+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Психологиялық тренинг тақырыбы: Өзгеден табылмайтын өз мінезім!

Масалимова Эльмира Бидахметовна, ШҚО ББ «№8 балалар үйі» КММ педагог-психологы

Адам өмірге пәк, ештеңеге хабары жоқ, ақ қағаздай таза болып келеді. Өсе келе, адамдар мінез-құлық, іс-әрекеттері арқылы бір-бірінен ерекшеленеді. Біз белгілі бір адамды сипаттау немесе оған баға беру үшін, ең алдымен оның мінезін айтамыз. Соның ішінде ол адамның өзін қоршаған ортадағы іс-қимылын, адамдармен қарым-қатынасы, оның орны жайлы айтылады.

Мінез-адамның бүкіл өмір бойғы іс-әрекеттері мен қылықтарына, өзін-өзі тәрбиелеуіне байланысты қалыптасып, дамып отыратын өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.

Кейбір адамдар қиын жағдайда қарама-қайшылықтарды жеңіп іс тындырса, одан өзіне рахат табады және осындай жағдайды өздері ұнатады, ал басқалары керісінше оңай жолды іздестіреді. Мұндай адамдар үшін өзіне тапсырылған істі қандай нәтижемен аяқтағаны және басқа адамдарға қандай әсер қалдырғаны аса маңызды емес, олар тек қана өзгелерден қалыспай орындағанды маңызды санайды.

Мінез дегеніміз – грек тілінен аударғанда «із қалдыру», «ерекше белгі» деген мағынаны білдіреді. Сонымен, мінез-адамның өмірге беталысын білдіретін, тұрақты және тұрлаулы жеке дара қасиеті болып табылады.

Психологиялық мінез-құлық – ол адамның іс-қимылы мен эмоциялық сезімталдығы нәтижесінде де анықталады. Адамның қимылдау сферасына қарай оған жинақы, тиянақты және т.с.с баға берілсе, эмоция сферасы жағынан ақ көңіл, тұйық, өзіне сенімсіз деген баға беруге болады.

Жеке тұлға немесе мінез жайында айтқанда олардың бір-бірінен айырмашылығын байқауға болады. Мысалы, адамды тұлға ретіндне сипаттағанда жоғары, атақты, шығармашыл деген сөздер айтылса, ал мінезді сипаттағанда ауыр мінезді, қатыгез, темірдей қатты, жұмсақ мінезді, алтын адам деген сөздер лайық  келеді.

Тәрбиеленушілердің дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруда, балалар үйіндегі көңіл-күйлерін көтеру, өмірге құштарлығын арттыру мақсатында түрлі психологиялық тренингтер жүйелі өткізіліп отырылады.

Психологиялық тренинг дегеніміз – қабілетті арттыру, тез шешім қабылдау, қысылтаяңда жол таба білу, тіл табысу, ұғынысу, адамдармен санаса білушілік, белгілі бір әрекет, іс-қимыл үстінде оны жүзеге асыру болып табылады.

«Өзгеден табылмайтын өз мінезім!» психологиялық тренингі тәжірибелі психолог мамандарға арналған. Жалпы психология іліміне қызығушылығы бар барлық оқырманға ұсынылады.

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Тренинг сабақтың құрылымы:

1. Танысу

2. Әдістеме «Менің мінезім»

3. «Мен-үйде», «Мен-мектепте» жаттығуы

4. «Ыстық картоп» жаттығуы

5. Релаксациялық жаттығу «Сарқырама»

6. Рефлексия.

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келдіңіздер! Бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын!

Топтағы қағида:

1. Белсенділікті арттыру.

2. Бірігіп жұмыс істеу.

3. Бір-біріне кедергі келтірмеу.

4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену.

5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу.

6. Достарынмен  жақсы қарым-қатынаста болу.

7. Өзін еркін ұстауға үйрену.

1. «Таныс болайық!» жаттығуы

Мақсаты: Өзін таныстыру, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау.

2. Әдістеме: «Менің мінезім»

Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.

Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады: Түйе, Сиыр, Қой, Тауық, Аққу, Қарлығаш, Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Тасбақа, Балық.

Соңында, 1. Үйде, 2. Мектепте, 3. Достарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.

Жауабы:

1. Түйе — шыдамды

2. Сиыр — өкпелегіш

3. Қой — жайдарлылық

4. Тауық — шығармашыл

5. Аққу — сезімтал

6. Қарлығаш — бауырмал

7. Үйрек — ұқыптылық

8. Бұлбұл — әнді жақсы көретін

9. Арыстан — қайратты

10. Қасқыр — жігерлі.

11. Тасбақа — мейірімді

12. Балық — еркіндікті қалайды

Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?

3. «Мен – үйде», «Мен – мектепте» жаттығуы (10 минут)

Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен мектепте» деп жазыңыздар. Осы екі бағанға үйде және мектептегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

1. Осы жағдайлардағы мінез-құлықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.

2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?

3. Не себепті айырмашылықтар болады?

4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек пе? Неге?

4. «Ыстық картоп» ойыны

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс.

Сұрақтар:

Бүгінгі көңіл-күйің?

Сенің сүйікті тағамың?

Спорттың қай түрін ұнатасың?

Қандай киім үлгісін ұнатасың?

Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Не үшін?

Қай түсті ұнатасың?

Жылдың ең қысқа айы?

Кактус гүліне ұқсайтын жәндік?

Сүйікті әнің?

Саған ұнайтын кино?

Сүйікті әншің?

Достарың кім?

Бүгін аптаны қай күні?

5.«Сарқырама» релаксациялық жаттығуы

Мақсаты: қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне көмектеседі.

Бұл медитациялық техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.

Ары қарай баяу оқылады: «Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2-3 рет деміңізді шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқырамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз… Өзіңіздің маңдайыңыз, ауызыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз… Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы сергек сезінуіңзге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады…

Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда… (30 секунд). Ал енді, сіздің бойыңызды таратқан сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз. Денеңізді тік ұстап, көзіңізді ашыңыз».

Талдау: Қандай сезімде болдыңдар? Не сезіндіңіз?

6. Рефлексия «Бес саусақ».

1. Тренингтен өзіңізге не алдыңыз?

2. Сізге қандай жаттығу ұнады? Қайсысы ұнамады?

3. Ұсыныс, пікір.

Тренинг соңында тәрбиеленушілер алғыстарын білдірді. Балаларға «Менің мінезім», «Мен мектепте», «Мен үйде», «Ыстық картоп», «Сарқырама» жаттығуларын қатты ұнағанын айтты. Үнемі осындай психологиялық тренинтерді жүргізудің нәтижесінде тәрбиеленушілердің көңіл-күйлері көтеріңкі, шығармашылық қабілеттері артуда, өздеріне құрметпен қарап, дұрыс қарым-қатынас орната білу дағдылары дамыда деуге толық негіз бар.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Психотренинг–психологтың кәсіби біліктілігін қалыптастыру құралы:әдістемелік көмекші құрал/ Э.А.Торебекова; -Атырау, 2014.-164 б.
  2. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.
  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.
  4. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype