Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Аймақтың компонент

Сағыр өзенінің жағалауында кездесетін ағаш тектес өсімдіктерді биология сабақтарында оқып тану

Жемісқан Ардақ, «А.С. Пушкин атындағы орта мектебі» КММ-нің биология пәнінің мұғалімі, Ұлан ауданы

Жаксылыкова Гульмира Идришевна, Өскемен қ., «Өрлеу» БАҰО» АҚ ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың аға оқытушысы.

Еліміздің әлеуметтік, саяси және экономикалық өміріндегі болып жатқан өзгерістер, мектепте оқытылатын пәндердің мазмұнына да әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасының жаңа білім беру саясатының негізінде аймақтық компонент білім мазмұнын құрамды бір бөлігі болып табылады. Сондықтан оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыруда жергілікті, бала күндерінен таныс өсімдіктердің мысалында сабақтарды жүргізу үлкен нәтиже берері хақ.

Подробнее...

Қыр қызғалдағы

Еңсебаева Шынар Мұратбекқызы, Шығыс Қазақстан өнер музейінің "Экспозициялық көрме" секторының маманы, Өскемен қаласы

Кескіндеме өнері - дүниені көркем бейнені қабылдау, оны тану және дербес-эмоционалды жаңғырту құралы. Кескіндеме  өнерімен араласу- адаммен араласу. Шынайы  өмірді көркем түрде, типтік  бейнеде көрсету арқылы кескіндеме өнері, көркрменге әлем жайлы түсінік береді және  содан саналы қарым-қатынасты қалыптастырады.

Қылқалам шебері Бекбердинова Гүлнар Миғражқызының туындылар тереңдігі әртүрлі. Суретшімен байланыста  рухани баю процесі жүреді әрі ол  процесс ерекше құнды: эстетикалық талғам артып, өзін-өзі тануға ұмтылыс жасайды. Бейнелеп айтқанда, көрермен полотнодан өз әлемін көреді. Көркем туындыны эстетикалық қабылдауды айрықша қызмет түрі бар: санада автордың өз шығармасында жасаған көркем  бейнесі қалыптасады.

Подробнее...

Математиканы оқытуда аймақтық компоненттерді қолдану

Узбеханова М.Ы., «К.Кадыржанов атындағы Қызылқия ЖББОМ» КММ
Апселемова Г.Д., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ 

Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымдық көзқарасын өзгертетін қозғаушы күш.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы бойынша ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, дерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ұлттық мәдениетті сақтай отырып жаңғыру және ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту қажет екенін түсіну керек. «Туған жер» бағдарламасы арқылы әрбір адамның жүрегінде кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, туған жеріне деген сүйіспеншілік, құрмет болмайынша – Отан деген ұлы ұғымға адал қызмет ету, жан дүниесімен сүю мүмкін емес.

Подробнее...

Туған жер атауларының шығу тарихы

 Нургалиев Рауан Еримбекович, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы
Тумабаева Гүлсім Сәлімқызы, «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нің география пәні мұғалімі, Үржар ауданы

    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызын және қазірдің өзінде оқушыларға пән бойынша мектепте қажетті инновациялық курстар жоқ екендігін атап көрсетіп, өскелең ұрпаққа туған жерге деген махаббаты, елжандылығы мен отаншылдық қасиеттерін арттыру мақсатын міндеттеді. Туған жер туралы оқушылардың зерттеу жұмыстарын өлкетану мәселесіне арнап, география пәндері негізінде табиғат ерекшеліктері тереңірек түсіндіріліп, туған өлкенің табиғатын қорғау және туған жер Үржар ауданының жер-су аттарының аталу тарихын зерттеу.

Подробнее...

Қазыналы өлке

Алмабек Ашимбек,  «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ-нің тарих және география пәні мұғалімі, Өскемен қаласы
Нургалиев Р.Е., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ-дың аға оқытушысы, тренер

  «Адамдардың өмірі,  әлеуметтік сала, мемлекеттің күші - осының бәрі экономиканың жағдайына байланысты»  
Н.Назарбаев

      1749 жыл өтіп жатты. Уба маңында Фока Политов тапқан мыс кен көзінің болашағы болып шықты. Қазір олар Николаевский және Павловский кен қойнауы  ретінде белгілі.
       Бұрынырақ Алтайдың солтүстік-батыс бөлігіндегі полиметалл кенінің аздаған қорын өнеркәсіпші Демидов пайдаланған екен, ал негізгі қазына көзі біздің жерде, яғни, Үлбі, Бұқтырма, Уба өзендерінің маңында орналасқан болып шықты. Алайда, есепсіз мол қазына көп жылдар бойы пайдаланылмай жатты. Дегенмен, ежелгі аңшылар осыдан төрт жүз жыл бұрын жеңіл балқитын металдардан кәсіпкершілік құралдар жасай білген тарихтан белгілі. Оған қола ғасырдағы найза мысал бола алады. Бірақ, көшпенді халық иесіз тастап кетуі салдарынан бұл өлкені адам аяғы баспағанына мыңдаған жылдар өтеді. Тек 17-18 ғасырда ғана таулы жазық қайтадан жанданып, тіпті игеріле бастады.
       Шығысқазақстандықтар үшін Ф. Политовтың Николаев пен Павлов кенішін ашуы үлкен бетбұрысты, тарихи маңызды оқиға болып саналады. Осы бір тынымсыз адам жер асты патшалығының алтын, күміс, мыс тағы басқа асыл қазбаларының есігін адамдар үшін аша білді.
     Фока Политовтан соң тағдыр ұзақ та қатерге мол ізденісі үшін Герасим Зыряновқа қомақты сый сыйлайды. Бұқтырма жазығында орналасқан кен орнынан ол саф алтынның табиғи құймасын тапты. Сол кезде ол білді ме десеңші, осы кесектен Шығыс Қазақстан кен байыту кешенінің тарихы бастау аларын!
     Алғашқы кен көзін ашушылардың құрметті тізіміне Федор Белоусовтың, Павел Крюковтың, Иван Заводиннің, Малеевтің есімдері кіреді. Тау кеңесшісі Филипп Ридердің де кен көзін ашуда жолы болды. Оның 1786 жылдың 31 мамырында, Троицын күні жіберген экспедициясы Филипповқа өзені маңынан кен көзінің табылуы туралы жақсы хабардың жаршысы болды. Осылайша, Оңтүстік Алтайдың тау-кен өнеркәсібінің бастауы басталып, әр ашылу сайын республика түсті метаургия алыптарының аумағы кеңейе түскен еді. Біздің өлкеміздің географиялық және кен қорының байлығы сияқты ерекшеліктері табиғаттың бізге берген бірегей, теңдесі жоқ сыйлығы. Шығыс Қазақстан өңірін экономиканың дамуына арнап жаратылған өңір деуге болады, себебі ол - қылқан жапырақты құрлысының барлық элементеріне бай кеніштері бар өлке.

Подробнее...