+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Интерьерге арналған 2D және 3D сәнді бұйымдарды жасау

Усманова Насима Матигулловна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ-нің көркем еңбек пәні мұғалімі

Интерьер — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі. Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс. Пәтерді жабдықтарда үйге қандай заттар қажет, оларды қай жерге және қалай орналастыру, әшекейі мен түсі, бөлмені сәндік бұйымдармен өзгерту-өзгертпеу туралы мәселені алдын ала ойластыру қажет. Көркем еңбек сабақтарында берілген «Интерьерге арналған 2D және 3D сәнді бұйымдарды жасау» атты тақырып осы мәселелерді оқушы бойына сіңдіруді мақсат тұтады. Нәтижесінде оқушылар материалдар мен техниканы анықтап, таңдап, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған 2D және 3Dсәндік бұйымдар дайындайды. Интерьерді сәндеудің тиімді әдістерін анықтап, қолданады.Өз қолдарымен 2D және 3D форматында орындаған сәндік бұйымдарымен тұрғын үйді сәндеп, ерекше сезім мен көңіл-күйге бөленеді. Сонымен қатар сабақта оқушылар сыныптастарының сәндік бұйымдарымен танысып, пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге, өз тәжірибелері мен білімдерін толықтыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік алады.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Үй мәдениетіМектеп: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ
Мерзімі: 30.04.2021ж.Мұғалімнің аты-жөні: Усманова Н.М.
Сынып: 8АҚатысушылар саны: 16 Қатыспағандар: –
Сабақтың тақырыбы:Интерьерге арналған 2D және 3D сәнді бұйымдарды жасау
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары8.2.5.3- Өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау. 8.3.4.1- Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау. 8.2.6.1- Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.
Сабақтың мақсаты:Барлық оқушылар: Өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдап, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған 2D және 3Dсәндік бұйымдар дайындайды. Оқушылардың басым бөлігі: Интерьерді сәндеудің тиімді әдістерін анықтайды және қолданады.Өзінің және сыныптастарының жұмыстарын жетілдіру үшін пікірін білдіріп, сыни ұсыныстар жасайды. Кейбір оқушылар: Өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындайды.
Бағалау критерийлері-Интерьер стильдерін ажырата алады; -Интерьерге арналған сәндік бұйымдарды біледі, дайындайды; -Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру үшін сыни ұсыныстар жасайды; -Материалдар мен құралдарды қолдану барысында техника қауіпсіздігін қадағалап, сақтайды.
Тілдік мақсаттарЛексика мен терминдер: Интерьер, стиль, панно, колллаж, декупаж, макраме, топиарий
Құндылықтарға баулу-Топта жұмыс жасау, сыныптастарының пікірін тыңдай білу, оған қолдау көрсету арқылы құрмет құндылығы қалыптасады; -Бірлесе жұмыс жасау және шешімді бірлесе қабылдау арқылы ынтымақтастық құндылығы қалыптасады; -Сарамандық жұмыстарды орындау барысында еңбек пен шығармашылық құндылықтары қалыптасады.
Пәнаралық байланысМатематика, графика, өнер, қазақ тілі, тарих
Алдыңғы білімИнтерьерге арналған сәндік бұйымдардың нобайын орындау
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңіПедагогтың әрекетіОқушылардың әрекетіБағалау  Ресурстар
Сабақтың басы                Оқушылармен cәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын байқау. Психологиялық ахуал тудыру: «Бірлесе жұмыс істеу». Талқылауға арналған сұрақтар: -Интерьер деген не? -Қонақбөлме, жатынбөлме, ас үй т.б. интерьерін қалай безендіруге болады?  -2D және 3D форматтағы сәндік бұйымдардың ерекшеліктері қандай? Оларға нені жатқызуға болады? Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаттарын айқындап алуға бағыттайды.Оқушылар амандасып, сабаққа қатысуы туралы хабарлайды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, бірінің жауабын бірі толықтырады, жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаттарын айқындайды. Интерьерге арналған сәндік бұйымдары мен оны орындауға қажетті материалдар мен құрал – жабдықтарын әзірлейді.ҚБ: Қол соғуZOOM ВilimLand-OnlineMektep білім платформасы Оқулық «Көркем еңбек» 8-сынып «Келешек -2030» баспасы 72 – 77 бет
Сабақтың ортасы        Презентация: «Интерьерге арналған 2D және 3D сәнді бұйымдар. Оқушылар бұйымдарын ұсынуға әзірлеген уақытта бейнеролик ұсынылады:  «Интерьерге арналған сәндік қолөнер бұйымдары» Дескриптор: 1. Интерьер стильдерін ажырата алады.
2. Интерьерге арналған 2D және 3D форматтағы сәнді бұйымдарды эстетикалық және техникалық талаптарға сай түрлі техникаларда орындайды.
3. Өзінің және сыныптастарының жұмыстарын жетілдіру үшін пікірін білдіріп, сыни ұсыныстар жасайды.
Оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып интерьерге арналған 2D және 3D сәндік бұйымын орындайды. Әр оқушы орындаған жұмысын қорғайды. Қорғау критерийлері: -Жұмыстың атауы; -Сәндік бұйымды орындауға қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар; -Жұмыстың орындалу техникасы мен реті; -Қай бөлме интерьерін безендіруге қолдануға болады; -Жарнамалау! -Қандай қауіпсіздік ережелері сақталды?ҚБ: МадақтауБейнеролик Презентация Оқушылардың орындаған сәндік бұйымдары          
Сабақтың соңы                Тақырыпты бекіту сұрақтарын ұсынады. Кері байланыс берілген гүл шоқтарын таңдау арқылы жүргізіледі. Сабаққа қорытынды жасайды. Bilimland.kz платформасындағы мәтінмен танысып, тапсырмаларды орындауды тапсырады.Бекіту сұрақтарына жауап береді, бірін – бірі толықтырады. Интерьерді сәндеуге арналған жұмысы ерекше болған оқушы кім деп ойлайсыңдар? Кімнің жұмысы әлі толықтыруды қажет етеді? Бір тал жауқазынды таңдаған оқушылар бар ма? Себебі не?ҚБ: Өзін – өзі, бірін – бірі бағалау. Мұғалім оқушылардың ойларына пікір қалдырадыПрезентация
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype