+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Көкейтесті мәселелер

Латын әліпбиіне көшу – ұлт сипатының айшығы

Құрманова Жұпар Сақанқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к.

Жексембева Бақытгүл Тұрысбековна, Катонқарағай ауданы, «Ново-Березовка орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын халық қазақ елінің рухани дамуы мен жаңаруының тұғырнамасы ретінде қабылдады. Бұл мақала ұлттық санамыз бен рухани өремізді дүр сілкіндіретін, ұлт болып ұйысуға, ел болып белді бекем бууға, ұлттық намысты ту етуге бастайтын тарихи қадам болды.

Read More »

Мұғалім мәртебесі ұлттың болашағы

Ниябаева Лунара Болатовна, Өскемен қаласы  әкімдігінің  « №26 орта мектебі » КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ислямова Ажар Амановна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы

Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» – деген. Ал жақсы мұғалім деп біз кімді айтамыз?

Біз жақсы мұғалім оқушыға жақсы баға қоятын, оқушыны әр түрлі сайыстарға қатыстырып, үнемі жүлделі орын алатын, тәрбиесіне ешбір сөз келтірмейтін, ата-анасына баланы тек мақтап отыратын тұлға деп қарастыратын бір жақты олқы пікір қалыптастырып алғанбыз. Бұл дұрыс па? Қарға баласын әппағым дейді, кірпі баласын жұмсағым дейді, әрине, бәріміздің көксеген мақсатымыз бір. Отбасы мен мектеп бірігіп, бір мақсатта жұмыс істеу керекпіз.

Read More »

Денсаулық сақтауды оқыту педагогикасы және оны іске асыруда қолданылатын технологиялар

Жақсылықова Г.И., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ» Білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы, Өскемен қаласы

Денсаулық – тек қана әрбір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның маңызды құрылымы. Біз жақын және қымбат адамдарды кездестіргенде, олармен қоштасқанда мықты денсаулықты тілейміз, себебі бұл толық қымды әрі бақытты өмірдің кепілі. Денсаулық бізге құрған жоспарларды орындауға, өмірдің басты амалдарын орындауға, қиындықтарды өткеруге, ал қажет болса тым көп жұмыс орындауда көмектеседі. Орынды сақталынатын және адамның өзі шынықтыратын денсаулық оған ұзақ және қозғалыста болатын өмірді қамтамасыз етеді.

Read More »

Дарынды оқушы – ұлт болашағы

Булекбаева Гульжанат Токтарбаевна, «№2 Теректі орта мектебі» КММ мұғалімі, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы

 «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды

Ұрпақтың орны мүлде бөлек»

Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында Мемлекеттік саясаттың мақсаты «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және жеке адамның дарындылығын дамыту». Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

Read More »

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы ҰБТ нәтижесін арттыру

Ныгызбаева Г.Ж., Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-гимназиясы» КММ-нің химия-биология пәндері мұғалімі

Білім берудің қазіргі заман талабы – шығармашыл жұмыс жасайтын, бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлға тәрбиелеу.Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау жүйесін пайдалануымыз өте пайдалы. Биология пәні бойынша 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ға сапалы дайындау үшін, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеру қазіргі таңдағы жұмысымның негізі және өзекті мәселелелердің бірі болып табылады.

Read More »

Оқушылардың дарындылығын қалыптастыру мәселесінің өзектілігі

Сарина Назигуль Уразгалиевна, «№47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Семей қаласы,

Оқушылардың дарындылығын қалыптастыру мәселесінің өзектілігінің артуы мектептегі оқу-тәрбие процесіне жаңаша тұрғыда қарап, оны оқушының білім, білік, дағдыны меңгеру ғана емес, танымдық-шығармашылық іс-әрекет және интеллектуалдық, шығармашылық процесс ретінде қарастыруды міндеттейді.

Педагогикалық процесс мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық қарым-қатынас негізінде әр жеке тұлғаның қабілеттері мен дара мүмкіндіктерін есепке ала отырып ұйымдастырылуы тиіс.

Read More »

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – басты міндет

Сахаритова Айжан Сарсеновна, «№22 ЖОББМЛ» КММ-нің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Семей қаласы

Ныгыманова Карлыгаш Женистыковна, «Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Семей қаласы

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – басты міндет. 2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылған.

Read More »