+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Эссе «Мен – жаңашыл педагог»

Наккажина Куралай Болатовна, Өскемен қаласындағы «№13 «Дария балабақша-бөбекжайы ҚМҚК «Күншуақ» тобының тәрбиешісі

Тәрбиеші – адамшылық ар-ожданы жоғары, намысшыл, қайталанбайтын жеке тұлға. Тәрбиеші мамандығы – біліктілікті, икемділікті, шеберлікті, ерекеше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» — деген екен ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәби кезінен бастап берілетін тәлім-тәрбиенің маңызы өте зор. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесінде балабақшаның орны ерекше. Өйткені, әр бала әр үйдің ерке-тотай тентегі. Әжесі мен атасының төбесіне шығарып отырған елдегі жоқ тәттісі. Ата-ананың әлпештеген ардақтысы.

Сондықтан да бүгінгі таңда тәрбиеші тәлімгер болу аса жауапкершілікті талап етеді. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Баланың тілін табу үшін де терең білім, сабырлылық, шыдамдылық керек-ақ. Осындай қиын да, қызықты, ең құрметті мамандықты жанына серік еткендердің бірі – мен.

Балабақша тәрбиешісі – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интелектуалдық, шығармашылық әлеуметі мол тұлға, сондықтан да үнемі жаңа қоғамға жаңа көзқараспен, жас ұрпақ тәрбиесіне жігерлі күш жұмсау мақсатында жұмыс жасап келемін.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он үш жыл болған екен. Тәрбиешінің жұмысын жеңіл деп айтуға болмайды. Бұл тынымсыз күнделікті жұмыс, менің мойынымда кішкентай баланы тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік жатыр. Бұл мамандықты дұрыс таңдадым деп ойлаймын. Олай ойлауымның себебі де бар. Балалардың жарқын жүздері, күлкісі, ата аналардың ризашылығы соның белгісі. Біздің мамандық басқа мамандық сияқты емес, махаббатпен қоршалған, шынайы махаббатқа толы. Мен балалардың анасындай, оларды жақсы көремін. Әр істеріне, сөздеріне түсінушілікпен қараймын. Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайлық пен адалдықтың айнасы. Бала қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи алады. Бала жаны жалғандықты білмейді, әрқашан шындықты айтады.

«Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген Абай сөзін өмірлік қағида еткен әрбір тәрбиеші, ұстаз құрметті.

Шын жүрекпен қалаған мамандық арқылы ғана және жемісті еңбек арқылы өмірлік несібеңді, абырой-беделіңді, қоғам алдыңдағы құрметіңді еселей аласың. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші, бақытты ұстаз, бақытты жанмын деп білемін.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype