Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Қазыналы өлке

Қазыналы өлке

Алмабек Ашимбек,  «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ-нің тарих және география пәні мұғалімі, Өскемен қаласы
Нургалиев Р.Е., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ-дың аға оқытушысы, тренер

  «Адамдардың өмірі,  әлеуметтік сала, мемлекеттің күші - осының бәрі экономиканың жағдайына байланысты»  
Н.Назарбаев

      1749 жыл өтіп жатты. Уба маңында Фока Политов тапқан мыс кен көзінің болашағы болып шықты. Қазір олар Николаевский және Павловский кен қойнауы  ретінде белгілі.
       Бұрынырақ Алтайдың солтүстік-батыс бөлігіндегі полиметалл кенінің аздаған қорын өнеркәсіпші Демидов пайдаланған екен, ал негізгі қазына көзі біздің жерде, яғни, Үлбі, Бұқтырма, Уба өзендерінің маңында орналасқан болып шықты. Алайда, есепсіз мол қазына көп жылдар бойы пайдаланылмай жатты. Дегенмен, ежелгі аңшылар осыдан төрт жүз жыл бұрын жеңіл балқитын металдардан кәсіпкершілік құралдар жасай білген тарихтан белгілі. Оған қола ғасырдағы найза мысал бола алады. Бірақ, көшпенді халық иесіз тастап кетуі салдарынан бұл өлкені адам аяғы баспағанына мыңдаған жылдар өтеді. Тек 17-18 ғасырда ғана таулы жазық қайтадан жанданып, тіпті игеріле бастады.
       Шығысқазақстандықтар үшін Ф. Политовтың Николаев пен Павлов кенішін ашуы үлкен бетбұрысты, тарихи маңызды оқиға болып саналады. Осы бір тынымсыз адам жер асты патшалығының алтын, күміс, мыс тағы басқа асыл қазбаларының есігін адамдар үшін аша білді.
     Фока Политовтан соң тағдыр ұзақ та қатерге мол ізденісі үшін Герасим Зыряновқа қомақты сый сыйлайды. Бұқтырма жазығында орналасқан кен орнынан ол саф алтынның табиғи құймасын тапты. Сол кезде ол білді ме десеңші, осы кесектен Шығыс Қазақстан кен байыту кешенінің тарихы бастау аларын!
     Алғашқы кен көзін ашушылардың құрметті тізіміне Федор Белоусовтың, Павел Крюковтың, Иван Заводиннің, Малеевтің есімдері кіреді. Тау кеңесшісі Филипп Ридердің де кен көзін ашуда жолы болды. Оның 1786 жылдың 31 мамырында, Троицын күні жіберген экспедициясы Филипповқа өзені маңынан кен көзінің табылуы туралы жақсы хабардың жаршысы болды. Осылайша, Оңтүстік Алтайдың тау-кен өнеркәсібінің бастауы басталып, әр ашылу сайын республика түсті метаургия алыптарының аумағы кеңейе түскен еді. Біздің өлкеміздің географиялық және кен қорының байлығы сияқты ерекшеліктері табиғаттың бізге берген бірегей, теңдесі жоқ сыйлығы. Шығыс Қазақстан өңірін экономиканың дамуына арнап жаратылған өңір деуге болады, себебі ол - қылқан жапырақты құрлысының барлық элементеріне бай кеніштері бар өлке.


      Алайда, бұл қазына адамдар үшін өз есігін оңайлықпен айқара аша қоймады. Өлке баяу игерілді. Тек 1720 жылы әскер күшімен Ертіс өзені бойында Усть-Каменный қамалының салынуымен кең көлемді таулы өлкені зерттеубасталды. 18 ғасырдың аяғына дейін зерттеу жұмыстарының басты бағыты алтын мен күміс өндіріу көздерін іздеу болып келді. Қопарылған кенді  қарттар мен балалар балғамен соғып ұсатып, алтын мен күмісті іріктеді. Осындай жолмен байытылған алтын атқа артылып, шалғайдағы Змеиногрск пен Барнаул қалаларына жөнелтіліп  отырылды. Жер шалғайлығы күн сайын көптеп өндіріліп келе жатқан кенді тасудың шығындылығын көрсете бастады. 1816 жылы Филипповқа шулы өзенінің жанында қарапайым, екі пештен тұратын түсті металургиясының негізі қаланып еді. Алғашқы зерттеуді офицер Шестаковтың жетекшілігімен шеберлер Василий Зеленцов пен Иван Горбунов жүргізген болатын.
      Адам өледі, адамның ісі өлмейді деген халықта сөз бар. Қанша адам өмірге келіп, қанша адам өмірден қайтканымен міне үшінші ғасыр бойы кен байыту, металургия өнеркәсібі жалғасын табуда. Қандай ағыны сарқыраған  өзен болмасын, қандай қоры бай кеніш болмасын, сылдырай аққан өз бастаулары, жалтыраған тас болып  табылған кен көзі бар. Осы іспеттес бүгінгі түсті металургия да Политов, Риддер, Зырянов, Зеленцов, Горбунов, Шестаков сынды тұлғалардың қажырлы ізденісі мен табанды еңбегінің жемісінен бастау алған еді. Қаламыздың  көрнекті бір алаңынан осы ұлы  тұлғаларға  арналып ескерткіш қойылар деген ой көңілге үміт ұялатады.
      1846 жылы мұнда бүгінгі Қазақстан аумағында  алғаш рет Павел Ярославцевтің жобасымен салынған  байыту фабрикасы іске қосылды. Бірақ кенді бұл жерге жеткізу аса көп шығынды қажет етті. Тасмалдау шығыны мен қиындығын жеңілдету мақсатында, инженер Кузьма Фролов пен оның ұлы Петр фабрикаға  рельсті жол тартуды ұсынды. Көп ұзамай олардың жобасы бойынша шахтадан фабрикаға  дейін тартылған темір жол шығынды азайтып, еңбек өнімділігін  арттыруға жол ашты. Тау-кен ісіндегі Риддер кенішінің өзіндік салмағы жылдан-жылға  ұлғая тұсті. 1786-1844 жылдарда шахта 12 миллионнан астам пұт қорғасын кен берсе, оның 810 пұты таза күміс, 5 мың пұты алтын, милионнан астам қорғасын еді.
      Бірақ, 19 ғасырдың екінші жартысында тау-кен өнеркәсібінің дамуы тоқталып қалды. Оған мақсатқа жеткізерлік  жоба мен озық технологияның  жоқтығы себеп болды. Жаңа шетелдік  құрал-жабдық алуға қаржы болмады. Өндірістің дамуына инвистиция қажет болды. Бұл кез Алтай кеніштеріне өз күшін салуға дайын шетел капиталының да біздің елдің есігін қаға бастаған кезі еді.
      Патша үкіметі кен орындарын Еуропаның өнеркәсіпті және қаржылы компанияларына беруге мәжбүр болды. Алайда жер шалғайлы, жолсыздық, жердің аз зерттелуі шетелдік кәсіпкерлерге де аз қиындық тудырған жоқ. Зырян кен орнының тығырыққа тірелген жағдайы Венгрия компаниясымен байланыс жасау қажеттігін туғызды. Бірақ химиялық өңдеуге негізделген  венгрлер әдісінің де тығырықтан шығар жол табуға қабілеті жетпеді. Сондықтан, патша отбасы кеншті меншікке  беру туралы шешім қабылдады. 1895 жылы француз капиталының күшімен «Зырян тау өндірістік қоғамы» құрылды. Бұл жолы кенішті өркендетуге білек сыбанып кіріскен француздардың еңбегі жемісті нәтеже әкелердей болып еді, еріген қар суының тасқыны бұзған су қоймасымен бірге жылт еткен үміт оты да өшті.
      Бірақ, полиметал кенінің қазынасына қызығушылар саны азайған жоқ. 1905 жылы Зырянға Австралия алтын өндірушілері келе бастады. Дегенмен, олар француздардай  қаржы шығаруға асықпады.
