+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Тырнақалды

Туған елім, мен сені жырлап өтем

Дандыгулов Бекзат Амансерикович, «Солоновка орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы

Туған елім, туған жерім,

Төріндесің жүрегімнің.

Күндіз-түні ойымдасың,

Төріндесің көңілімнің.

Read More »

Әр отбасында-өз кейіпкері

Дандыгулов Бекзат Амансерикович, «Солоновка орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы

Менің де бар жанұям,

Кіші Отаным, жүрегім.

Өмір сүруге, өсуге,

Қолтықтан демер тірегім.

Сол Отанымның батыры,

Туысбай деген атам ғой.

Read More »

Заманауи мектептегі жас маман-….

Исабаева Карлыгаш Каирбековна, «Предгорное орта мектеп-балабақша кешені»КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Егер өмір алтын болса, зергері –мұғалім,

Егер өмір теңіз болса, гауһары-мұғалім.

Егер өмір жүзік болса, көзі-мұғалім,

Егер өмір ақын болса, сөзі-мұғалім.

Өзгеріп жатқан алмағайып заманда білім саласына жаңартылған білім беру бағдарламасы тың өзгерістер әкелуде. Соған орай ұстаздарға деген заман сұранысы да артуда.

Read More »

Тәрбиеші болу бақыт

Досанова А.К., №4  «Балдәурен ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі, Семей қаласы

Менің әр күнім ерекше басталады. Неге десеңіз, мен балабақшаға барамын. Иә, иә, мен – балабақша тәрбиешісімін, өз жүрегімнің қалауымен таңдалған мамандықтың иесімін. Күн сайын балабақша ауласына кіріп келе жатып, өз-өзіме: «Айгуль Қайдарқызы, бақытты балалық шаққа қош келдіңіз!» – деп күлімдеп қана айта беремін. Бақыт деген осы емес пе, ештеңеге қарамастан жұмысқа қарай асығасыз, сізді еш күнәсіз, аңғал да сүйкімді, ойынға құмар, қуаныштан жүздері бал-бұл жайнаған бүлдіршіндер қоршап алады. Әрқайсы сізден мейірім мен ықыласты, жылулық пен қамқорлықты күтеді. Ал, сіз болсаңыз өз қиыншылықтарыңызды ұмытып, сол әлемге, бала әлеміне, тап боласыз.

Read More »

Алфавитте айтады елдің қамын

Булжанов Орал Рәбілұлы, Күршім ауылының бала-бақшасының музыка пәні муғалімі

Арнау айтсам ақындық сөзге жеңіл.

Ән айтып көтеремін кейде көңіл.

Болашақтың жүрегі бірлікте деп,

Вагондардай жүйіткіген мына өмір.

Read More »

Жаңа сөздерге құралған өлең

Булжанов Орал Рәбілұлы, Күршім ауылының бала-бақшасының музыка пәні муғалімі

(Компьютер, сотовый телефон, флешка, файл,инстаграм, ватцап, сканер, ламинат, терминал, банкомат, индрайвер такси, вайфай, интернет, баннер, онлайн,интерактивтік тақта, тугис, скайп, нотбуг, планшет, смартфон, сайт, ипотека, кредит, депозит, гарант, менталды математика, грант, билайн, актив, алтел ,электронный пошта, сим.карта, спутникті антена, инновация, навигатор,программист, хакер, киви кошелёк, инклюзивті балалар, банкоматтық карточка, твистер, юзби, ютуб, блютуз, гугл, фейзбуг, эмайл, самсунг, айпат, айфон,виши, шоплифтер, пин-код, селфи, мобил, лайк)

Жиырма бірінші ғасыр, сөздігіміз көбейді.

Көбейгенде бұл сөздік, біздің халық не дейді.

Жаңалықты құптаймыз, жаңа сөздер жаңаша,

Жақсылығын әкелсе, өмір өтер тамаша.

Read More »

Балалардың жарқын болашығы біздің қолымызда!

Смекенова Гулбану Турсынбековна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Міне, автобустан асыға үйге түсіп, мектепке қарай жүгіре ұшып келемін. Жерге жанай тиген аяқтарым құстың қос қанатындай қалықтап келе жатқандай сияқты. Тез, тез. Жүгір, жүгір. Келдім киіндім. Әне, әжесінің жетегіндегі Әсем де келіп жетті. Екі беті назтай болып қызарған, көзінде қуаныш, аузында маза жоқ. Недеген тәтті еді. Әне, екінші, үшінші төртінші бөбектерде көріне бастады. Әрқайсысы бір әлем. Әрқайсысы бір тұлға. Бәрі келді ме екен! Бәрі келсе екен, қалмаса екен. О, бүгін толықпыз.

Міне, біздің-болашамығыз, міне, менің қуанышым-сағыныштарым, оқушыларым. Бүгін дәл бүгін бойымыздағы бар білімді білдіремін, бойларына қондырамын, тәрбиені сіңіремін. Күні бойы құстай ұшып, кешке қарай мұрттай ұшып, шаршаса шалдықпайтын, болдырса алдырмайтын, сіңірсе құламайтын, ренжісе жыламайтын ұстаз жұмысы басталды да кетті.

Read More »

Қазағым, елім, жасай бер, жаса мәңгіге

Слямханов Н., главный специалист отдела информационных технологий филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по ВКО

Қазағым елім жасай бер жаса мәнгіге

Тарихың терең бітпестей ұзақ әңгіме

Болашақ жарқын күтеміз алдан жақсылық

Бақыт қонсыншы аралай бәрін әркімге

 

Жоспарың бар көшбасшың бар нұр елім

Асқақтай көкте жалауың бүгін тұр елім

Бір өзің деп бала шақтан ойларым

Елім менің бір өзің деп ауырады жүрегім

Read More »