+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Оқиғалар. Жаңалықтар

Білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі

Каримова Армангуль Жумабековна, «А.Байтұрсынұлы атындағы № 47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде білім алушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамассыз ету жеткіліксіз. Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияларға тоқталатын болсақ, коммуникация-ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды, тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке  өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде  жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады.

Read More »

ХБК Қазақстан Халықтарының Студенттік Ассамблеясы

Нурпейсова Назира Турсуновна, Халықаралық білім беру корпорациясы ЖБПФ ассистент профессорі

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығына сәйкес Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының бірінші форумында айтқан болатын. Онда сөйлеген сөзінде Президент: «Қазақстандықтардың бірнеше ұрпағы біздің басты байлығымыз – халықтар достығын қалыптастырды. Қазақстандықтардың бұл байлықты ысырап етуге, игі дәстүрлерді ұмытуға құқығы жоқ. Олар соңғы онжылдықта және коммунистік емес директиваларда пайда болған жоқ. Әр халықтың, әр ұлттың дауысын күнделікті есту керек.

Read More »

Химия сабағында эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту

Алпыспаева Майгуль Кенеспековна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ курстан кейінгі сүйемелдеу және инновацияларды енгізу зертханасының PRSMM-маманы

Мұғалімдерді курстық дайындықтан өткізу кезінде олардың химиядан сағат санының аздығы,уақыттың жетіспеушілігі,тағы да басқа жағдайларға байланысты эксперименттік есептерді шығартуға көп мән бермейтіні байқалады. Химия сабағында эксперименттік есептерді шығару оқушылардың теориялық білімдерін тиянақты етеді,іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландырады.

Read More »

Білім сапасын арттырудағы инновациялық технологиялардың ерекшелігі

Апселемова Гульнара Дюсембековна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы
Калимолдина Гульназира Каппасовна,  «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»КММ-нің математика пәні мұғалімі

Білім мазмұның жаңарту жағдайында қазіргі инновациялық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді.
Оқытушыдағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза білімінің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады.

Read More »

70 жыл педагогикалық шеберліктің сапасы мен үздіксіздік шыңына өрлеу және ұмтылыс

 Мухамбетова Зауре Ерлановна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ қоғамдық байланыс және баспа бөлімінің бас маманы

2018 жылдың 12 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 70 жылдық мерейтойына арналған «Білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру: тәжірибе және даму болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына ҚР, облыстың қоғам қайреткерлері; шетелдік қонақтар;  институттың ардагерлері, ШҚО білім беру мекемелерінің өкілдері, әлеуметтік серіктестер, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Олардың ішінде Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы Орсариев Арын Амангельдиевич; «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Самсаев Иса Мусаевич; педагогикалық ғылымдар докторы, профессор, Ресей Федерациясы Үкіметінің білім берудегі премиясының лауреаты,. Фроловская Марина Николаевна (Барнаул қ.); Новосібір педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының доценті, п.ғ.к. Мицук Ольга Владимировна және т.б.

Read More »

Білімді ұрпақ – тәуелсіз ел тірегі

Сабитова  Зубайра Ануарбековна, «Балауса-Балғын » ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі, Тарбағатай ауданы

 Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы дарынды балалармен жұмыс істеу білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. ҚР-ның Білім және ғылым министрінің 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда Шығыс Қазақстан облысының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп» кешенімен ынтымақтастықта жұмыс істеу мақсатында 19 білім беру ұйымдары қамтылған. Соның ішінде Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы «Балауса –Балғын» ясли- бақшасы» КМҚК базасында «Ой-ойна» ойын технологиясы бойынша «VALEO» зияткерлік- дамытушылық  орталығы 2016 жылдан жұмысын бастады. «Ой-ойна» ойын технологиясын іске асыруда оқу қызметтері балабақшаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес вариативті компонент негізінде күннің І–ші жартысында ұйымдастырылып келеді. Балабақшадан арнайы кабинет бөлініп, оның іші қатты және жұмсақ заттармен жабдықталды. Кабинетке интернет желісі орнатылған. Орталыққа балабақшадан педагогикалық кеңестің шешімімен 1 педагог жауапты қызметкер болып тағайындалды. «Ой-ойна» ойын технологиясы бойынша кабинеттегі білім беру ортасы физикалық тұрғыдан қауіпсіз және дамыту үшін эстетикалық түсіну, білуге құмарлық, танымдық және сенсорлық толығуына барлық жағдай жасалған, зияткерлік қабілеттерін және дамытуға жәрдемдесетіндей жағымды психологиялық климатқа құрылған. Вариативтік компонент бойынша 4 пен 6 жас аралығындағы 45 бала үш топтан қамтылған.

Read More »

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану

Ибраева Гульназ Найманғазықызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы
Кундызбаева Енлик Серикбековна, «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Бородулиха ауданы

     «Ұстаз – ұлы есім» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, қай заман болмасын, сол ұлы есіміне сай мұғалім қоғамға өнегелі болғаны абзал. Өйткені, ұстаз болу – жоғарыдан берілетін құдірет, жүректің ерлігі. Осы құдірет арқылы ұстаз бала бойынан өзге кәсіптің мамандарын даярлап, қанаттандырады. Көптеген жылдар бойы ұстаздың міндеті оқыту және бағалау болды. Әу бастан келе жатқан дәстүрлі білім беру жүйесі ХХІ ғасырда ескіге айналды. Ендігі уақытта мұғалімдердің базалық білімдері мен мектептегі оқулықтарға сүйенетін дәуірі өтті. Жаңа ғасырда ұстаз тың технологиялар мен дербес шығармашылық қабілеттеріне сүйенеді. Сол себепті, жаңа дәуірдегі ұстаз келбеті заман ағымына қарай басқа суреттермен боялып, әрлене түсті. Мемлекет басшының бастамасымен қазір Қазақстан Республикасының білім беру  жүйесі жаңартылған мазмұнға көшіп жатыр. Педагогтар біліктілігін арттыру курстарында қайта даярланып, өз шеберліктерін білім беру стандарттарымен сәйкестендіруде. 

Read More »

ЭКСПО сапарынан кейінгі әсер

Кабидолдина А.Т., Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

       Бүгінгі күнгі халықаралық ЭКСПО көрмесінің  қазақ жерінде өтуі  үлкен мақтаныш екені рас. Осы орайда жақсыны көрмекке деген қағидатта мектеп  оқушылары  да  ЭКСПО  көрермендері  болып  қайтты.
      Өскемен  қаласы  білім беру бөлімінің ұйымдастырумен қамқорлықтағы және аз қамтылған отбасы балаларына ЭКСПО билеттері тегін  таратылып, жол ақылары төленіп берілді. Бұл игі бастамаға Өскемен қаласы  әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ мектеп оқушылары  да  бар.

Read More »

Мектепке дейінгі білім берудегі сауықтыру-шынықтыру технологиялары

ИБРАЕВА Г.Н., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың қоғамдық байланыс және баспа бөлімінің жетекші маманы

       2017 жылдың 23 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық ілеспелеу» кафедрасы мен  «Тілінде мүкістігі бар балаларға арналған №62 мектеп-балабақша кешені» КММ-сі бірлесе отырып,  «Физкультурно-оздоровительные технологии в дошкольном образовании»  тақырыбында семинар өткізді.
      

Read More »