себебі, қазақ елінде көп ұлттар бірлесіп ынтымақпен өмір сүріп жатыр. Көп ұлттың мекені болған қазақ жерінің тілі әлемдік деңгейде дамығаны келешек ұрпақтарымыз үшін маңызды. Бүгінгі таңда латын таңбасымен жер шары халқының 40 %-дан астамы қолданып, ең кең тараған әліппе болып есептеледі. Ал латын әрпінде жазатын мемлекеттердің көлемі жер құрылықтарының 60% құрайды. Сонымен қатар латын таңбалары халықаралық таңба болып есептеледі. Дүние жүзі баспаларының 95% латын әліпбиінде басылып шығады екен. Яғни, қазақстандықтардың осы баспаларды оқуға және де керісінше, қазақстандық баспаларды әлемнің әр бөлігінің оқырмандары оқуға мүмкіндігі болады. [1]
- Подробности
- Категория: Актуальные вопросы образованияКатегория: "Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №12(31)2019
- Просмотров: 18