+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Әріптесім жайлы бірер сөз

«Үміт» отын сөндірмеген Майра Баймұқанқызы!

Аманова Жанар Әмірбекқызы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Үміт» балалар үйі» КММ тәрбиешісі

Талай күндер төккен термен өткен күн,

Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.

Талай жылдар тағылымы толысып.

45 жыл,- еңбек етіп жеткен күн!

Осы күнге жеткен де бар, жетпеген…

Жаратқанның нұры Сізде көктеген,

Немерелердің бар қызығын көрсетсін,

Өмір деген, көркем шіркін, көксеген.

Read More »

Білім сапасын арттыруда мектеп пен ата-ана байланысының рөлі

 Құсайын Д.Б.,  «Өрлеу»» БАҰО» АҚ филиалы МКДППІ кафедрасының аға оқытушысы

Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. ХХI ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», – деген екен.

Read More »

Менің әріптесім – 21 ғасырдың жаңашыл ұстазы

 Тугумбаева Меруерт Салихқызы, «Убинка жалпы білім беру орта мектебі» КММ, Шемонаиха ауданы

    Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Read More »

Менің әріптесім – 21 ғасыр педагогінің жарқын үлгісі

Меирбаева Айнагуль Айткалиевна,  «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің өзін-өзі тану пәні мұғалімі, Ақжар ауылы, Тарбағатай ауданы

         Алғашқы әріпті танытып, қаламды ұстауға үйретіп ғана қоймай үлкен өмір көшіне өз шәкіртін дайындайтын тұлға – ұстаз.  Кеше ғана еркелікпен, ойын алаңында алаңсыз  ойнап жүрген жас бүлдіршіннің жұмбақ өмірге басқан алғашқы қадамынан бастап ұстаз қарсы алады. Әр үйдің еркесін бірдей өз баласындай қарап, тентектігін кешіріп, ақылын айтып, әр баланың жүрегіне үңіліп, болмысына өзгеріс енгізіп, құпияда жатқан тұлғалық қасиеттерін ашатын да ұстаз! Ұстаз бола жүріп өзгелерге де үлгі болатын тұлға.

Read More »

Менің әріптесім – 21 ғасыр педагогінің жарқын үлгісі

Бекбаева Бакыт Кабдыловна, Қ.Ақынов  атындағы орта мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  «Жаңа ауыл» ауылы, Тарбағатай ауданы

     Адам өміріндегі ұстаз орнын даналар ежелден өте жоғары бағалаған. Сонда ұстаз деп кімді айтамыз? Біреу екінші біреуді өзінен жоғары бағалап, білгір санап, содан үйреніп үлгі алса, оған сол ұстаз деп ойлаймын. Ой түйіні осы жерге тірелгенде өз басым қадірлейтін, өзіме ұстаз тұтатын «Мектеп» дейтін киелі ғимаратта жас ұрпақ алдындағы өзінің міндетін абыроймен атқарып жүрген жандардың бірі, менің әріптесім – Қабден Ақынов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нурсеитова Арайлым Қабарқызы туралы айтқым келеді. 

Read More »

Менің әріптесім – 21 ғасыр педагогінің жарқын үлгісі

Жаркенова Бакыт Хамзановна,  «Жарбұлақ орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қабанбай ауылы, Үржар ауданы

       Ұстаз – ұлағатты есім. Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Алғаш мектеп табылдырығын аттағанда «Әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі шәкірт жүрегінің төрінен орын алатыны сөзсіз. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен, мейірімділікпен қарым-қатынас жасауында. Олай дейтінім, кешегі шәкіртім Қасенова Ляззат Муратжанқызы қазіргі таңда анасының, ұстазының жолын қуып, өзі оқыған мектебінде ұстаздық қызмет атқаруда.

Read More »

Менің әріптесім – 21 ғасыр педагогінің жарқын үлгісі

       Гульнур Каирбекова,  «Жезкент  орта мектебі» КММ-нің бастауыш  сынып мұғалімі, Жезкент кенті, Бородулиха ауданы 

       Ұстаздың алдын көрмеген жан жоқ шығар-ау, сірә?! Қарапайым шаруа жандардан бастап ел басқарған хан-патшалар, ұлы ойшыл-ғалымдарға дейін ұстаз алдын көрмегендері кемде-кем. Зейнетінен бейнеті көп ұстаздықтың ұзын-сонар ұлы жолын таңдап алған жандар көп болғанымен, бұл жолды абыроймен жүріп өту, екінің бірінің еншісіне тие бермейді.

Read More »

Менің әріптесім – заманауи ұстаз үлгісі

      Кайдарова Н.М., №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Риддер қаласы

        ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше, бізге ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты болашақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Сол білімді оқушыны анықтайтын да, дамытатын да біз – ұстаздармыз.
      «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен ғұламалардың бірі. Заманауи мұғалім осы үштіктің қай қырынан көрінуі керек?

Read More »

Менің әріптесім – 21 ғасыр педагогінің жарқын үлгісі

Маржан Мырзабекқызы Хасенбаева, «М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ,  Зайсан қаласы

       Ұстаз – жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне  жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек деп ғалым Әл-Фараби бекер айтпаған. Осы атқа лайық болу үшін қаншама тер төгіп, еңбектенетін де мұғалім.

Read More »

«Менің әріптесім – ХХІ ғасыр педагогінің жарқын үлгісі»

Эссесінің авторы Алия Шерияздановна Мұратбаева.,   

«№7 орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  

(3 орын)

                                        Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

                                        Мұғалімді ардақтайды барша жан.

                                        Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы,

                                        Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.

                                        Бала десе ойламайды өз қамын

                                        Көрсем дейді күнге де қол созғанын

                                        Шәкірттерін өзінен де озғанын.

Осы өлең шумақтарында жазылғандай, ұстаз  өмірінің  басым бөлігін шәкірттеріне білім, тәлім-тәрбие беруге арнайды. Уақытпен санаспай еңбектеніп, оқушыларының зердесін ашуға ат салысады. Сол себепті де ұстазға өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялайтын жан, — деп Ж.Ж.Руссо баға берген болатын. Ұстаздардың әсерлі үнмен асықпай, мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай болу керек.

Read More »