      1914 жылы басталған Бірінші дүние жүзілік соғыс қоғасынға деген сұранысты күрт көтеріп жіберді. Осыны пайдаланып, Ридерге ие болып отырған ағылшын кәсіпкері, әрі қаржыгер, Лесли Уркарт металл өндірісінің бірқалыпты жұмысын жолға қоя білді. Ағылшын капиталы Алтайда жирмасыншы жылдардың басына дейін жұмсалды. 1921 жылы, В.И.Лениннің ұсынысы бойынша, Уркарттың қарамағындағы кен орындары мемлекет қарамағына алынды.
      20-30 жылдары эконмикалық қиындықтарға қарамастан металургия өндірісі жандана түсті. Жергілікті инженерлердің күшімен салынған электролит  зауыты 1923 жылдың шілдесінде алғашқы өнімін бере бастады. Ізінше мырыш зауыты да іске қосылды.
      1925 жыл еліміздің түсті металургиясының бетбұрыс кезеңі болды. Үкімет шешімімен Қазақстан мен Кеңес Одағының  аса ірі өндірістік бірлестігі болып табылатын «Алтайполиметалл» Алтай-Қазақстан өнеркәсібінің мемлекеттік жалпыодақтық тресі құрылды.
 Жирмасыншы жылдардың соңындағы «Лена-Голдфилдс» акционерлік қоғамының қарамағында қалған Зырян кенішінің алдағы тағдыры бұлыңғыр еді. 1930 жылдары келісімінің негізгі шарттарын орындамауы себепті шарт бұзылды. Осыдан екі жарым жылдан кейін зыряндықтар Зырян комбинатын өз күштерімен іске қосты. Бірақ өндірістің қарқынды дамуына электр қуатының жоқтығы қол байлау бола берді. Осыған шешім болар деген оймен инженерлер Түрғысын асау өзенін ауыздықтауды  ойластырды. 1936 жылдан бастап Тұрғысын СЭС-ы Зырянды электр қуатымен қамтамасыз ете бастады.
      1928-1938 жылдары бүкіл Риддер полиметалл, Зырян қорғасын комбинаттары мен Ертіс мыс балқыту зауыттары түбегейлі қайта құрудан өтті. 1939 жылы Өскемен мен СЭС-ының құрлысы басталды. 1941 жылы электр қуатын өндіретін, кен орындарын зерттейтін, шахталар мен басқа да жер асты құрлыстары, кенді өніріу мен байыту, металл балқытудан тұратын тұйық аса маңызды технологиялық цикл жолға қойылды.
      1941 жылдың жазы еліміз бойынша, оның ішінде Шығыс Қазақстан кәсіпорындары үшін де, талай бастамаға бөгет болды. Қорғаныс өнеркәсібі үшін обылысымыздың кәсіпорындары өнімдерінің маңызы аса зор болды. Соғыс майдан даласына айналды. Станоктар мен флотомашиналарға жеткіншектер ие болса, шахталарда әйелдер  ерлердің жоғын білдірмеді. Еліміздің 107 кәсіпорының құрал-жабдықты Қазақстан жеріне әкеліп жауға қарсы жұмсалатын түсті және сирек кездесетін металл өндірістеріне пайдаланылады. Республикамыз аса күшті өнеркісіпті елге айналды. Бүкіл Одақ береген 25 аса бағалы стратегиялық маңызды  шикізаттың жирмасы Қазақстан жерінде өндірілді оның қомақты бөлігін біздің обылысымыз берген болатын.
      1942 жылы кен басқармасының директоры Дінмұхамед Қонаев жедел екі ай көлемінде снаряд өнірісін жолға қою туралы тапсырма алды. Бұл тасырманың жауапты жұмысын механикалық цехтың бастығы Владимир Васильевич Бухмеер басқарды. Дәл 60 сөткеден кеін  майданға снарядтардың алғашқы легі жөнетілді.
       1942 жылдың қаңтарының 26-нан 27-не қараған түні Сокольный кеншінің бұрғышысы Нина Давыденко бес перфоратормен 195 тонна руданы бұрғылап, норманы 2360 пайызға орындағаны аңызға айналған оқиға болды. Еңбек қарқыны бейбіт  кезде де сақталды. Жарты ғасыр уақытта біздің индустриямыздың алыбы Өскемен қорғасын мырыш комбинаты өсіп жетілді. Бұл зауыттың құрлысы 1942 жылы Кавказдан эвакуацияланған «Электроцинк» зауытынан келген құрал-жабдықтар негізінде басталған еді.
       1947 жылы зауыт алғашқы қазақстандық мырыш бере бастаған. Бұдан біраз уақыттан соң кадмий шығарылса, ал 1951 жылы өнімдер қатарына мырыш тотығы мен клинкекер қосылды. Кәсіпорын өндірісіне енгізілген жаңа технология қалдықсыз өндірісті жолға қоюға мүнкіндік ашты.
       Бүкіл еліміздің металургтері Өскемен ҚМҚ-на (СЦК) шикізатты жан-жақты қолдану тәжірбесін қабылдау мақсаты келіп жатты.
       80 жылдары қорғасын зауыты бүкіл әлемге жоғары сапасымен әгілі болған КИВЦЭТ-ЦС маркалы қорғасын өндіре бастады. Бұл жетістік шетелдік әріптестерді таңғалдырмай қоймады. Жаңалық Италия, Канада, Германия, Жапония, Австралия, Корея, Швеция, Франция, Финляндия, Қытай елдерінде патент алды.
       Ғылыми-техникалық күш шоғырланған обылысымыз әлем бойынша озық технология  үлгісі бола білді.  Біздің ғалымдарымыз  бен металургтеріміз шетелдік әріптестер жетістіктерін көп көрсеткіштерден басып озды.
       Комбинатта ондірілетін түсті металл құймалары 50-ден астам халықаралық көрмелерде оның ішінде Жапония, Бразилия, Италия, Франция, Канада, Швеция сияқты елдердің білгір металург-мамандарының таңдайын қақтырды. Лондон биржасында тазалығымен аты шыққан біздің мырышымыз эталон болып танылды. Ежелден мырыш өндіріп келе жатқан ағылшындар өз өнімдерін шетке шығарып өндіріске шығысқазақстандық мырышты пайдалануының өзі көп жайды аңғартпай ма?! Ағылшындардан басқа біздің металымызды әлемнің 35 елі сатып алады.
 Өскемен қорғасын мырыш комбинаты электролиз цехының талантты механигі Иван Котов жасаған карусельді құю машинасының үлгісі шетел мамандарының көңілінен шықты. Мырыш құюдың қәуіпті де қатерлі процесін жеңілдетіу талай инженерлер мен бүтін бір конструкторлық бюроға оңай түспеп еді, Еуропа мен Американың  баспасөзінде «Солақай», «Орыс Иваны» деген атқа ие болған Иван Котовтың процесті оңайлатуы мен жетілдіруі аты шулы оқиғаға айналды. Комбинат талай тамаша мамандар дарынды басшылар, шебер өнертапқыштар, өз ісінен қуат алған жұмысшыларды жұлдыздай шоғырландырған орта болды. Мұнда қоян-қолтық әр ұлт өкілдері: армиян А.Вартанян, еврейлер Б.Рудман мен БЧерноловский, қазақтар С. Тәкежанов, пен А.Күленов, украйындықтар Д.Онищенко мен П.Донченко, орыстар И.Воронин мен Г.Клюев, неіс П.Миллер, татар В.Насыровтар еңбек етуде.
       Нарық экономикасын ендіру жағдайында, металургия саласының жұмысын тиімді жолға қою мақсатында, 1997 жылдың қаңтарында Зырян, Лениногор, Өскемен, Текелі комбинаттары, Бұқтырма мен Текелі СЭС-тері Лениногор  жөндеу механика зауыттары шоғырландырылып, президент Г.Г.Штойктың басшылығымен «Қазақмырыш» ашық акционерлік қоғамы құрылды. Бүгінгі «Қазақмырыш» ААҚ-кен өндіру, өңдеу, металл менэлектр қуатын өніріу салаларының әлемдік металургия тәжірбесінде сирек кездесетін алыбы болып отыр. «Қазақмырыш» 50 мердігерлік кәсіпорынды байланыстырып, 25 мың жұмысшы мен мамандарға жұмыс беріп отырған кәсіпорын. Мүндай ірі кәсіпорынның аяғынан тік тұрып кетіу үшін үш жылдай уақыт көп емес. Алайда, «Қазақмырыш» аяғынан тік тұрып қана кеткен жоқ, жүрісін нық, мықты кәсіпорынның біріне айналды.. Бірлестік қайта құру тудырған дағдарыстың қатаң қысымынан тез шығып, президент Н.Попович пен директорлар Кеңесінің төрағасы Г.Зильбербергтің  басшылығымен тұрақты жұмыс қарқыны жолға қоя білді.
