+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Білім берудегі инновациялар

«Лэпбук» технологиясын (lapbook лепбук) бастауыш сыныптарда ағылшын тілі сабақтарында қолданудың тиімділігі

Əубəкірова Лимара Қайырбекқызы, «Қазақстан орта мектебі» КММ-нің ағылшын тілі мұғалімі, Зайсан ауданы

Қазіргі білім беру жүйесінің маңызды міндеті – әмбебап оқу дағдыларын қалыптастыру, нақты пәндік шеңберінде білім меңгеруді ғана емес, «оқуға үйрету» құзыретін қамтамасыз ету болып табылады.

Педагог жұмысының мақсаты: тұлғаның өзін-өзі дамытуы, білім алушыларды интербелсенді, іздену-зерттеу жұмыстарына тарту арқылы шет тілін менгерту. Оқушылардың білімі өз іздеулерінің нәтижесі болуы үшін осы іздеулерді ұйымдастыру, оқушыларды жетелеу, олардың танымдық қызметтерін дамыту қажет.

Read More »

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-тәрбие ісі орынбасарларының мектепішілік бақылауды ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдері

Касенова Сайраш Куматаевна, «Айнабұлақ орта мектебі» КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы

Бiлiм беpу сапасы мемлекеттiк саясаттың негiзгi басымдылықтаpының бipiне жатады, мұндағы негiзгi басымдылықтаp: бiлiм беpу жүйесiн басқаpуды дамыту, педагогикалық қызметкеpлеpдiң еңбегiн ынталандыpу, оған мемлекеттiк қолдауды күшейту және бiлiм беpудiң баpлық деңгейлеpiн жаңа сапаға көтеpу. Бүгінгі күні бiлiм беpудiң мақсаты – тұлғаға ғана емес, сондай-ақ қоғамға қажеттi қабiлеттiлiктеpдi жан-жақты дамыту.

Read More »

Сандық білім беру ресурстарын жаратылыстану пәндерінде қолданудың тиімділігі

Ахметова Шырай Балтабековна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ химия және биология  пәні мұғалімі

Жаңа парадигмалық жағдайдағы педагогикалық инновацияда (неология, аксиология, праксиологиялық жағдайдағы) білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері мен даму бағыттарының кәсіби шығармашылық деңгейді көтерудегі басым бағыттары қарастырылады. Жаңа парадигмаға көшуде қазіргі таңдағы отандық және шетелдік зерттешілер (Роджерс, Д.Дьюи, Курт, Льюин, П.Ф.Каптеева, Ю.К.Бабанский, В.П.Сазанов, Г.С.Құдайбергенова және т.б.) еңбектерінде ғылыми негіздердің педагогикалық-психологиялық, ғылыми, әдіснамалық бағыттары басшылыққа алынады. Сондықтан мектепте жүргізілетін ғылыми-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыты, мазмұны, формасы, мақсат пен міндет айқындалса, бұл мектепте оқу-тәрбие үрдісінің сапалық деңгейі жоғары болары сөзсіз.

Read More »

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына оқушылардың қызығушылығын арттыру

Ибраймова Айгүл Қабышқызы, «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп – лицейі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ХХІ ғасыр – өзгеріске, жаңалыққа толы ғасыр. Қазіргі заманда бәсекеге сай, жан-жақты білімді, дарынды, әлемдік білім кеңістігіне ұмтылатын жеке тұлға қалыптастыру ұстаз алдындағы басты міндет. Ұстаздың алдындағы шәкірттерінің бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әртүрлі жеке тұлғаның жүрегіне жол тауып, олардың шамшырағын жаға білу күрделі құбылыс екендігі бәрімізге аян. Сондықтан ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім тұлғаны тек жаңаша ойлай алатын, ізденімпаз ұстаз ғана қалыптасытыра алады. Ол үшін ұстаз, ең алдымен, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, шәкірттерінің шығармашылығын дамытуға жағдай жасай алу керек.

Read More »

Заманауи білім берудегі инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттың технологияларды қолдану ерекшеліктері

Темиралова Г.Т, Өскемен қаласының «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ-нің биология пәнінің мұғалімі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр” деген болатын. Қазіргі заман мұғалімімен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруге жаңалыққа жаңа құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен иновациялық әдістердің сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.

Read More »

Тіл мен әдебиетті оқытуда оқушының айтылым дағдысын дамыту үшін белсенді оқыту әдісін сабақта қолдану

Баракбаева Айнагуль Алимбековна, «№2 Кешкі жалпы орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласы

Акангалиева Жанна Алимбековна, «№37 жалпы орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Қазіргі заманауи ғасыр талабы – үздіксіз оқу, өзін-өзі дамыту. Бүгінгі білім саласындағы жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдері ұстаздың тек қана дәріс оқушы және 40 минут бойы сабақты түсіндіруші ретінде болып қалуына жол бере алмайды. Сонымен қатар шәкіртте оны тек оқытушы ретінде қабылдай алмайды. Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды.

Read More »

Физика пәнін деңгейлеп оқыту технологиясы

Оразбаева Айгуль Казезовна, «Өрлеу»БАҰО филиалы ШҚО ПҚ БАИ тренері

Ниязбекова Айкерим Бурахановна, физика пәні мұғалімі

Қазіргі кездегі физика ғылымының даму деңгейі оқушылардың сапалы білімі болуын, шығармашылық еңбекке қабілетті, өз білімін ұдайы толықтыруға құштар және алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып пайдалана білуін талап етеді.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа әрбір жеке пәндерді тиімді ұғындырудың жолы – жаңа технология негіздерін пайдалану болып табылады. Сондай педагогикалық оқыту технологиясының бірі, оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытатын профессор Ж.Қараевтың “Саралап деңгейлеп оқыту” технологиясы физика пәнін оқытуда саралап, деңгейлеп оқытуға көп көңіл бөлінеді, бұл осы пәннің ерекшелігімен түсіндіріледі. Сондай-ақ әр сыныпқа рейтингтік жүйе кестесін қолдана отырып, оқушылардың деңгейін анықтауға болады. Деңгейіне қарап топтаған соң, деңгейлік тапсырмаларды кеңінен қолдануға болады.

Read More »

Диалогтік оқытуды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың субъект ретінде ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру

Бейсбаева Мадина Сериккаировна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ-нің директордың IT бойынша орынбасары, информатика пәні мұғалімі

Қазіргі таңдағы өзекті бағыттардың бірі – «Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының мектеп бағдарламасында тиімді іске асырылуы айтылған. Информатика пәніндегі мұғалімнің қолданатын ұтымды әдіс-тәсілдерді оқушының ақпараттық сауаттылығын арттыруда қалай қолданыс тапқан тәжірибесі ортаға салынды.

Цифрлық қоғам – адамдардың өмір жағдайына, олардың біліміне және жұмысына, сонымен қатар мемлекет, бизнес және қоғам арақатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы шешуші әсер ететін, қоғам өмірінің барлық салаларында білім мен ақпараттық доминантты рөлімен ерекшеленетін өркениет дамуының заманауи кезеңі. 2018 жылдың жазында елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылады. Негізі былтыр қаланған осынау жобаны Елбасы кешегі халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын.

Read More »