+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Қосымша білім беру

Қазақтың ұлттық спорты – Қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін мектепте қолдану

Бекбаев Нұрбол Қарықболұлы, Тарбағатай ауданының Қасым Қайсенов атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, қазақ күрес үйірмесінің жетекшісі

Сыныптан тыс уақытта қызығушылық танытқан оқушылар күрес үйірмесіне қатысып, талай нәтижелерге қол жеткізіп, аудан, облыс, республика көлемінде биіктерден көрініп жүр. Алғашқы шәкірттері Қабділшәріпов Елсін Серікұлы мен Амангелдинов Дархан ұстазының жолын жалғап облыс орталығындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушы болып қызмет атқарады. Оқушыларға қойылатын талабы, мақсаты мен міндеті және күтілетін нәтиже бойынша үйірме жұмысы атқарылып жүр.

Read More »

Үйірме жұмыстары – сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры

Айтбаева Лимара Слямхановна, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытарын көпбейінді гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, «Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі

Мектепте пәндерді оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Мектепте ана тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше мән берілуі қажет. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру.

Read More »

Балалардың мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру

Самбусунова Клара Абылкайыровна, ШҚО білім басқармасы «Үміт» қосымша білім беру педагогы

Бос уақыт бала тұлғасын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Ол өзінің еңбек саласына да тікелей әсер етпейді, өйткені бос уақыт жағдайында қарқынды физикалық және психикалық жүктемелерді алатын рекреациялық-қалпына келтіру процестері неғұрлым қолайлы болады. Балалардың бос уақытын пайдалануы оның мәдениетінің, баланың нақты тұлғасының, жас адамның немесе әлеуметтік топтың рухани қажеттіліктері мен мүдделерінің шеңберінің өзіндік индикаторы болып табылады.

Read More »

Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесі. Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, мәні және қажеттігі

Укиртаева Гаухар, «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-нің экономика мұғалімі

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «йпапсіа» сөзінен пайда болған француздың «йпапсе» сөзінен шыққан) – тауар-ақшалай қатынастармен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақшалай айырбасқа көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржылық ресурстарға қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды.

Read More »

Ұлттық ойын – Тоғызқұмалақ

Серік Алимов, «№35 орта мектеп» КММ-нің тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі

Қазақ халқының «Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат ойыны сияқты өте қызықты, көп ойлануды қажет ететін, ежелден келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын адамның терең ойлау, жақсы есте сақтау және математикалық қабілеттерін жетілдіреді. Ойын өзінің сан алуан қиын сәттерінде ойыншының ұстамды болуын, біліктілікпен қорғана білуді және тегеурінді шабуыл тактикасын дұрыс қолдануды керек етеді.

Read More »

Сейтек Оразалиев «Сексен ер»

Бралинова Кулшарат Каркенқызы, «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның домбыра сыныбының мұғалімі, Үлкен Нарын ауылы, Катонқарағай ауданы

Ашық сабақтың мақсаты: Оқушының шығармашылық ойнау қабілетін жетілдіріп, домбыраға деген оқушының рухани байлығын арттыру, күйді нақышына келтіріп ойнау.
Білімділігі: Сейтек күйшінің өмір баянымен таныстыру, күйінің орындалу ерекшелігін көрсету.
Дамытушылығы: Күйді ойнап көрсету арқылы оқушының музыкалық қабілетін дамыту, аспапта ойнау шеберлігін арттыру.
Тәрбиелігі: Күй өнерін насихаттау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дайындалған буклеттер, сөзжұмбақ.

Read More »