      2000 жылдың жетістіктерін мына деректерден көруге болады: 1996 жылмен салыстырғанда мырыш өңдеу 55, қорғасын 136, мыс 71, алтын 125, күміс 418,  пайызға өсті. Тек 2000 жылы ғана, алты мыңға жуық алтын өндірілді. Мырыштың жылдық өнімі 240 мың тоннадан асып түсті. Республика бюжетіне 2000 жылы бірлестік 70 миллион доллордан астам қаржы аударды.
        Мұндай орасан қарқынның себебі не? Ең бірінші дер кезінде қолданған инвистицияның арқасы. «Қазақмырыш» ААҚ-ның айналымында, тұрақты түрде Швецариялық фирма  «Гленкор Интернэшлдің» 100 миллион доллар ақшасы істеуде. Тек Малеевск  кенішінің құрлысына фирма 65 миллион доллор қаржы бөлді. Жаңа техникамен жабдықталған кеніш «Қазақмырыш» ААҚ-на құрамы металға өте бай шикізат беріп отыр.
      Путинцовоға жақын жердегі тау астында 36 миллион  тоннадан астам кен қоры жатыр. Қарқынды түрде пайдаланған күнде, бұл қойнауды 20 жыл бойы пайдалануға болады.
      Бүгінде облыс эконмикасы жаңа өрлеу үстінде. Кенді Алтайдағы тұйық біртұтас тау-металургия жүйесінің құрлысы аяқталды деуге болады. Обылыстың гидроэнергетикалық қоры, талантты мамандары бай ғылыми базасы осының бәрі сырттан әкелетін шикізатпен жұмыс істейтін өнеркәсіптің дамуына жол ашатын себептер. Атом отын шығару, титан, магни, ниобий, конденцатор, шахталар мен байыту фабрикаларына арналған машиналар жасау обылысымыздың бай индустриялық шаруашылықтары. Атом болашақ отыны, ол туралы сұрапыл соғыс жылдарында санаулы ғана ғалымдар білген еді. Ұзақ уақыт бойы Үлбі металургия зауыты мен Өскемен қорғасын-мырыш комбинатын «№10 пошта» деп атап келген болатын.
       Өскемендегі «№2 зауыттың» құрлысы туралы шешім 1947 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданды. 1949 жылдың 29 қазанында кәсіпорын алғашқы өнім-торий оксалатын  бере бастады. 1951 жылдың қаңтарында 23 пайызды балқыту қышқылы, содан екі айдан кейін Одақ юойынша берилий өндірісінің басы болып саналатын өнеркәсіптік денгейдегі гидролксид пен  берилий  оксиді шығарылады. Сол кездегі құпия зауыт осылайша дами бастаған еді. Бүгінде «ҮМЗ» ААҚ күрделі техникалық жақсы жабдықталған, бейбіт Қазақстан Республикасының туын желбіреткен жаңа кәсіпорын. Мүнда атом станцияларына арналған  отын сирек кездесетін тантал, берилий, сияқты металдар өндіріледі.  Әлемдік нарықта жоғарғы сұранысқа ие болған берилий лигатурасы мен берилий қоласы да осы «ҮМЗ» ААҚ-да өндіріледі. Титан аты теңдесі жоқ, таңғажайып метал адамзат үшін қол жетпейтін зат болатын. Қасиетті Шығыс Қазақстан жерінде 1964 жылы титан мен магни өндіріле бастады. Титан өте ерекше химиялық элемент. Көміртекпен қосылған титан аса мықты титан карбиді деп аталады , 1660-3140 градус қызуға шыдамды қопа береді. Титан ең алдымен авияция өнірісі, зымыран, ғарыш техникасында пайдаланады.
      Нарықтық экономикасы ала келген ауыртпалықтар титан-магни комьинатында  ауыр сын болды. Өткелде ат ауыстыруға тура келді. Бұрынғы шикізат көздерімен байланыс үзіліп қалғандықтан, тіпті сонау Африка, Латын Америкасы, Австралия елдерінен шикізат әкелген кездерде болған. Жаман айтпай жақсы жоқ демекші, бұл жайдың жақсы жері комьинаттың жаңа шикі зат әкелген кездерде болды. Іскер де, табанды басшы Бағдат Шаяхметовтың басшылығымен комбинаттың тасы өрге  домалап жөнелді. Әріптес инвестициялық «Спешиналти Металз Компани» белгиялық фирмамен  баиланыс комбинатқадамын нығайта түсті. 90 жылдардың екінші жартысында бірнеше халықаралық беделі өте жоғары  фирмалармен  ондаған жылдарға шарттар жасалды. Жапондықтармен Көкпекті ойпатынаншикі зат көзін  іздеуге арналған зерттеу жұмыстарын  жүргізіу туралы шартқа қол қойылды Әріптес Белгия фирмасымен Бектемір кен  орнын зертеуге жарты миллионнан астам қаржы жұмсалды.Шығыс Қазақстан титан теңіз платформаларына бұрғылау  қондырғыларына  Қазақстанда дамып келеді, мұнай-газ саласыда дамыу үстінде. Ат терлетіп алыстан тасыған шикізат өзімізде бар болып шықты. Олар Бектемір кеніші Көкпектіде. Бұл бірнеше рет жомарт Алтай қойнауында дәл керек кезде ашып тығырықтан табылған жол болды. «Қазақмыс» корпорациясының құрамына кірген Шығыс Қазақстан мыс химия комбинатының «Ертіс мыс балқыту зауыты» сияқты Шығыс Қазақстан кәсіпорындарының да Қазақстан эконмикасын дамытудағы күттіретін үміттері мол. «Қазақмыс» пен ірі акционер ретінде корпарация құрамына кіріп отырған «Самсунг» фирмасының қолдауымен жаңа Артемьевск кешенінде Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинатының болашағын анықтайтын маңызды жұмыстар жұргізілуде.
       Сирек кездесетін металдар шығаратын Ертіс химия металургия зауыты да өрлеу үстінде. Бұл ұжымға кезінде метал емес жоғары сапалы ниобий өндірісі даңқ әкелген болатын. Бірінші жылдар бойы оның өндірісі тоқтап тұрған. Міне, 2000 жылы өндіріс қайта жолға қойылып мамандар негізінде өндірілетін лантан, тағы басқа өнімдерді әлемнің барлық жерінде көруге боады. Кенді Алтай әлемге танымал болып танымал метал шығаруда. Біздің обылысымызда өндірілетін металдар Қазақстан Республикасының  тәжінде асыл тастай жарқырауы кімнің болса да көңіліне мақтаныш ұялатады. Осының бәрі - табиғаттың шексіз байлығына ие бола білген адамдардың шебер қолдарының терең ойларының, таусылмас талант пен қажырлы қайраттың, табанды еңбектердің  жемісі!
      Иә, біздің тамаша табиғатты әсем де асқақ тауларымыздың адам жанына тигізетін әсері көп. Алтайдың асқар таулары сыйлаған ыстық сезім  шығысқазақстандықтарды ірі зауыттар, әсем қалалар салуға, жерімізге табиғаттың берген сыйы болып табылған метал өндіретін тау-метаургия мен энергетикалық кешенін  дамытуға , теңдесі жоқ саф асылдың бар қырларын ашуға жігерлендіреді.
      Уақыт жаңа мыңжылдықтың бетін ашты. Біз бір кездегі Фока Политов пен сол сияқты жүздеген кен іздеушілер сияқты жаңа ізденістер мен жаңа жетістіктерге ұмтылудамыз. Шығысқазақстандықтар осындай тынымсыз адамдар. Егер тағдыр жазып, тағы да алтын жылғаға кез болсақ, Жер-Анаға бас иеміз. Мыңда бір рахмет саған, қасиетті туған жер.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.  Мен өлкемді зерттеймін: шығармашылық жұмыстар жинағы. – Өскемен: Орталық қалалық кітапхана, 2010.