+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Мен және менің мамандығым» атты эссе

Мухамадиева Макпал Маукеновна, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№8 «Мирас» балабақша-бөбекжайы» КМҚК ағылшын тілінің оқытушысы

Менің мамандығым – ағылшын тілі оқытушысы. Бала кезімнен ағылшын тілін үйреніп, шетелге баруды армандадым. Ағылшын тіліне қатты қызығатынмын, дыбыстардың айтылуы, шетел адамдардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, интонациясы маған өте қызық болатын. Сол себепті Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің «Шетел тілі» факультетіне оқуға тапсырдым. Ұстаз – мектептің айнасы, бәйтерегі. Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді» – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.

Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.

Әр кезде мұғалім мамандығын аса қадірлеп, жоғары дәрежеде ұстап, мұғалім мәртебесін көтерген. Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық ұлы құрмет, себебі ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» – деген.

Мен «Мирас» балабақшасында сегізінші жыл еңбек етудемін, жұмысымнан еш жалыққан емеспін. Қазіргі уақытта үш тілде сөйлеу өте өзекті мәселе болғандықтан, шетел тілдерін үйрену ерте жастан басталғаны өте дұрыс деп ойлаймын. Себебі осы жас кезеңінде олардың есте сақтау қабілеттері өте жақсы, бәрін бірден жаттап, түсініп, естеріне сақтап алады. Балалардың ағылшын тілінде былдырлап сөйлегендері, әрбір дыбыс, сөзді дыбыстауы өте тәтті, құлаққа жағымды естіледі. Балдай тәтті тілдері мені алға жетелеп, одан әрі шабыттандыра түседі.   Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінене әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік, сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіру – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Сол себепті мен осы мамандықты мақтан етемін, алдағы уақытта оқу тәрбие үрдісін жүйелі түрде жоспарлап, жаңа инновациялық технологияларды енгізе отырып, балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастырамын. Сондықтан мен ұстаз мамандығын таңдап, өз шеберлігімді шыңдауға тырысамын.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype