Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Семейдің кілті – Абай, есігі – Алаш

Семейдің кілті – Абай, есігі – Алаш

Архатұлы Бекзат, «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-нің 2 «Б» сынып оқушысы, Тарбағатай ауданы

Мен, Алаш елінің көк туының астында өсіп келе жатқаныма өте қуаныштымын. Мен ең алдымен мектеп қабырғасында жүргенімді мақтанышпен айтамын. Өйткені, мен мектепке келгелі Алаш деген атауды терең тани түстім. Біздің Отанымызды одан ары сүйе түстім. Осындай ұлан-ғайыр жерімізді қорғаған батырларымызды, тарихымызды бізге жеткізген ғалымдарымыз бен ақындарымызды таныдық. Бәрі бізге білім беріп жүрген мұғалімдеріміздің еңбегі. Сол ақындарымыздың ішіндегі данасы, дарасы, ұлы ақын - Абай Құнанбайұлы.

 

Абай атамыздың біздің өңірде туып өскені осы қызығушылығымды арттыра түсті. Абай атамыз мен үшін Семей қаласының ғана емес, барша еліміздің кілті деп білемін. Барша адамның көңілінің кілті. Ойларға жетелейді, бәрін түсінуге шақырады. Сыныптастарымның барлығы оқығанын қалаймын. Ол үшін өзім бәрін оқып алуым керек. Сонда бәрін қызықтырып әңгіме айтып беремін. Қызыққан соң олар да өлең, әңгіме оқиды деп ойлаймын. Осы қызығушылығым Абай атамыздың өлеңдерін оқығаннан басталды десем қате айтпаймын. Абай атамыз барша Алаштың мақтанышы, Алаш елінің есігі.

Алғаш мектепалды даярлық тобында жүргенімде «Қыс» деген өлеңін жаттадым. Өлеңді жаттауда ақ киімді, денелі, ақ сақалды – деп басталады ғой, бейне бір суық, ызғарлы қыста қалып қойғандай сезіндім. Жыл мезгілдеріне арналған барлық өлеңдерін жатқа білемін. Жақында qalamger.kz әдеби-танымдық порталы ұйымдастырған І Республикалық «Абай оқуларына» қатыстым. Онда атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айттым. Сыныбымызда Абай өлеңдерін жатқа білмейтін оқушы кемде кем. Мектебімізде де әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сол шаралардың бәріне қатысам деген ойым бар. Мен екі қарасөзін оқып үлгердім. Алтыншы,жетінші қарасөздерін оқыдым. Алтыншы сөзінде бірлік жайлы айтқанын ұқтым. Оқи отырып өзімнің зудыратып оқып шыққаныма мәз болдым. Бірақ мұғалімім «өскен сайын оқысаң, қарасөздерінің мәнін терең түсінесің»,- дейді. Ауылды жерде тұрамын ғой, «Бала Абай мен Барлас ақын» деген үзіндіні оқып отырып, өзімнің ерке қылықтарым есіме түсті.

Ол есікке барлық адамның кіргенін қалаймын. Мен өзім қазір алғашқы баспалдағындамын. Алдағы уақытта ең жоғарғы сатысына шығамын деп білемін. Ол үшін маған Абай атамыздың ақылы мен ұстаздарымыздың көмегі керек. Сонда мен мықты боламын. Мен мықты болсам Алаш елінің мақтанышы боламын. Одан асқан қуаныш болмас еді.