+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Атаулы күндер. Мерейтойлар

31 мамыр – халыққа қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Чекетаева Роза Сарқытбекқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы

Бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет. Қазір біз азат мемлекетте, азаттық дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Оның бастамасы Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларациясының жариялануымен тығыз байланысты. 1990-1991 жылдар ірі саяси оқиғаларға толы болды. Олардың ең бастысы – одақтас республикалардың егемендік, кейіннен тәуелсіздік алуы мен КСРО-ның ыдырауы еді. 1990 жылдың 25 қазаны әрбір қазақтың санасын оттай шарпып өтті. 260 жыл бойы отар болып келген халқымыздың жүрегінде үміт оты пайда болды.

Read More »

Ұлы Отан соғысының ардагері, ардақты ұстаз Қ.Нұрғалиев

Чекетаева Роза Сарқытбекқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, т.ғ.к.

1941 жылы 22-ші маусымда бүкіл халықпен Құмаш Нұрғалиевте соғыстың басталғанын естиді. Он  жетіден асқан Құмаш Нұрғалиев 1943 жылы 26 мамырда өз еркімен Бұғымүйіз ауылынан әскер қатарына шақырылып, 1943 жылдың 1-маусымында капитан М.Астаховтың бұйрығымен Зайсан аудандық әскери комиссариаты арқылы су жолымен қасындағы бес жігітпен Отан қорғауға аттанды. Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының Зайсан бөлімшесіндегі 284-қор, 1-тізбе, 24-істің 144 бетіндегі сарғайған газет бетіне жазылған әскери комиссариаттың бұйрығында нақты уақыты 1943 жыл 1 маусым деп көрсетілген.

Read More »

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы

Тлеубердинова Венера Муратбеккызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының PR SMM-маманы

Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келді.

Read More »

Мемлекеттік рәміздер – Ұлы Дала Елінің мәртебесі мен айбыны

Нугуманов Б.Б., «Өрлеу»» БАҰО» АҚ филиалы ББСжБ кафедарасының аға оқытушысы

Ежелден еркіндікпен өмір сүріп, еңселі ел болуды әр уақытта мақсат еткен бабаларымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» дегенді айтқан еді. Ал сол егемендіктің ең басты да мәртебелі белгісі тәуелсіз ұлттың нышандары, тәуелсіздікті білдіретін мемлекеттің ұлы рәміздері болатын. Нақты айтқанда, мемлекеттік рәміздердің өзі «тәуелсіздік» сөзін мәдени нышандар ұғымымен ұштастыратын синоним. Сондықтан да рәмізсіз тәуелсіз елдің болмайтыны анық.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 130-шы күні, Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына және «ҚР Мемлекеттік Туы туралы», «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.

Read More »

Сені ойладым, ата! (Ұлы Отан соғысының ардагері, ұстаз Сарқытбаев Садуақас атамыздың рухына арнаймын)

Бердигожина Гульнара Нурсабетовна, «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Өскемен қаласы 

«Ерлік елеусіз қалмасын».
Б. Момышұлы

    Артынып, тартынып ауылға бара жатырмын. Кеше кезекті еңбек демалысына шыққанмын. Есейіп ержеттім десем де, ауыл есіме түскенде өзімді қашанғыдай бала сезінемін. Ауылға жеткенше өрекпіген көңілімді баса алмайтын әдетім. Тез жетсем деймін. Менің асыққан көңілімді ұққандай, автобус та жүйткіп, барын салып ұшып келеді. Орындыққа жайлы жайғасып, сыртқа көз саламын. Бұйра жалдар көз ұшынан тізбектеле қалып жатыр. Қарағайы, самырсыны, қайыңы, мың сан гүлге оранған даласы көздің жауын алады. Терезеден ескен таңғы салқын ауа бетіңді аймалайды. Көкірек көңіліңді оятып, жан сарайыңды ашады…Терең дем алып, сергіп сала бердім.

Read More »

Тәуелсіздік жылдарындағы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үлгісі

 Исебаева Инабат Советовна, Базылбек Ахметов атындағы орта мектебінің мұғалімі, Ұлан ауданы

«Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату».
Н.Ә. Назарбаев

     Қазақстан Республикасының тәуелсіз, дербес мемлекет болғанына, міне, жиырма алты  жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз басынан көптеген қиыншылықтарды өткеріп, биік белестерді бағындырды. Әрине, тарих үшін жиырма алты  жыл ұзақ уақыт емес, бірақ біздің жас мемлекетіміз үшін бұл – үлкен кезең.
     Жиырма алты  жылдық тәуелсіз тарихымыздың жетістіктерін тізе берсек өте көп. Осы аталған қысқа мерзімде жеткен жетістіктердің өзі 100 жылға пара-пар. Ол жетістіктер әрбір қазақстандықтың Отанына деген мақтанышын, сүйіспеншілігін оятады. Әсіресе жастар арасында осы патриоттық сезімнің өсуі, тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына сенімділігін арттырады.

