Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан

Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан

Ерболатұлы Санжар, «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-нің 2 «Б» сынып оқушысы, Тарбағатай ауданы

Абай – қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы іспеттес. Атамыздың бізге қалдырған бай мұрасы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге беріп,рухани азық болып келеді. Біз, қазір жаңа технологиялардың қарыштап дамып жатқан кезде өмір сүріп жатырмыз.Ақпараттар өте көп. Оның бәрі қолжетімді,яғни кез келген жерден қарап, іздеген нәрсеңді тауып алуға болады. «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен өзады»,- деп атамыз айтқандай, білімге, оқуға көп көңіл бөлуіміз керек. Абай атамыз бізді әлемге танытып отыр, шығармалары бірнеше тілге аударылған.

 

Біз, ХХІ ғасырдың жас ұрпағымыз, болашағымыз. Оқу-білім жолында Абай атамыздың шығармалары бізге тәлім-тәрбие беріп, білімге деген құштарлығымызды арттыруда. Атамыз қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді болуға шақырды. Елбасымыз бір сөзінде « Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырлары ашылып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай атамыз өз халқымен мәңгі жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқақ асуларға шақыра береді»,- деп айтқан болатын. Осыдан-ақ атамыздың қай заманда да ұмытылмайтындығын байқауға болады. Ақын «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп толғап, еліне жанашырлық білдірген. Абай атамыз жақсы мен жаман, надандық пен оқу-білім, ар-ұят туралы шығармалары бар. Өнер, білім, ғылым үйреніп қана қоймай, сол алған білімді қалай керегіне пайдалануды да айтып өткен.

Біз сыныбымызда атамыздың «Қыс», «Күз», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба», өлеңдерін және Бала Абай, бала Абай және Барлас ақын сынды әңгімелерін оқыдық.

Ақынның бай мұрасы арқылы ХХІ ғасырдың өскелең ұрпағының бойында адамгершілік қасиетпен қатар ғылымға деген құштарлығы қалыптасып келеді. Атамыз ел-жұртты түрлі өнер игеруге баулыды. Жалқау болмай, еңбек етуге, ешкімге қиянат жасамай адал болуға, жаман әдеттерден аулақ бол деп айтты.