+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Мұражай педагогикасы

Жаңартылған білім беру аясында: сабақ барысындағы өзгерістердің нәтижелігі

Кабдолдинова Еркежан Сериковна, «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен қаласы

Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырып, қалай оқу керектігін үйретіп, сын тұрғысынан ойлауларын дамыту және өзгермелі өмірде алған білімдерін қолдануға үйрету мақсатында білім беру үдерісіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістердің нәтижелігін өлшеу әр түрлі қабілеттері бар оқушылардың іс-әрекеттері арқылы бағаланады. Б деңгейлі оқушылар бірден сабаққа тартылып кетпейді. Олардың топ алдында сөйлеуі, өзіндік ойларын бүкпей айтуларынан қиналғаны байқалады. Бұл кедергілерді еңсеру үшін оқушыларға сенім артып, үнемі мадақтап, оқытудың әр түрлі стильдерін қолданып, әрбір сабақтың басында ынтымақтастық ахуалын туғызып және оның сабақтың соңына дейін сақталуын қадағалап, бақылап отыру маңызды. Топтық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында топ мүшелерін рөлге бөліп, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері қолданылады. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасап отыру керек. Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктерін сай сергіту сәттерін  тақырыпқа сай ұйымдастыру маңызды.

Read More »

Жаңартылған білім беру – қазіргі заман талабы

Абетаева Гульнара Зекеновна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ жаңартылған білім беру бағдарламасының тренері
Жаирбаева Аманкайша Кокуевна, «№20 ЖОББДОМ» КММ-нің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, Семей қаласы

     Елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағытталып барамыз», – деген болатын.
    Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын маңызды бағдарлама.
    Бүгінгі күні еліміздің барлық облыстарында Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде пәндер бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.

Read More »

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық технологияларды қолдану

 Ақсартова Самал Ахметкаримовна, «Қалжыр орта мектебі» КММ жанындағы шағын орталық тәрбиешісі, Күршім ауданы
Жаксылыкова Гульмира Идришевна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ» аға оқытушысы

Шағын орталық – келешек ел басқарар, жер-суына иелік етер, халқының мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз ұрпақты шыңдайтын киелі ұя. Сондай-ақ, шағын орталық – баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын орталық тәрбиешіден оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрыңғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға икемді және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол сала білетін, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл болуды талап етеді.

Read More »

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану

Ибраева Гульназ Найманғазықызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы
Кундызбаева Енлик Серикбековна, «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Бородулиха ауданы

    «Ұстаз – ұлы есім» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, қай заман болмасын, сол ұлы есіміне сай мұғалім қоғамға өнегелі болғаны абзал. Өйткені, ұстаз болу – жоғарыдан берілетін құдірет, жүректің ерлігі. Осы құдірет арқылы ұстаз бала бойынан өзге кәсіптің мамандарын даярлап, қанаттандырады. Көптеген жылдар бойы ұстаздың міндеті оқыту және бағалау болды. Әу бастан келе жатқан дәстүрлі білім беру жүйесі ХХІ ғасырда ескіге айналды. Ендігі уақытта мұғалімдердің базалық білімдері мен мектептегі оқулықтарға сүйенетін дәуірі өтті. Жаңа ғасырда ұстаз тың технологиялар мен дербес шығармашылық қабілеттеріне сүйенеді. Сол себепті, жаңа дәуірдегі ұстаз келбеті заман ағымына қарай басқа суреттермен боялып, әрлене түсті. Мемлекет басшының бастамасымен қазір Қазақстан Республикасының білім беру  жүйесі жаңартылған мазмұнға көшіп жатыр. Педагогтар біліктілігін арттыру курстарында қайта даярланып, өз шеберліктерін білім беру стандарттарымен сәйкестендіруде. 

Read More »

Жаңартылған оқу бағдарламасы шеңберінде пәндерді оқытудағы ерекшеліктер және міндеттер

 Ниязбаева Динара Амангелдіқызы, «Көкпекті орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Көкпекті ауданы

      «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады,»  -деп қазақ мектебі, оның болмысы туралы біртуар қазақтың ұлы Мағжан ақын қандай көрегендікпен айтып кеткен еді. «Баланы өз күшіне сендіртіп үйрету керек» деген де ақын Мағжан. Мағжанның өміршең сөздерінің Қазақстанның XXI  ғасырдағы білім саласындағы болып жатқан өзгерістерге де тікелей қатысы бар.

Read More »

Жануарлардың қандай түрлері болады?

Қысқа мерзімді жоспар

Күні:4.02.2017

Сынып: 1

Мектеп: Гагарин орта мектебі;  Нұрбаев орта мектебі

Мұғалім аты-жөні: Дюсембаева Дидар Нурымханбетовна;        

                                    Вагнер Любовь Павловна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлардың қандай түрлері болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсат

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату

Read More »

Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі.

 Күні:

Сынып: 1

Мектеп:  К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта

Мұғалім: Балаубаева Армангуль Кажымухановна

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 

1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Read More »

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖҮЙЕЛІ ЖАҢАРТУ АЯСЫНДАҒЫ РОБОТОТЕХНИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Абсеитова Гулайым Жүнісханқызы.,

Бажыкова Айнур Махмутовна.,   Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімдері,  Өскемен  қаласы  

Экономиканы қарқындату, оның өнімділігін арттыру ғылым мен техниканың жетілуіне негізделген қарқынды технологияларды қолданумен анықталады. Ғылыми-техникалық прогресті дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып автоматталған машиналарды, робототехникалық кешендерді және есептеуіш техниканы қолдану негізінде технологиялық процесті автоматтандыру болып табылады.

Read More »