+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Category: Айтарым бар

Тәрбиеші мамандығы

Мухаметжанова Шынар Ерланқызы, «№13 «Дария балабақша-бөбекжайы ҚМҚК «Еркетай» тобының тәрбиешісі, Өскемен қаласы

Бала жанының бағбаны деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.

Бала жанының бағбаны ол – тәрбиеші, адамшылық ар-ожданы жоғары, намысшыл, қайталанбайтын жеке тұлға. Тәрбиеші мамандығы – біліктілікті, икемділікті, шеберлікті, ерекеше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» — деген екен ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби.

Read More »

Қош келдің, Әз Наурыз!

Кумарова Назым Советхановна, «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Пчёлка» бөбекжайы» КМҚК қазақ тілі пәні мұғалімі

Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың қайта жаңғыратын ерекше сәтінде қазақ халқының ұлылығын дәріптей түсетін Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамы тойланып, Жаңа жылымыз басталады. Бұл – ақ түйенің қарны жарылған күн, ырысты, ынтымақты ұлы той. Ел ынтымағын арттыруда Наурыз мейрамының алатын орны ерекше. Бұл күні араздасқан ағайын бір-бірімен табысып, ағаттыққа кешіріммен қараған. Бірлікті, ынтымақты ту еткен мерекені жаңа өмірдің, жаңғырудың бастауы деп қабылдаған. Халқымыз үшін Наурыз – жыл басы. Бұл мезгілдің біздің балабақша үшін де маңызы зор. «Пчёлка» балабақшасында ұлттық құндылықтардан сыр шертетін мерекелік шара ұйымдастырылды.

Read More »

Мен – заманауи педагогпін

Мухаметжанова Шынар Ерланкызы, воспитатель КГКП «Детский садясли №13 «Дария» отдела образования по г. УстьКаменогорск

Ақырын жұүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Абай Құнанбаев

Мен – заманауи педагогпін! Әрине, біздің мемлекетте осындай маман бір Мен емес және бұл мені қуантады. Заманауи педагог – бұл мән бойынша үлгі алуға тұрарлық эталондар. Педагог – көшбасшы! Заманауи, қарқынды өзгеріп жатқан әлемде көшбасшылардан жаңа белестерге ізбасарлардың қабілетін шабыттандыруды үйренеді. Мен бәсекеге қабілетті жастарды дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жаңалықтарды білуге міндеттімін.

Read More »

Халық құрметтеген ұстаз болу – жүректің батырлығы

Чекетаева Роза Сарқытбекқызы, «БАҮО «Өрлеу» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, т.ғ.к.

«Қолда бар алтынның қадірі жоқ», – деп айтқандай, біз өзіміздің танымал педагогтердің тәжірибесін таратқанда артқа шегіншектеп көп қараймыз. Қазір бір қуантарлығы, білім мазмұның жаңарту бойынша біліктілікті арттыру курстарында Ыбырай, Шәкәрім, Міржақып аталарымыздың айтқан өсиеттерін де қарап жатырмыз. Дегенмен әлі де біздің жерлестеріміз Қ.Нұрғалиев, Қ.Бітібаеваның педагогикалық ойларын кеңінен шетел асырып насихаттасақта болар еді. Олар асылдан алқа тағынаған жоқ, тек олардың еңбегін ел таныды.

Read More »

Жаңашыл ұстаз – қоғамдық өмірдің көшбасшысы

Биторинова Камал Аманбекқызы, «№10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Аягөз ауданы

«Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім»

Мұхтар Әуезов

Қазіргі кезде жұртшылық арасында ХХІ ғасырда білімнің жоғары сапалы және әділ болуына ықпал ету үшін білім беру жүйесінде реформа жүргізу қажеттігі туралы ортақ пікір туындап отыр.

Әлем кеңістігіндегі білім берудің мақсаты – қазіргі өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын адаспай, дұрыс таңдай алатын, оң шешім қабылдай білетін тұлғаны қалыптастыру және әр балаға сапалы білім беру. Оқыту сапасының тұрақты болуына қалай қол жеткізу керектігі көптеген елдердің білім беру саясатының негізгі мәселесі болып отыр.

Read More »

Өмірді сүйген, адамды сүйген жүрекпен… (Дикөн ағам туралы бір үзік сыр)

Құрманова Жұпар Сақанқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ ИББжАТ каф. меңгерушісі, ф.ғ.к.

Өмірді сүйген, адамды сүйген жүрекпен,

Қаламмен мынау қағазға талай гүл еккем.

Қазақтың жанын қазақтың қара сөзімен,

Бозала таңнан «Талтүске»дейін жыр еткем.

Осынау өлең жолдары белгілі жазушы-драматург Дидахмет Әшімханұлының жазбаларынан алынған. Өзіндік дара стилімен өз оқырманын тапқан, әңгіме жанрының айтулы шебері, талантты прозашы көзі тірі болса 10 маусымда 70-ке толар еді. Оның шығармашылығына тән ортақ сарын – адамзат бойынан адамгершіліктің қашып, қоғамның қатыгезденіп бара жатқанын түрлі мінез, қилы тағдырлар арқылы ашына толғау.

Read More »

Ұлы Отан Соғысы Жеңістің 75 жылдығы

Тлеубердинова Венера Муратбеккызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың МДТжТӘ кафедрасының SMM-PR маманы

«Біздің жүрегіміз темір емес.

Бірақ біз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере аламыз,

біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар,

ол – Отанға деген сүйіспеншілік»

Б.Момышұлы

Міне, Ұлы Отан соғысы аяқталғанына да 75 жыл толып, жеңіс күнін атап өттік. Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

Read More »

Ұстаз-ұлағатты есім

Нуртазина Еркежан Маратовна, «БАҰО «Өрлеу» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ, Өскемен

Мыңбаева Ұлпан Серікқызы, ЖШС » Бөбек» мектепке дейінгі шағын орталықтың тәрбиешісі

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі- Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез- келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп, тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.

Read More »

Қазіргі заманғы мектептегі жас мұғалім – бұл бүгінгінің бетке ұстары, болашақтың тұтқасы!

Тлеубердинова Венера Муратбеккызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың МДТжТӘ кафедрасының SMM-PR маманы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасы өткізген «Қазіргі заманғы мектептегі жас мұғалім – бұл…» атты облыстық жарияланым конкурсы байқауға қатысқан жас мұғалімдер педагогикалық қызметке тұрақты мотивациямен, жалпы іске – білім беру ортасын дамытуға қатысу жағдайында жұмыс істейтінін көрсетті. Байқауға қатысушылардың пікірлері жас педагогтарға да, тәжірибелі педагогтарға да қызықты болады деп үміттенеміз. Егер қазір таңдау жасау керек болса, олар педагогикалық жоғары оқу орнын және сол мамандықты да қайта таңдар еді. Демек, батыл және шығармашыл педагог болады. Инновациялық және заманауи идеялар болу. Мұның бәрі болуы керек!

Read More »

Еліміздің салттары туралы пікір

Хамзин Жиенбек Ерсұлтанович, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

Бұл тақырыпты жазған себебім, биыл денсаулық және спорт жылы деп жарияланғаннан кейін, соған қосқан үлесім болсын дегенім. Егерде осы мақаланың әсерінен кемінде бір ана бесікке бөлеуден бас тартса ол да менің отандастарымның денсаулығына қосқан үлесім деп білемін.

Read More »