+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Кәсіби білім беру

ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру

Шакерова Алия Кусайнгазиевна, ШҚО білім басқармасы кәсіптік білім беру орталығының әдіскері

Қазіргі жағдайларда мемлекеттің, қоғамның, білім берудің негізгі мақсаттарының бірі еліміздің шығармашыл, жауапкершілігі мен адамгершілігі жоғары азаматын тәрбиелеу мен дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметтің алға қойған басым міндеттерінің бірі – оқушы жастарға рухани-адамгершілік білім беруге жағдай жасау. Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында (27.01.2012 ж.) «…Білім берудің тәрбиелік компонентін күшейту қажет. Ешқандай жеке меншік түріне қарамастан – адамгершілік пен патриоттық мораль нормалары, ұлтаралық келісім, толеранттылық, рухани және физиологиялық даму, заңға бағынушылық – осы құндылықтар барлық білім беру мекемелерінде дағдыландырылуы міндетті… Бұл біздің жастарға ауадай қажет».Сондықтан біздің бүкіл білім беру жүйесінің негізгі міндеті – болашақ мұғалімдерге рухани-адамгершілік білім беру.

Read More »

Қазақ тілі сабақтарында студенттердің ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту

Зайсанбекова Салтанат Зайсанбекқызы., «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ-нің қазақ тілі пәні мұғалімі, Өскемен қ.

Білім беру мекемелерінде оқытылатын барлық пәндердің маңызы зор, оның ішінде қазақ тілінің орны аса ерекше. Орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілінен сабақ беруде оқушының ойлауы мен тілін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда алдымызда үлкен міндеттердің тұрғанын ұмытпағанымыз жөн. Тілдің құдіреті оның міндетті қызметінде «Қазақ тілі сұлулығымен бой балқытып тамыр шымырлататын, жан-дүниеңді жандандырып, құлақ құрышын қандыратын өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл» деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай, ана тіліміздің қолданылу аясының тым тар

Read More »

Автомобиль тарихынан. Сөз құрамы (ашық сабақтың әдістемелік талдамасы)

Амерханова Гульнара Слямхановна, преподаватель профессионального казахского языка КГУ «Шемонайхинский  колледж» УО ВКО

Методическая разработка открытого урока

Специальность: Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта

Квалификация: Слесарь по ремонту автотранспорта

Дисциплина: Профессиональный казахский язык

Тема урока: Автомобиль тарихынан. Сөз құрамы.

Преподаватель: Амерханова Гульнара Слямхановна

Read More »

«Мұрағаттағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және орналастыру тәртібі» (сабақтың әзірлемесі)

Аблахатова Ардақ Амангельдықызы, «Бизнес және сервис колледжі” КМҚК арнайы пәндер оқытушысы,Семей қаласы

Елбасымыздың үш тілді бірдей меңгеру әрбір қазақстандық жастың міндеті деген ұстанымына сәйкес, жәнеде қазіргі білім беру саласында да үштілділікті енгізу қолға алынды. Болашақ іс жүргізуші мамандардың үш тілді қатар меңгеруі бастамасын жүзеге асыру мақсатында КЛИЛ технологиясы бойынша өткізілген сабақтың әзірлемесі.Пән: «Мұрағаттану»           Топ: 31ДПк 
Мақсаты:
Танымдық мақсаты: Мұрағаттану пәні бойынша студенттердің теориялық білімдерін кеңейту, іскерліктерін қалыптастыруға арналған ақпараттармен таныстыру. Мұрағаттағы құралдардың орналасу реті мен сақталу тәртібін білу.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өз таңдаған мамандықтарына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін дамыта түсуге, болашақ мамандықтарына деген, елі мен жерінің өткені мен бүгініне деген қызығушылықтарын арттыра түсуге ықпал ету.
Тілдік мақсаты: Студенттердің сөйлеу әрекетін дамыту, тіл байлықтарын арттыру, дұрыс сөйлеу дағдысын арттыруға бағытталған терминдермен жұмыс.

