Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Айтарым бар

Ұстаз-ұлағатты есім

Нуртазина Еркежан Маратовна, «БАҰО «Өрлеу» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ, Өскемен

Мыңбаева Ұлпан Серікқызы, ЖШС " Бөбек" мектепке дейінгі шағын орталықтың тәрбиешісі

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі- Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез- келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп, тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.

Подробнее...

Еліміздің салттары туралы пікір

Хамзин Жиенбек Ерсұлтанович, "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

Бұл тақырыпты жазған себебім, биыл денсаулық және спорт жылы деп жарияланғаннан кейін, соған қосқан үлесім болсын дегенім. Егерде осы мақаланың әсерінен кемінде бір ана бесікке бөлеуден бас тартса ол да менің отандастарымның денсаулығына қосқан үлесім деп білемін.

Подробнее...

Қазіргі заманғы мектептегі жас мұғалім – бұл бүгінгінің бетке ұстары, болашақтың тұтқасы!

Тлеубердинова Венера Муратбеккызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың МДТжТӘ кафедрасының SMM-PR маманы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасы өткізген «Қазіргі заманғы мектептегі жас мұғалім – бұл...» атты облыстық жарияланым конкурсы байқауға қатысқан жас мұғалімдер педагогикалық қызметке тұрақты мотивациямен, жалпы іске - білім беру ортасын дамытуға қатысу жағдайында жұмыс істейтінін көрсетті. Байқауға қатысушылардың пікірлері жас педагогтарға да, тәжірибелі педагогтарға да қызықты болады деп үміттенеміз. Егер қазір таңдау жасау керек болса, олар педагогикалық жоғары оқу орнын және сол мамандықты да қайта таңдар еді. Демек, батыл және шығармашыл педагог болады. Инновациялық және заманауи идеялар болу. Мұның бәрі болуы керек!

Подробнее...

Жаңа форматты - RED х әдісін қолдану ерекшелігі

Карменова Галина Нұраждарқызы, «№3 ЖОББМК» КММ-нің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Жаңартылған білім негізін дамытуда «Табысты оқу» жобасы - көркем шығарманы өз қалауымен оқуға оқырмандардың қызығушылығын арттыра отырып, жетістікке жетудің бірден бір тәсілі.

Осы жобаны жүзеге асыру барысында «№3 ЖОББМК» КММ-де мазмұнды іс-шаралар өтуде. Мектеп директоры Н.Н.Ахметкалиевтің ұсынысымен таяуда өте қызықты ТED х, RED х- форматтары ұсынылып, ұстаздар мен оқушылар арасында ұйымдастырылды. RED х форматының негізгі мақсаты – оқыған көркем шығарманы қызықты, әсерлі әрі әзіл – қалжыңмен жеткізе білу. Бір есеппен дарындылығы мен шешендігін, шеберлігін байқатып ойын жүйелі жеткізу. Жақсы көңіл – күйде жан дүниең рухани ләззат алатын орта қалыптастыру.

Подробнее...