Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Айтарым бар

Эссе «Жаңа технологияларды кіріктіру-менің кәсіби құзыреттілігімді жетілдіреді»

Казиева Меруерт Алмасовна

Өскемен қаласы әкімдігінің №15 «Рахат»  

балабақша бөбекжайы КМҚК

Подробнее...

Мен тәрбиешімін

Айдарбекова Бақытгүл Ақанқызы, Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ «Айналайын» шағын орталығының тәрбиешісі

Мен – тәрбиешімін, болашақ ұлтты тәрбиелеушімін. Осы тіркес көкірегіме мейірімділік пен өзіме деген сенімділікті ұялатады.
Тәрбиеші болу мен үшін тек жұмыс, міндет қана емес, осы жұмыс арқылы мен өмір сүріп жатқанымды сезінемін. Бұл жанымның жайы, өмірімнің салты.
«Тәрбиеші деп мамандықты оқып, қолына диплом алған адам емес, тәрбиеші деген ол осы ұлағатты есіммен бірге жасайтын ұлы тұлға. Мамандыққа деген сенімділік сирек кездеседі, ол тек соған құрбан еткенде ғана дәлелденеді». Біреулер мақсатты түрде тәрбиеші болады, олар мектеп табалдырығынан бастап осы мамандықтың құндылығын түсініп, сол мақсатқа жетуге бар күш-жігерін салады. Біреулер үшін бұл жол-қиын да соқтықпалы болуы мүмкін. Бұл тағы бір мұғалім мамандағының өмір екенін дәлелдейді, ал өмір әр қилы кезеңдерден өтуі керек. Осы есімді мақтанышпен алып жүрген адамдарға бір ортақ қасиет бар, ол балаларға өз жүрегің сыйлап, онсыз өмір мәнін елестете алмау.

Подробнее...

Әр мектептің өз тарихы бар

Кабдрахманова Б.Е., «Ю.А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Күршім ауданы

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы - ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы. Осы бағдарлама аясындағы «Туған жер» идеясы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Сонымен қатар өзің білім алып отырған білім ордасы -тұнған тарих. Әр жыл сайын осы мектептен көптеген түлектер ұшып шығады. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал.

Подробнее...

Нәзипа Құлжанова – мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы ғалым, көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері

Мухаметолдина Н.С., «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы

Нәзипа Құлжанова 1887 жылдың 27 шілдесінде Қостанай облысы, Жанкелді ауданында туып өскен. Ленинградтағы Орталық Мемлекеттік архиф деректері бойынша 1903 жылы Торғай облысындағы бірден-бір оқу орны – Қостанайдағы орыс-қазақ әйелдер прогимназиясын бітірді.

1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін ойдағыдай аяқтап, біраз уақыт сол училищеде көмекші мұғалім болып тағайындалады. 1905-1920 жылдары Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаздық еткен.

Подробнее...