+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Курс тыңдаушыларының пікірінен

Жанартылған білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі мұғалімдерін оқыту маңыздылығы

Сахитова Кенжегуль Слямжановна, «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нің жоғарғы санатты ағылшын тілі мұғалімі, Тарбағатай ауданы

Осы жаңартылған бағдарлама Қазақстан Республикасының бірінші Елбасы болған  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевың 2050 – стратегиаясы төңірегінде: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мен «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтар негізінде: «Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білуге тиіс, олардың оқыту нәтижесінде білім алушылардың сындарлы ойлауын, өзіндік ізденісі мен ақпаратты терең талдауын игеруі тиіс», — делінген.

Read More »

Жаңаша оқытудың білім сапасын арттыруда тиімділігі

Узбекова Маржангуль Касымбаевна, №19 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы

Біз, қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімдері, 2019 жылдың 26 наурызынан 19 сәуірге дейін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курсынан өттік. Курс Семей қаласындағы № 17 ЖОББ мектеп базасында өтті. Курсты өткізуші тренеріміз Сейтказина Рыскүл Сейтбекқызы өзінің шеберлігімен, жоғары білімімен, талапшылдығымен бірінші күннен–ақ бізді баурап алды десек болады. Курстан өту кезінде жаңартылған білім беру мазмұнының қаншалықты тиімді екеніне көзіміз жетті.

Read More »

Жаңа заман – жаңартылған бағдарлама

Байшуакова Бекзат Калымхановна, «№36 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Семей қаласы

Халық даналығында: «Заманың түлкі болса, тазы болып қу» деген сөз дәл қазіргі өзіміз өмір сүріп отырған кезге айтылғандай. Қоғамда болып жатқан өзгеріске сәл ілеспесең, бәрінен құр қалғандай боласың. Ал білім саласы , менің ойымша, артта қалуды кешірмейтін сала.

Read More »

Жаңартылған білім беру – мұғалімнің кәсіби дамуы, жарқын болашақтың кепілі

Масалимова Нургиза Ешенгазиновна, педагогика ғылымдарының магистрі, «ШҚО Семей қалалық ББ»» ММ «№19 ЖОББ» КММ тарих пәнінің мұғалімі, курс тыңдаушысы

Қазақстан Республикасының білім беру саласының негізгі мақсаты – қарқынды дамып жатқан заманда алған білімдерін күнделікті өмірдің жағдайында өз игілігіне пайдалана алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Осы тұрғыда еліміздщің білім беру үрдісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай жас ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын жаңа белес.

Read More »

Жаңартылған білім мазмұны аясында

Танатарова Данагуль Толендиевна, «№ 49 ЖОББМ» КММ-нің мұғалімі, Семей қаласы

Мемлекет болашағының кепілі – жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі – жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Read More »

Біліктілікті арттыру – «Өмір бойы білім алу» идеясының негізгі тетігі

Біліктілікті арттыру – «Өмір бойы білім алу»

идеясының негізгі тетігі

  «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»

Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформасына түрлі жаңалықтар енгізілуде, жаңашыл, заманауи жобалар жасалуда. Солардың бірі – «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту» аясындағы жаңартылған білім беру жобасы. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. 

Read More »

Мектепке дейінгі білім берудегі жаңартулар

Малика Абдуалиева, курс тыңдаушысы

    «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық педагогикалық аспектілері» тақырыбында «Өрлеу» орталығының қысқамерзімді 04-08 желтоқсан аралығында біліктілікті арттыру курсынан«№15 «Рахат» балабақшасында 24 тыңдаушы өттік.

Read More »

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі

Аукашев Даурен Саясатович, «№38ЖОББМЛ»КММ,қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Семей қаласы
Кожаханова Гульнара Шарипкановна , «№2 ЖОББМ»КММ,қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. Семей қаласы

   Семей қаласының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ ұйымдастыруымен тренер Сейтказина Рысгуль Сейтбекқызы орыс тілді мектептегі «Қазақ тілі мен әдебиет»пәні мұғалімдеріне біліктілікті арттыру курсын өткізді.
   Курс барысында білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды.

Read More »

Жаңартылған білім – жаңаша көзқарас

Турдыбаева Рыскуль Шарипказыевна, Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің география және биология пәні мұғалімі, Үржар ауылы

     Еліміздің білім беру саласының негізгі мақсаты-қарқынды өзгеріп жатқан заманда алған білімдерін өмірдің өзгермелі жағдайында өз қажетінше пайдалана алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Осы барыста мемлекетіміздің білім беру үрдісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы –  заман талабына сай жас ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын жаңа кезең. 19.02-02.03.2018ж аралығында ауданымызда ШҚО «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері Нұрғалиев Рауан Еримбекұлы ауданның географ мұғалімдеріне «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» курсын өткізді. Ұстаздарымыз кәсіби тұрғыда білім жүйесіне енген жаңалықтың ерекшелігін, сабақ беру үдерісінде кеңінен қолдана білу мүмкіншілігіне ие болды.

Read More »

Обновление содержания образования – фактор успешности в активизации детей дошкольного возраста

Королева Надежда Павловна, воспитатель предшкольного класса КГУ «Крестовская начальная школа», Зыряновский район

    Современное казахстанское общество характеризуются общественной модернизацией и включением в мировые интеграционные процессы, где ведущую позицию занимает образование.
    Президент страны Н.А. Назарбаев поставил достаточно высокую планку перед национальным образованием. Образование должно стать конкурентоспособным, высококачественным, таким, чтобы выпускники казахстанской школы могли легко продолжить обучение в зарубежных вузах. Внедрение в учебно-воспитательный процесс общеобразовательной школы обучения на трех языках – это, безусловно, значительный шаг вперед – в направлении реализации Государственной программы развития образования Республики Казахстан до 2019 года, одной из базовых компетенций которой являются трехъязычие, евразийская поликультурность, коммуникативность и технократичность.

Read More »