+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Бастауыш білім беру

Бастауыш сынып пен мектеп алды даярлық тобы арасындағы интеграция

Скакова А.С., «№ 21 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Семей қаласы

Есембаева И.О., «№ 21 ЖОББМ» КММ мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі, Семей қаласы

Әр бала ойын кезеңінен ажырап, мектепке бару сәтінде қиын бейімделуден өтеді. Әсіресе мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптарға бармаған балалар үшін бұл кезең айтарлықтай ауыр. Себебі мектепке еш дайындықсыз келеді. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 30-бабында мектепалды даярлық тобына балалардың 5 жастан қабылдануы мектепалды даярлықтың міндетті екені көрсетілген.

Read More »

Бастауыш сыныптарындағы пәндерді кіріктіріп оқытудағы жаңашыл мұғалім жұмысының ерекшеліктері

Дусупова Айжан Амантаевна, бастауыш сынып мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Чапаев ауылы

Шағын жинақты мектептерді дамыту мәселелері Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жаңғыртудың өзекті проблемалары болып табылады. Бүгінде шағын жинақты мектеп жұмыстарын жетілдірудің басты бағыты – мұғалімдердің теориялық және әдістемелік деңгейін арттыру.

Жаңа заман талабына сай жас жеткіншектерге білім беріп, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдану – оқытудың негізгі талабы. Жаңашыл мұғалім оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеріп, түсінуін, бағалай алуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияларды жоспарлы түрде енгізу арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ізденушілікке баулу қалыптастырылуда.

Read More »

Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру

Далелханқызы Айдана, «№8 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен қаласы

Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой-өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады. Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады.

Read More »

Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру

Жунусова Ж.Ж., «№8 орта мектебі» КММ–нің бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен қаласы

Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой-өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады. Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады. Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты – болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге, өз Отанын, ел-жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі – алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі.

Read More »

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

Асқарова М.А., «№8 орта мектебі» КММ–нің бастауыш сынып мұғалімі , Өскемен қаласы

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әлемдік қауымдастықта өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.

Read More »

Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту

Бигалиева Гульмира Бигаликызы, Өскемен қаласы әкімдігінің «№19 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Зейін – адам санасының қандай да бір өзіне қажетті немесе қызықтырған затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп обьектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл обьектіге қатысы жоқтың бәріне назар аудармауды айтады.Білім беру үрдісінде зейіннің алатын орны ерекше. Оқыту мен оқуда, жетістікке жету, зерттелетін обьектіге зейін қоюдан басталады.

Read More »

Бастауыш білім берудегі жаңашыл әдіс-тәсілдердің тиімділігі

Саршанова Жанар Солтанбековна, «Қалжыр орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптасыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» делінген.

Read More »

Оқу мақсаттары арқылы пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Камзина Ардак Нурахметовна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ МДТжТӘ кафедрасы аға оқытушысы,

Құсайын Динара Бурабайқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы 

Шеберлік сағаты

Тақырыбы: «Оқу мақсаттары арқылы пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»

Read More »

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру

Чукетаева Жулдыз Болатқызы, «Ушанов орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Глубокое ауданы

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету, қалыптастыру, меңгерту. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.

Read More »