Read More »

Биыл Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 350 жыл

Нурмухамбетова А.,  № 45 бейімделген орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

        Қазақтың дуалы ауыз шешені, ел бастаған көсемі, теңдессіз биі, əділдіктің ақ туын желбіреткен үш жүздің төбе биі Қаз дауысты Қазыбек бабамызға 350 жыл толып отыр.
        Қаз дауысты Қазыбек би, қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген.
        Бұл кісіні Алла əу бастан ерекше қып жаратқан адам. Жас кезінде-ақ қалмақ ханына көппен Абылайды тұтқыннан босатуға елшілікке барғандарға атқосшы болып ілесіп барып, абыройы асқақтап Қаз дауысты Қазыбек деген атты алып қайтқан. Жас кезінен-ақ əділдігімен көзге түсіп, билікке араласқан. Бабамыз шешкен билік ың-шыңсыз, дау-дамайсыз түйінделеді екен.

Read More »

Қазақстанның болашағы – жалынды жастар

Бейсембаева А., Тенкебаева Р.,  Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері,  Күршім ауданы, Боран ауылы

      Қазақстан Республикасы рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл, Қорғаныс күштерінің құрылғанына 25 жыл, «Алаш» партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай және  «ЭКСПО-2017»-ге арналған «Қазақстанның болашағы – жалынды жастар» тақырыбындағы аудандық мектеп оқушылары арасындағы көркемөнерпаздар шығармашылық концертінің  сценарийін ұсынамыз.

Фанфар ойнап тұрады:

1-жүргізуші:
Көпшілік сәлем бердік бәріңізге,
Бар сіздерге би менен әніміз де.
Құтты болсын бүгінгі мерекеміз,
Жырымыз көп сіздер үшін әлі бізде.
2-жүргізуші:
Би менен тарту етер асқақ әнін,
Өлең – жырсыз болмайды тойдың сәні.
Өнерсүйгіш, еңбекқор көпшілікке,
Отырмыз шағын сауық бастағалы.
1-жүргізуші:
Звук фанфар взметнулся  круто,
В ожидании замер зал.
Что ж, друзья, пришла минута,
Творческий открыть канал.
2-жүргізуші:
Good afternoon and good day
Say hello to the man
Good afternoon and good day
Be kind to everyone
1-жүргізуші: Армысыздар, даналарын ұлықтаған, аналарын ардақтаған, өткенге салауат, келешекке аманат артқан, жастарына жалын берген – айбынды  Алаш жұртым!
Құрметті қонақтар! Құмаш Нұрғалиев атындағы  гимназия оқушыларының Қазақстан Республикасы рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл,  Қорғаныш күштерінің құрылғанына 25 жыл, Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай және  «ЭКСПО-2017»-ге  арналған «Қазақстанның болашағы – жалынды жастар» тақырыбындағы аудандық мектеп оқушылары арасындағы көркемөнерпаздар шығармашылық концертін тамашалауға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады.  Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті емес пе?!
1-жүргізуші: Лазер, Семей жеріндегі атом жарлысы болған полигон туралы естідің бе?
2-жүргізуші: Иә, Диас. Ол жергілікті халықтың өміріне, сол жердің табиғатына орасан зор зақым келтірді. Жарылыс жер астында жүргізілгенімен, радиоактивті сәулелер қоршаған табиғатқа, жан-жануарларға, ауа мен суға тарады. 1989 жылы қазақстандықтар өткізген «Семей-Невада» қозғалысы Семейдегі полигонды жапты емес пе?
1-жүргізуші: Осы тарихи жағдайларға байланысты Ұлықбек Есдәулетовтың сөзіне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың «Заман-ай» әні шықты.
1. Хор. «Заман-ай»    
Әні: Т.Мұхаметжановтікі. Сөзі: Ұ. Есдәулетовтікі
Орындайтын:  Мектеп оқушылары

Read More »

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына – 25 жыл: бейбітшілік, қауіпсіздік және даму жолындағы әріптестік

НУГУМАНОВ Б.Б.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО ПҚ БАИ-дың аға оқытушысы

     Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің маңызы зор және саяси салмағы басым болып табылады. Биыл Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақ орнатқанына – 25 жыл. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы бұл ұйымға 1992 жылдың 2 наурызында өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46 сессиясында қабылданған №46/224 шешімінің (резолюциясының) нәтижесінде кірген. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі – біздің еліміздің әлемдік қауымдастыққа шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде кіргендігін көрсететін маңызды тарихи акция болып табылады. Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ-мен бірлесіп әрекет етуі – еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі.
     Бүгінгі Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымында әлемдік қауымдастықтың қарапайым ғана жаңа мүшесі емес, ядролық қарусыздандыру қозғалысының алдыңғы қатарында тұрған, қазіргі кездегі маңызды халықаралық мәселелерді шешудегі белсенді іс-әрекетті ұстанатын мемлекет ретінде белгілі. 1991 жылы Семей ядролық полигонының Жабылуы мен 1992 жылғы Лиссабон Хаттамасына қосылуы – Қазақстанға үлкен бедел әкеліп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жоғары трибунасынан халықаралық қауіпсіздік саласындағы өз бастамаларын жариялауға моральды құқықты қамтамасыз етті.

Read More »