+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Тәрбие мәселелері

«Мен және менің мамандығым» атты эссе

Мухамадиева Макпал Маукеновна, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№8 «Мирас» балабақша-бөбекжайы» КМҚК ағылшын тілінің оқытушысы Менің мамандығым – ағылшын тілі

Read More »

Эссе «Мен – жаңашыл педагог»

Наккажина Куралай Болатовна, Өскемен қаласындағы «№13 «Дария балабақша-бөбекжайы ҚМҚК «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Тәрбиеші – адамшылық ар-ожданы жоғары, намысшыл, қайталанбайтын жеке тұлға. Тәрбиеші мамандығы – біліктілікті,

Read More »

Жалпы адамзаттық құндылықтар – рухани дамудың көзі

Алмабаева Айгерим Нурлановна, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының «Өзін-өзі тану» пәнінің әдіскері, Шығыс Қазақстан облысы Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. Адам өмірінің

Read More »

Қиын балалармен тәрбиелік жұмыстар

Қыдырбек Арай Қыдырбекқызы, ШҚО ББ «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-нің І санатты тәрбиешісі, Өскемен қаласы

«Тәрбие отбасынан басталады» дегендей, баланың бас ұстазы – ата-ана. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі рөлі ерекше. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап , құрметтесе кішілерге камкор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.

«Қиын оқушы», «тәрбиесі қиын бала» ұғымдары өте кең. Бұл ұғымдар ғылымға 30-жылдары А.С.Макаренко, В.Н.Сорока-Росинскийдің еңбектерінде орын тапқан.

Read More »

Бүгінгі Қазақстандағы конфессиялық ахуал оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеудің негізі

Сарина Назигуль Уразгалиевна, «А.Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Семей қаласы

Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі таңда мектеп реформасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелмен өзгеріп келе жатқаны белгілі. Жалпы тұлғада толеранттылықтың қалыптасуы үшін ол рухани дамудың белгілі бір сатыларынан өтуі тиіс, ал ол педагогикалық проблема болып табылады. Сондықтан 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған «Толеранттылық принциптерінің Декларациясында» білім беру саласында толеранттылық идеясын насихаттауға басымдық берілген.

Read More »

Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу – заман талабы

Камзина Ардак Нурахметовна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ ЖжГПО кафедрасының аға оқытушы

Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми ой-өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлт болашағы оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында.

Read More »

Дені саудың – жаны сау!

Кулахметова Маржан Байжановна, ШҚО ББ «№6 Арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиешісі

Адам денсаулығы – өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау ісіне, балаларымыздың дені сау, ағзасының мықты болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.

Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.

Read More »

Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы

Камзина Ардак Нурахметовна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ МДТжТӘ кафедрасының аға оқытушы

Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми ой-өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлт болашағы оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа қазақстандық патриотизм. Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы. Мемлекет және халық мұны сезініп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіс. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмдітәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», – деп атап көрсетті [1].

Read More »

Туған жер – тұғырым (эссе)

Джаниярова Жұпар Солтакановна, «Өрел ауылындағы Балдырған» бөбекжай-бақшасы КМҚК «Айгөлек» тобының тәрбиешісі, Катонқарағай ауданы

Ақ бас шыңдары аспанға өрлеген кәрі Алтайды Еуразия даласының кіндігі деп білемін. Таңғажайып сұлу табиғаты ештеңемен теңесе алмайды. Аспан тіреген асқар Мұзтау – Қаратай елінің еңсесіндей көрінеді. Қарағайлы мекенді суарып, тулап аққан Бұқтырма да бұл өңірдің табиғи байлықтарының бірі ғана. Алтай тауының биік шыңдары да талай адамның көз жауын алып, жүректерін баураған. Талай сырларды ішіне бүгіп жатқан бұл шыңды тарихтың үнсіз куәгері деп білемін. Берел қорымында зерттелген обалар да теңдессіз, бұл тарихи ескерткіштердің жәдігерлерініңбүгінгі күнге жеткізген сырлары арқылы көп мағлұматқа қанық болдық. Терең тарихтан өшпес орын алған киелі мекенімді мақтан тұтамын.

Read More »

Балабақшаның үйретері көп

Кумарбекова Сексенгул Дуйсеновна, «Абай атындағы орта мектебі» КММ мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі, Ұлан ауданы, Алмасай ауылы

Баланы ең әуелі мейір – шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.

Абай

Атам заманнан ата-бабаларымыз жас жеткіншектің өсіп-жетілуіне баса назар аударған. Оның қалыптасуы, өсуі, адаммен қарым-қатынас жасауы атадан балаға ауысып, эстафета ретінде жалғаса білген деуімізге әбден болады. Оны заңдылық деу орынды. Әр ұлттың ғалымдары да осы пікірді қостайды. Белгілі орыс педагогі К.Д.Ушинский: «Адам мінезі негізінен өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасады»,- деген екен. Бұрындары ата-әжелер нәрестенің тәрбиесіне араласса, қазірде оның орнын балабақша, мектепалды даярлық топтары  алмастырған. Әке мен шешенің, ата мен әженің жұмысбастылығы мәжбүрлеген заман…

Read More »