+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Педагог-психолог жұмысының бағыттары

Жанар Ерімбекова, «Қабырға негізгі орта мектебі» КММ мұғалімі, Катонқарағай ауданы, Қабырға ауылы

Қазіргі таңда практикалық психология белсенді даму үстінде: психологиялық қызметтің небір салалары бар. Психология күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстардың мәнін ұғынуды, бала тәрбиесі, психикалық тұрғыдан денсаулық туралы, тұлғалық даму туралы ойланатын, түсінгісі келетін әр адамның ең жақын қолдаушысына айналуы тиіс. Ұлдардың, қыздардың жүріс-тұрысы, киім киінуі, құрбы-құрдастарымен, айналысымен қарым-қатынасы, бәрі де арнайы білім алумен бірге тәрбиеге тығыз байланысты. Біз, ата-ана, мұғалімдер және психологтар – оларға көрсеқызарлық, жеңіл мінезділік, жат қылықтардан гөрі татулық, адамгершілік қасиеттерді көбірек айтып, бойларына сіңіре отырып, тәрбие өзегіне айналдырамыз.

Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға соңғы кезде үлкен назар аударылуда, өйткені мектептегі оқушылардың жеке ерекшелігін, таным процестерін толық менгеруге, ата-аналар мен мұғалімдердің көптеген мәселелерін шешуге, психологиялық жағынан көмек беруге мұғалімдердің өздеріне өте қиын. Сондықтан да білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып отыр. Мектептегі психологиялық қызмет дегеніміз не, мақсаты, міндетті, іс-құжаттарының түрлері қандай деген мәселені қарастырайық.

Мектептегі психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру.

Халыққа білім берудегі мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:

1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуалдық жетілуін, өзін-өзі тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.

2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекшеліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады.

3. Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.

Міндеттері:

– білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологиялық қызметінің міндеттері мен мазмұнын анықтау;

– мектеп психологі қызметінің негізін құратын жұмыс бағыттарын, іс-құжаттары мен психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;

– І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектеп директорымен бекітілген педагог-психолог С.Браташтың лауазымдық міндеттері;

Өз жұмысына педагог-психолог Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, білім беру саласын басқаратын барлық деңгейдегі органдардың шешімдерін басшылыққа алады.

Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелер, мектеп психологының негізгі қызметтік мәселелері туралы арнайы психологтың ұстаным әдебі туындайды:

Бүлдіріп алма! Өз біліміңді игілік үшін қолдан!

Баға беруге асықпа! Әсіресе, теріс баға беруге әуестенбе! Теріс бағаны дауыстап айтпа!

Әр адамды қазір қандай, сол тұрғыда «сөзсіз оң қабылдау» (Роджерс). Өзіңе сеніп келген баланы түсінуге тырыс.

Кәсіби құпияны сақта. Оқушылар, педагогтар, ата-аналар туралы оларға қандай да кесел келтіретін мәліметтерді хабарлауға қатаң тыйым салынады.

Жұмыстағы әріптестеріңді, олардың кәсіби шығармашылығы мен жұмыс әдістерін өз бетінше таңдау құқығын сыйла.

Өзге адамдар алдында әріптестерге қатынасты жұмыстағы жағдайларды талқылама!

Білікті бол! Өзің жеткілікті дәрежеде игермеген техника мен әдістемелерді қолданба!

Клиентпен өзара шекараңды біл! Клиентке өзі туралы аса қымбат құпияларын ашуға мүмкіндік берме, оны белгілі бір арақашықтықта ұста, әйтпесе оның құрметі мен сенімін жоғалтып алуға болады.

Клиенттің өз құқықтары мен қылықтарына өзі жауап беру мүмкіндігін тартып алма! Клиентке өз тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет.

Өз біліміңді көрмеге қойма! Клиентке кез келген сәтте сөйлеуге, ойын айтуға мүмкіндік бер.

Клиентке теріс ақпарат берме. Психолог кей кезде өзі біле бермейтін нәрсе туралы айтып, соңынан ол жалған нәрсе туралы мойындағысы келмеуі мүмкін. Бұл клиенттің де, психологтың да өмірін күрделендіруге, немесе қате шешім қабылдауға алып келуі мүмкін.

Клиенттің психологиялық процедураларға міндетті түрде қатысуы және ерікті түрде қатысу принципін сақта.

Өзіңді адам ретінде және маман ретінде құрметте! Ескер! Психологтың негізгі қасиеті – тыңдай білу…

Теңіз жағасында күнбе-күн бір қарт адам жағаға шығып қалған теңіз жұлдызшаларын еңкейіп алып теңізге кері лақтырып жүреді. Оны байқап жүрген бір бала: «Ата, мұндай жұлдызшалар мың-мыңдап толып жүр ғой теңізде. Несіне әуре боласыз? Сіздің кері лақтырғаныңыздың қандай пайдасы, мәні бар» депті. Сонда қарт кезекті жұлдызшаны көтеріпті де: «Оның мына жұлдызша үшін мәні бар» деп жұлдызшаны суға жіберіпті.

Әрбір адам – бір жұлдыз. Біздің міндетіміз әрбір адамның жарқырауына көмектесу!!

Психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары, міндеттері және оны жүзеге асыру формалары

Психологиялық диагностика – оқушының, ата-ананың тұлғааралық жетілуіндегі ерекшеліктерді нормадан ауытқуды ғылыми негіз деп беретін сала. Психологиялық диагностиканың мақсаты: жеке тұлғаның дара және жас ерекшелігін, тұлға аралық қарым-қатынасын зерттеу. Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті – педагогтарға ата-аналарға балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері жайлы қажетті ақпарат беру. Психологиялық диагностикаға кіріспестен бұрын, оқу жылы барысында тесттердің мақсаты мен міндетін түсіндіру, олардың жазбаша рұқсатын, қолдарын жинау қажет.

Психологиялық ағарту (профилактика) – мұғалім, ата-анасы, оқушыны психологиялық білімдермен қамтамасыз ету, жаңалықтарды жеткізу. Психологиялық ағартудың мақсаты – тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуын кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, педагогтарды, ата-аналарды психологиялық біліктілігін арттыру.

Психологиялық ағартуға әдістемелік кеңесте, ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар, әңгімелесулер, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жаднамалар дайындау. Балаларға қазіргі уақытта бақытты арайлы өмір жағдайын туғызу. Яғни ересектерге психологиялық ағарту жүргізу арқылы мұның басты мәселе екеніне көзін жеткізу.

Психологиялық алдын алу – мүмкін болған ауытқудың алдын алу шаралары.

Психологиялық алдын алудың мақсаты: барлық жас кезеңінде балалардың психологиялық саулығын дамыту және сақтау, нығайту.

Әр жас кезеңін ескере отырып, балаларға арналған дамыту бағдарламаларын жасау және он іске асыру, алдын алу шараларын қолдану, мектептегі тәрбие мен оқу арқылы баланың толыққанды дамуына жадай туғызу психологтың ең жауапты жұмыс бағыты.

Психотүзету (психокоррекция) және дамыту-түзету, өңдеу мақсатында нормадағы балаларды қарастырады, ауытқуы бар балаларды түзету іс-шараларын қарастырады. Психологиялық түзетудің мақсаты: балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик психологтан шеберлікті қажет етеді.

Психологиялық кеңес (консультация) жүргізу, кәсіби кеңес (консультация) жүргізу – диагностикалық негізде туындайды.

Психологиялық кеңес берудің мақсаты: педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді,оқу-тәрбие үдерісінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету.

Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлігі мен дағдысын дамытумен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.

Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:

1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;

2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру;

3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу.

Аналитикалық іс-әрекеттің мақсаты: туындаған проблемалық себептердің ғылыми-теориялық негіздерін қарастыру, педагогикалық процеске қатысушыларға кешенді ұсыныстар жасау.

