+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Ұлы Абайдың 175 жылдығы

Абай әлеміне саяхат

Омарханова Альфия Зарыкбаевна, «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ «Балбұлақ» шағын орталығының тәрбиешісі, Өскемен қаласы

Read More »

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбайдың бейнесі

Какенова Нурай Балгабековна, «35 ЖОББМ» КММ-нің мұғалімі, Семей қаласы

Абайтану ғылымының ірге тасын қалап, қабырғасын тұрғызып, күмбезін көтерген ұлы жазушы Мұхтар Әуезов зерттеулеріне сүйенсек, Абайдың әкесі Құнанбай – тумасынан зерделі, өз заманының көзі ашық тұлғасы, ел билеген көсем, қара сөзге дес бермеген шешен, жастайынан атқа қонған найзагер, талапты да, табанды адам болған [1, 66 б.]. Дәлел үшін романдағы үзіндіге үңілсек, ол – эпопеядағы қажылық сапарға аттанар алдындағы Құнанбайдың сөзі: «Сендер мені осы сапарға қимайтын сияқтысыңдар. «Қартайған шағында қайда шырқап барады, қайта оралып көрмейміз-ау, кеткені-ау» деп есіркеп қарайсыңдар! Осыларың мынау жолға мені қимау емес, маған осы жолды қимау болады. От басында немереге, ас басында келінге, мал басында малшыға: «әй, өй» деп отырып өлетін бай-бай шал болып өтсем, не мұратқа жетер ем!? Бұл сапар менің ендігі қалған тірлігімнің мұраты», – деп жалғасатын монолог – нағыз өмірдегі Құнанбай айтатын, керек десеңіз, айтқан да сөзі. Алайда, мұндай амалдар көркем шығармада мүлде аз. Қалай десек те «Абай жолы арқылы Құнанбай бейнесі бізге жағымсыз болып жетті [2, 58-59 б.].

Read More »

Жүрегімнің түбіне терең бойла…

Раисова Назым Мансуровна, «№ 45 бейімделген орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Онан асқан бұрынғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын ақын болған жоқ» – деп, Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, қасиетті қазақ даласының топырағында туған дара тұлға Абайдың орны ерекше. Оның поэзиясы да, шығармалары да, өмір жолы да, қара сөздері де оқырмандарына ой салатыны рас. Біз әдебиетте, қазақ тілі мен тарихтан да Абай мұраларына, ақындық жолына айналып өтпейміз. Себебі, қазақтың бас ақыны саналатын тұлғаны біз сияқты өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп өсіру басты мақсат.

Read More »

Абай Құнанбайұлы ой-пікірлерінің тағылымдық мәні

Абакашева Гулжанат Кенжеевна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№47 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге

С. Торайғыров

Ұлы Абай бар асыл ойын өз халқына, келер ұрпағына арнады. Ол педагогикалық психологияның қалыптасуына зор үлес қосып, бұл салада аса құнды пікірлер айтты. Сөйтіп, ұлы ойшыл өз халқының педагогикалық ой-парасаты, ақыл-ойы, жүрек қылынан өткізе келе, өзіне дейінгі әлем ойшылдарының еңбектерімен таныса отырып, келешек ұрпаққа ғибрат боларлық ой өрбітеді. Көреген ақынның педагогикалық-психологиялық пікірлеріне ой жүгіртіп, астарына терең үңілсек, оның бүгінгі заман талап-тілектерімен жан-жақты астасып жатқанын байқаймыз.

Read More »

Абайдың «45 қара сөздерін» қоғам санасын жаңғырту барысында заман талабына сай түсіну

Шакирова Магиша Саяновна, «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ мұғалімі, Алтай қаласы

Қазақтың бас хакімі, ағарту саласының беделді өкілі Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының өткенін, бүгінгісін, ертеңін ойлаған бас ақын. Ақын поэзия әлемінде ғана сара жол ашып, оны байытып қана қоймай артынан «тайға таңба басқандай» өшпес мәңгі мұра қалдырды. Ақынның көрегендігі, санасынан өткізген ой-тұжырымы, қазақтың өміріне қабырғасы қайыса отырып, өзгертсем, пайдамды тигізсем, жол көрсетсем ойларынан туған туындылары – оның қара сөздері.

Read More »

Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тәрбиесі

Камзина Ардак Нурахметовна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ МДТжТӘ кафедрасының аға оқытушы

Сейітжапарова Жанар Амангельдыевна, «Аягөз қалалық №5 бөбекжай балабақша» меңгерушісі, Аягөз ауданы

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алған ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Бүгінгі таңда бала тәрбиесі қоғамның негізгі мәселесі болып отыр. Дегенмен де, мәдениетті тұлға тәрбиелеп шығару – қоғамның басты міндеті. Сонау ықылым заманнан қазақ халқы қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді тербелген тал бесікке салған. Аяулы анасы бөбегін әдемі әлдиімен сусындатып, ардақты әженің ертегісін тыңдатып, әкенің қамқорлығына бөленген бала болашақта нағыз халқына қалаулы, еліне елеулі болады деп сенген. Іңгәлап, дүние есігін ашқан соң бала аппақ парақтай пәк болары анық. Ал сол ақ параққа ақпарат берер – ата-ана, қоршаған орта. Сол себепті ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де маңызды мәселе. Бесікті тербете отырып ән айтып, тілге тартқан. Бұл – тәрбие басы. Бұл – халқымыздың сан ғасырдан бері баланы бағып-қағап, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақтаған тәжірибесі. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» демекші, сәбилі отбасы қашанда береке мен қуанышқа толы. «Не ексең, соны орасың» дегендей, отбасы, ошақ қасында сәби қандай тәрбие көрсе, оның алдағы өмірі сондай болады.

Read More »

Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы

Ибраева Г.Н., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің бас маманы

Капашева А.К., №45 бейімделген орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, Өскемен қаласы

Read More »

Абай мұрасы — ұлттық таным, рухани құндылықтың қайнар көзі

Камзина Ардак Нурахметовна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ МДТжТӘ кафедрасының аға оқытушысы

Тәрбиенің рухани бастауы, қайнар көзі, кәусар бұлағы – Абай мұрасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында: «Қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді. Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы»,- деп көрсетілген.

Read More »

Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан

Ерболатұлы Санжар, «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-нің 2 «Б» сынып оқушысы, Тарбағатай ауданы

Абай – қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы іспеттес. Атамыздың бізге қалдырған бай мұрасы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге беріп,рухани азық болып келеді. Біз, қазір жаңа технологиялардың қарыштап дамып жатқан кезде өмір сүріп жатырмыз.Ақпараттар өте көп. Оның бәрі қолжетімді,яғни кез келген жерден қарап, іздеген нәрсеңді тауып алуға болады. «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен өзады»,- деп атамыз айтқандай, білімге, оқуға көп көңіл бөлуіміз керек. Абай атамыз бізді әлемге танытып отыр, шығармалары бірнеше тілге аударылған.

Read More »

Қазақты әлемге танытқан Ұлы Абай

Кажыгелдина Гаухар Хасеновна, «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Тарбағатай ауданы

Ұлы Абай…. Қазақты әлемге танытқан ұлы тұлға. Қазақтың маңдайындағы жарық жұлдызы. Ұлылар жайлы ой қозғағанда, ойың кідіріп,ойыңды жеткізетін сөз табудың өзі қиынға соғып тұратын көрінеді. Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс,- деп Қ.Кулиев айтқандай, қазақ дегенде Абайдың орны дәл солай.

Read More »