+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Білім беру мазмұнын жаңарту

Сабақта оқушылардың қажеттіліктерін ескеру мақсатында саралаудың маңызы

Толепбергенов О.С., «№3 ЖОББ мектеп-кешені» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі, Семей қаласы

Бүгінгі күні білім беру жүйесін жаңа сатыға көтеріп, сапалы білім беру ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі мақсаттары оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту. Оларға дайын білім беріп қана қоймай, сол білімдерін қоғамдық өмірде пайдалана алуды көздейді, яғни оқушының функционалдық сауаттылығына басты назар аударылады. Осы ретте сабақтарда оқушылардың ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін ескеріп саралау өте маңызды рөл атқарады. Себебі, алдымызға келіп отырған балалардың қабілеттері, қабылдаулары әр түрлі. Енді осы әр түрлі қажеттілікті ескеру үшін бізге сабақ жоспарын құруда оқу мақсатына жету үшін оқушыларды зерттеп, әр түрлі тапсырмалар, жұмыс түрлерін ұйымдастыруымыз керек.

Read More »

Қысқа мерзімді сабақты жоспарлауда белсенді оқыту әдістерді ұтымды таңдау жолдары

Жанузакова Н.А., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

Аманкулова А.Ж., «№3 ЖОББ мектеп-кешені» бастауыш сынып мұғалімі, ШҚО, Семей қаласы

Оқушының білімді нақты меңгеруі, оны ынталандыру, дамыту іс-әрекеттері жүзеге асатын оқу үрдісі – сабақ. Қысқа мерзімді жоспарда сабақтар бойынша жүргізілетін оқу-әдістемелік жұмыстар, оның ішінде белсенді әдістер нақты көрсетіледі. Әр сабақтың сабақ мақсаттары, оқу материалына сілтеме, бағалау критерийлері, негізгі түсініктер, қолданылатын материалдар, әдістер мен дерек көздері беріледі.

Read More »

Жаңартылған білім беру мазмұны контексінде бастауыш сынып оқушыларының айтылым дағдыларын қалыптастыру

Уызбаева А.А., «№ 36 жалпы орта білім беретің мектебінің» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.

Read More »

Жаңартылған білім беру шеңберінде бастауыш сынып оқушыларының айтылым дағдыларын қалыптастыру

Утеева Н.М., «№ 36 жалпы орта білім беретің мектебінің» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Себебі, сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға, ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді. Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейлінше сапалы болуына байланысты. Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу – бүгінгі таңның басты мәселесі.

Read More »

Білім беру процесінде рефлексияның рөлі

Қамзина Ардақ Нурахметовна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

Рефлексияны дамыту мәселесі қазіргі таңда педагогикалық қызметте қолданылатын, психологиядағы негізгі мән болып табылады. Отандық және шетел психологиялық зерттеу аясында ауқымды талқыланады.

Қысқаша психологиялық сөздікте рефлексия ұғымы былай беріледі: рефлексия (лат. reflexio-артқа жүгіну) – ішкі психикалық жағдайлар субъектісінің өзін-өзі тану процесі. Рефлексия – бұл тек қана өзін-өзі түсіну ғана емес, өзін-өзі тану. Ол басқаны түсіну және бағалау, оның жай-күйі мен қызметі сияқты процестерді қамтиды. Рефлексия арқылы педагог өз сана-сезімдерін, құндылықтарды, пікірлерді, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуді, топтарды, қоғамды жалпы адами құндылықтарымен сәйкестендіруге жетелейді. Рефлексияны жасау – «басынан өткізу», «ішкі дүниеден өткізу», «бағалау» деген сөздерді білдіреді.

Read More »

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жаратылыстану пәнін оқытудың маңыздылығы

Карыбаева Шынар Федровна, «№10 қазақ мектеп-гимназиясы»КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Аягөз қаласы

Қазіргі кезде оқушылардан білім алу үшін өздерінің оқу үдерісіне белсене қатысуын талап етеді. Ал ол үдеріске белсене қатысу үшін балалар қалай оқу керектігін білу керек. Яғни, ұстаздар қауымы «нені үйретемін?» деген сұраққа емес, «қалай оқу керектігін үйретемін?» деген сұраққа жауап іздеу қажет. Елімізде жаңартылған білім мазмұнына көшу осы талаптарға бастайтын қадам болып табылады.

Read More »

Жаңартылған білім беру мазмұнының берері көп

Альбина Жомартқызы Батырқанова, «Опытное поле орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Глубокое ауданы, Опытное поле ауылы

Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде «Біз қазір «білім –ғылым-инновация» атты ұштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», деген болатын. Ендеше біздің еліміз жаһандану кезеңіне дайын болуымыз қажет деп санаймын. Қазақстан Республикасында ортақ білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұныныа елеулі өзгерістер енгізіілуіне байланысты ШҚО «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырылған «Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасы» үш апталық атты курста толық нұсқасын меңгерудің сәті түсті.  

Read More »

Қалыптастырушы бағалау – табысқа жетудің бір жолы

Калимолдина Гульназира Каппасовна, Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-нің математика, физика бағыты бойынша оқу ісінің меңгерушісі

Бағалау – қозғаушы күш. Оқушы дұрыс бағаланса алдыға жылжиды. Оқушы үшін ең жаманы бағаланбай қалу. Бағалау – бұл оқушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау. Бұл ғылыми ұғым, ал оқушы көзқарасымен бағалау сабаққа оқушының ынтасын оятатын немесе қызығушылығын жоятын құрал. Дәстүрлі білім беруде пән мұғалімі жалғыз өзі сыныптағы оқушылардың жауабын бағалап келді. Оқушы жақсы оқыса жақсы бағасын алды, көбіне механикалық есте сақтау арқылы айтылған жауаптары бағаланды. Түсінуі, ол білімді қолдана алуы т.б. дағдылары ескерілмей қалып жатқан кездер жеткілікті. Жаңартылған білім мазмұнында бағалаудың критериалдық жүйесі мұғалімге оқушының білімін, ептілігін және дағдысын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оларды оқушының функционалдық сауаттылығымен байланыстырып қарауға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.

Read More »