Психологиялық білімді көтеру – мақсаты: педагогикалық үрдістерге қатысушыларды психологиялық мәдениетін көтеру. Балалармен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері:

  • оқушы баланы әлеуметтендіру, яғни білім беру мекемесі мен өз тобына, сыныбына, жаңа ережеге және қарым-қатынасқа бейімдеу;
  • жас кезеңіндегі баланың психикалық дамуын қалыпты ету;
  • бала дамуындағы өзіне ғана тән ерекшелігін, әрекетінің және қарым-қатынасының жеке стилін қалыптастыру;
  • баланы өзін-өзі жетілдіруіне және тұлғалық өсуіне ықпал ету;
  • баланың эмоциялық және ерік сипаттарын тұрақтандыру;
  • баланың танымдық қабілетін, қарым-қатынасын және қайтымды байланысын белсенді ету;
  • балалармен топтағы тұлғаралық қатынасын оңтайландыру;
  • балалардағы психологиялық ауытқулар мен бұзылулардың алдын алу.

Мектептегі қосымша міндеттер:

-мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру;

-ішімдік пен есірткіге психологиялық, химиялық тұрғыда бағыныштылықты және формальды емес топтар мен діни, қоғамдық-саяси, асоциалды бірлестіктерге психологиялық бағыну мен олардың манипуляция жасауының алдын алу;

Психологиялық-педагогикалық консилиум – белгілі бір баланың, сыныптың немесе тұтас білім мекемесінің психологиялық-педагогикалық проблемаларын шешудің тәсілдерін анықтайтын психологтың педагогпен, білім мекемесінің әкімшілігімен бірлескен жұмысы.

Психологиялық жұмыстың бағыттары:

– балаларды диагностикалау;

– балалардың дамуын түзету;

– балалардың ауытқуын алдын алу;

– балалармен дамыту жұмыстары;

– балаларға кеңес беру;

– балаларға ағарту жұмысын жасау.

– жұмыстың оңтайлы формалары:

Білім мекемесіндегі баламен жеке жасалатын жұмыстар — диагностикалау, ойындар, сабақтар, кеңес берулер. Топпен және кіші топпен жұмыстар – психологиялық түзету, дамыту сабақтары, психологиялық сабақтар, сағаттар.

Балалардың өз қатарластарымен бірлескен жұмысы. Отбасымен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері: Бала мен ата-ана қатынасын оңтайландыру; Баланы дамыту мен оқытудың жеке стратегиясын анықтау;

Баланың жағымды эмоциялық күйін және жетістікке жетуін қамтамасыз ету;

Баланың психологиялық ауытқуын және бұзылуын алдын алу.

Психологиялық жұмыстың бағыттары:

– ата-аналарды диагностикалау;

– ата-аналармен дамыту жұмыстарын жүргізу;

– ата-аналарға кеңес беру;

– ата-аналарға ағарту жүргізу.

Жұмыстың оңтайлы формалары:

– ата-аналармен жеке жұмыстар – диагностикалау, кеңес беру.

-топтық жұмыстар – психологиялық тренингтер, семинарлар, ата-аналар клубы, ата-аналар жиналысы. Ата-аналар мен баланың бірлескен жұмысы.

Педагогикалық ұжыммен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері:

– педагогикалық үдерісті психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету;

– педагог пен бала қарым-қатынасындағы педагогикалық стильді оңтайландыру;

– баланың тұлғалық өсуіндегі дара ерекшелікті анықтау.

Психологиялық жұмыстың бағыттары:

– педагогикалық ұжымды диагностикалау;

– педагогикалық ұжыммен дамыту жұмыстарын жасау;

– педагогикалық ұжымға кеңес беру;

– педагогикалық ұжымға ағарту жұмыстарын жүргізу.

Жұмыстың оңтайлы формалары:

Педагогтармен жеке жұмыс – диагностикалау, кеңес беру, сабақтарға қатысу және оны талдау. Топтық жұмыс – психологиялық тренингтер, семинарлар. Педагогпен және әкімшілікпен бірлескен жұмыс.

Білім мекемесі жағдайында жасалатын психологиялық жұмыстың екі формасын жүргізу, яғни психологиялық-педагогикалық консилиум ұйымдастыру және педагогикалық кеңеске мәселені қою.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype