+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Өзін-өзі тану

Жалпы адамзаттық құндылықтар – рухани дамудың көзі

Алмабаева Айгерим Нурлановна, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының «Өзін-өзі тану» пәнінің әдіскері, Шығыс Қазақстан облысы Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. Адам өмірінің

Read More »

Ұстаз, мені шығармашылыққа шабытта!

Аубакирова Бахыткуль Кайрбековна, «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің өзін-өзі тану пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы

«Бала жүрегі – кішкентай күй сандық.

Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.

Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек»

Мұқтар Шаханов

Иә, әр баланың жүрегіндегі күй сандыққа үңіліп, сол сандықтың өз кілтін тауып ашып, балаға шығармашылық шабыт беру әр ұстаздың ең басты міндеті деп ойлаймын.

Мұғалімдердің өз білімін үздіксіз жетілдіру, шығармашылығын арттырып отырудың қажеттілігі туралы К.Д.Ушинский өзінің мынадай ойы арқылы нақты жеткізеді: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады».

Read More »

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ, ӨМІРДІ ТАНУ

Ахметжанова Г.Р., Заки Ахметов атындағы №16 орта  мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен қ.

Батырқанова М.З., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ МжТ бөлімінің бас маманы

Read More »

Өзін-өзі тану – шабыт пен шығармашылық мекені

 Мурсалимова Сания Мұратбекқызы, «Қ.Төлеубеков атындағы орта мектебі» КММ, Үржар ауданы

Өмір деген тұрмайды: қап-қарадан
 Өмір деген тұрады: ақ-қарадан!
 Ақ-Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам! – деп, ақын Ш.Сариев жырлағандай, осы бір қиын-қыстауы мен қуаныш-қызығы қатар жүретін дүниеде жаны таза, жылы жүректі, ақ ниетті, өмірге құштар, қайсар, ізгі қарым-қатынасты адал адамдар ғана өмірдің мәнін түсініп, аңсаған арманына қол жеткізеді.
Мен – ұстазбын. Ежелгі даналар айтқандай «Жаратушыдан берілген бір ғана мамандық бар, ол – ұстаздық, ал қалған мамандықтардың бәрі – ұстаздан» демекші, ұстаздың биік мақсаты – білім нәрімен терең сусындаған ұрпақты ғана емес, рухани-адамгершілік жағынан дамыған, кез-келген жағдайда мойымай, түңілмей, өмірде саналы іскерілік пен күш-жігер танытып, асқақ армандарына қол жеткізе алатын жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу. 

Read More »

Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінің негізі

Зайсанбаева Гульнар Нигметовна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО БАИ деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі
Шакиртова Маржан Сериккановна, «№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ-нің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі, Семей қаласы

Қазіргі таңда мектептің педагогикалық үдерісін ізгілендіру, оқу мен тәрбиеге рухани-адамгершілік білімді интеграциялау маңызды мәселе болып табылады. Рухани-адамгершілік – адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды. Ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық және қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез-келген адам осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адам нағыз білімді адам деп айтуға болады. Осы бағытты басшылыққа ала отырып, Семей қаласының «№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» ұжымында «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» ұзақ мерзімді  біліктілікті арттыру курсының аясында мұғалімдермен әдістемелік семинар ұйымдастырып өткізілді.

Read More »

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани-адамгершілік білім беру сабақтарынан

Адильханова Гульназ Ертаевна, «№23 ЖОБММ» КММ «өзін-өзі тану» пәні мұғалімі, Семей қаласы
Зайсанбаева Гульнар Нигметова, «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасының тренері

 «Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани-адамгершілік білім беру сабақтарында оқушылардың ішкі білімін дамыту маңызды болып табылады.Сыртқы әлемді тануда жас жеткіншектің өмір сүруде қиындықтарға төтеп бере алатындай жақсы қасиеттердің дамуысабақ барысында жүзеге асырылады. Оны дамытудың өзіндік әдіс-тәсілдері де бар. Сіздердің назарларыңызға, «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» ұзақ иерзімді біліктілікті арттыру курстарында өткен сабақтардың бірін ұсынмыз. Сабақ жоспарлауда қойылған мақсатқа сай оқушылардың ішкі білімін дамыту мәселесіне талдау жасаймыз. Сабақ Семей қаласының «23 ЖОБММ» мекемесінде, 10-сынып оқушыларымен өткізілген.

Read More »

Рухани-адамгершілік білім – заман талабы

Чокубаева Маржан Куанышпековна,  «Ахмер орта мектебі» КММ-нің педагог-психологі,  Өскемен қаласы

  ««Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде,  адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз  процесі болып табылады».
Назарбаева Сара Алпысқызы

     Адамзат тарихы өзін-өзі жетілдіру үстінде үздіксіз еңбектер атқара келе, тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, көк байрақ астында дамушы елдер қатарын толықтырушы мемлекет болып, барынша еңбектер атқарып жатырмыз.  Ал,тәуелсіз елімнің, тәуелсіз ұрпағы адам қалпын сақтап қалса, егемендігімізде шексіз ғұмырлы болатынына сенемін. Сол сенімді, адамилық қасиеттерді, ізгі ниеттерді, рухани-адамгершілікті ізбасар жастарымыз бен ұрпақтарымыздың санасына сіңіру ұстаздық етіп келе  жатқан мына біздерге берілген үлкен сый десем еш қателеспеспін.

Read More »

Жалпы адамзаттық құндылықтар – рухани дамудың көзі

Зайсанбаева Г.Н. «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша БАИ «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша тренер,
Ибраимова М.М., «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің «Өзін-өзі» тану пәні мұғалімі, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы

    Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерістер, біріншіден, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, екіншіден қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне бағытталған. Білім беру жүйесіне қарқынды енгізіліп жатқан білім беру мазмұнын жаңарту үдерістерінің басты мақсаты – білім алушылардың өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез – келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  жеке тұлғаны дамып-жетілдіру болып табылады. Осындай реформаларға негізделген Қазақстан білімі қоғамдағы барлық саланың жандануына, азаматтардың саналы әрекетінің сапасының артуына, адамның ішкі әлеуетінің жарыққа шығып, қоғамның қажеттілігін өз мүддесінен жоғары қоя білетін азаматтардың санының артуына ықпал етері сөзсіз.

Read More »

Жалпы адамзаттық құндылықтар – рухани дамудың көзі

 

 

 

Зайсанбаева Г.Н. «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша БАИ «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша тренер,
Ибраимова М.М.,
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің «Өзін-өзі» тану пәні мұғалімі, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы

    Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерістер, біріншіден, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, екіншіден қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне бағытталған. Білім беру жүйесіне қарқынды енгізіліп жатқан білім беру мазмұнын жаңарту үдерістерінің басты мақсаты – білім алушылардың өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез – келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  жеке тұлғаны дамып-жетілдіру болып табылады. Осындай реформаларға негізделген Қазақстан білімі қоғамдағы барлық саланың жандануына, азаматтардың саналы әрекетінің сапасының артуына, адамның ішкі әлеуетінің жарыққа шығып, қоғамның қажеттілігін өз мүддесінен жоғары қоя білетін азаматтардың санының артуына ықпал етері сөзсіз.

Read More »