Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Математиканы оқытуда аймақтық компоненттерді қолдану

Математиканы оқытуда аймақтық компоненттерді қолдану

Узбеханова М.Ы., «К.Кадыржанов атындағы Қызылқия ЖББОМ» КММ
Апселемова Г.Д., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ 

Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымдық көзқарасын өзгертетін қозғаушы күш.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы бойынша ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, дерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ұлттық мәдениетті сақтай отырып жаңғыру және ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту қажет екенін түсіну керек. «Туған жер» бағдарламасы арқылы әрбір адамның жүрегінде кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, туған жеріне деген сүйіспеншілік, құрмет болмайынша – Отан деген ұлы ұғымға адал қызмет ету, жан дүниесімен сүю мүмкін емес.

Математика пәні бойынша жоспар құрғанда аймақтық компоненттерді қолдануға болады. Аймақтық компоненті қолданудағы мақсат - оқушылардың өз Отанының қасиетін сезініп, тарихын танып, Отан алдындағы жауапкершілігін ұғынып және өзі өсіп – өнген аймаққа деген сүйіспеншілігін арттыру, мақтаныш сезімін тудыру арқылы өз елінің патриотын тәрбиелеу. Төменде ұсынылып отырған сабақтың жоспарында аймақтық компоненті қолдану «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» кесенесінің жоғарғы табанын табу туралы есеп ұсынуда көрінеді. Пәнге қатысты терминдерді оқушыларға үштілде айтқызу арқылы өз тілін құрметтеуге және өзге тілді қабылдауға баулуға болады.

8.1.А  Көпбұрыштар.Көпбұрыштарды зерттеу. 8 сынып

Сабақтың тақырыбы

Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары.

Оқу мақсаты

8.1.1.13 Трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану.

Сабақтың мақсаты

 

 

 

 

Барлық оқушылар: трапецияның орта сызығының анықтамасын біледі, есептер шығаруда қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі: трапецияның орта сызығының қасиетін басқа элементтерін табуда қолданады.

Кейбір оқушылар: трапецияның орта сызығын дәлелдеуге берілген тапсырмада орындайды.

Бағалау критерийі

Трапецияның орта сызығының қасиетін есептер шығаруда қолданады.

 

Тілдік мақсаттар

 

Оқытудың тілдік мақсаты: Трапецияның орта сызығының теоремасын                            тұжырымдайды;Сызбаның салынуын түсіндіреді; Дәлелдейді.

Пәнге қатысты лексика, терминология: Трапеция, табаны, бүйір қабырға,          орта сызық, биіктік, диогональ

Диалогқа қажет тіркестер: Трапецияның орта сызығы ...;

                                                  Трапецияның орта сызығының теоремасы ...;

                                                  Трапеция,...,trapeze;

                                                   ...,Средняя линия,middle line;

                                                   Табан,основа,...;

Құндылықтарға баулу

 

 

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының алтыншы «Мәдениет пен Тарихтың, Тілдің ортақтығы» құндылығы негізінде оқушыларды ұлтжандылыққа, үштілділікке, Отанын сүйуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Орыс  тілі,ағылшын тілі

Алдыңғы білім

Трапеция ,оның түрлері,ұшбұрыштың орта сызығы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

1.Ұйымдастыру кезеңдері (сәлемдесу,түгендеу,психологиялық ахуал)

2.Үй тапсырмасын тексеру «Таза тақта» әдісі

3.« Шаңырақ» әдісімен топтастыру

4.Мақсат пен критерийді оқушылармен талқылау.

 

Сабақтың ортасы

20 мин

1.Топтық жұмыс. «INSERT» әдісі.( түртіп алу)

 

2.Тапсырмалар: «Ойлан. Жұптас.Топтас»

1.Трапецияның орта сызығын тап,егер оның табандары 9 см және 11 см болса.

2. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»кесенесінің  табаны 5,2 метр ,орта сызығы 330 см жоғарғы табанын табыңдар

3.Трапецияның диогональдарының орталарын қосатын кесінді табандарына паралелль және олардың айырымының жартысына тең екенін дәлелдеңдер.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»

 

«Мектеп»

8 геометрия

Смирнов В.А

Тұяқов Е.А

41 бет( Жоба)

 

 

 

 

 

 

 

3.Сергіту сәті : «Кеме айлаққа келді»

 

Сабақтың соңы

10 мин

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

 1.Трапецияның табаны 6см және 8см.Оның орта сызығын тап.

  Дескриптор:
-Сызбаны сызады;
-Трапеция орта сызығының формуласын қолданады;
-Трапецияның орта сызығын табады.

2.Трапецияның орта сызығы 5см-ге, бір табаны 4см-ге тең. Оның екінші табанын табыңдар.

Дескриптор:
-Сызбасын салады;
-Трапецияның белгісіз табанын х белгілейді;
-Трапеция орта сызығының формуласын пайдаланады;
-Белгісіз табанын табады.

Қарқыны жоғары оқушыға тапсырма:

 1. Трапеция табандарының қатынасы 2:3 қатынасындай ал орта сызығы 5 метрге тең.Трапеция табанын тап?

ҚБ: «Өзін-өзі бағалау»

Рефлексия :

Сауалнама беру

1.Мен сабақ барысында ...

2.Мен өз жұмысыма ...

3.Сабақтың материалы мен үшін ...

4.Сабақта түсінбеген жерім ...

Үйге тапсырма :№ 3 . 41 бет

 

«Мектеп»

8 геометрия

Смирнов В.А

Тұяқов Е.А

41 бет( Жоба)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау-Cіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау тәсілдері: тапсырма,қарқын,диалогқа түсу және қолдау. Қолдауды қажет ететін оқушыға көмек көрсету, қарқыны жоғары оқушыларға қиындығы жоғары есеп беру.Тапсырмалар жеңілден бастап күрделеніп отырады.

Қарқыны жоғары оқушыға тапсырма құрастырылды.

«Еркін микрофон»,

«Екі жұлдыз, бір тілек»,

Дескрипторлары құрылған есеп арқылы оқушылар өзін-өзі, бір-бірін бағалайды. 

Сергіту сәті

«Кеме айлаққа келді»