Read More »

Оттекті органикалық қышқылдарды оқытуда экологиялық мәдениеттің орны

Ануарбек Балжан Болатқызы, «Химия» мамандығының магистранты
Даутова Зухра Сатбековна, педагогикалық ғылымдарының доценті, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

Бүгінде тек тəуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл əлем алдында экологиялық апат тұр. Адам ақыл ойының нəтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар мен фабрикалар, кейбір ғажайып көлік түрлері ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта түсумен қатар, қауіп-қатер туғызуда.
Елбасының халыққа Жолдауында «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыз өз өмірінің аяғына дейін сау болуы жəне оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуы керек», – деп көрсетілген. Себебі экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге адамның биологиялық-генетикалық құрылымы бейімделіп үлгере алмағандықтан, адам денсаулығына орасан зор нұқсан келуде. Табиғат тепе-теңдігін қалпына келтіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғат қазынасының, оның ішінде адамның өзін сақтап қалу проблемасы əрбір адамнан экологиялық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім беру — мектептің басты міндеті. Дүниежүзілік тəжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесіндегі 1999 жылы экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды.

Read More »

Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға

Аблахатова Ардақ Амангельдықызы, «Бизнес және сервис колледжі” КМҚК арнайы пәндер оқытушысы, Семей қаласы

Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі — оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мұғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек. Өйткені бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет.

Read More »

Оқу тәжірибесінде модульді құзыреттілік тәсілдеме негізін қолдану

Какимова Динара Болатбековна, “Бизнес және сервис колледжі” КМҚК-нің арнайы пәндер оқытушысы, Семей қаласы

«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте
оның білімдік деңгейімен айқындалады»
Н.Ә. Назарбаев

    Модульді құзыреттілік негізі оқытудың теориялық және тәжірибелік сабақтастығын қалыптастырады. Демек, студент оқу үрдісінде өзін жұмыс орынында қызмет атқарғандай сезінетіндей жағдай жасалынып, өзін маман ретінде көрсетуге мүмкіншілік алады. Мұндай оқыту технологиясы студенттерге шынайы еңбек қызметіне жүргендей арнайы маман ретінде қалыптасуына жағдай жасайды және студенттердің өз күшіне сенуіне мүмкіндік туғызады деуге болады.

Read More »

Ақпараттық біліктілік пен ақпараттық мәдениетті дамыту үшін экономикалық пәндер оқытушысының кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуеті

Еримбетова Аманкуль Налжигитовна, «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің экономикалық  пәндердің оқытушысы, Өскемен қаласы

     Заманауи оқытушы – бұл үйлесімді дамыған, ішкі жан дүниесі бай, кәсіби, жалпы мәдени мінсіздікке талпынатын тұлға, алға қойылған міндеттерді орындау үшін оқытудың барынша тиімді тәсілдерін, технологияларын тандай алатын, кәсіби біліктілігі өте жоғары деңгейде болатын тұлға. Оқытушының педагогикалық шеберлігі оның кәсіпқойлығында көрініс табады.
   Оқыту кәсіпқойлығы – бұл жалпы және кәсіби білімнің жоғары деңгейі, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды пайдалану, мамандану деңгейі, оқудың мақсат пен міндеттерін білім беру үрдісінде жүзеге асыру. Оқытушы өз білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп, өз бетінше білім алумен шұғылдануы қажет, сондай-ақ оның қызығушылықтары да жан-жақты болуы тиіс. Әсіресе, мұғалімнің өз бетімен білім алу мәселесі ақпараттық қоғам аясында аса өзекті, себебі мұнда ақпаратқа қол жеткізу және онымен жұмыс істей білу маңызды рөл атқарады. Ақпараттық қоғам –  білім қоғамын білдіреді, ал мұндағы басты рөлді ақпараттың білімге өзгеру үрдісі алады. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесі мұғалімдерден үздіксіз түрде білімнің жетілдірілуін талап етеді. 

Read More »

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта қолданудың тиімділі

Нургабиева Асем Калыбековна, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК-нің психология және өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы, Семей қаласы

     Мен өзімнің іс тәжірибемде «сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау – мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болатындықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.

Read More »

Үздік маман

Аблахатова Ардақ Амангельдықызы, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК-нің арнайы пәндер оқытушысы,  Семей қаласы

Байқаудың мақсаты:
Білімділік: мамандық бойынша алған білімдерін жинақтап, тиянақтау, біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, зердесін дамыту.
Тәрбиелік: білімге қызығушылығын арттыру, жауапкершілік сезімге, ұйымшылдыққа, өз мамандығын сүйе білуге тәрбиелеу.

Read More »