+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 19 қазан 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін театр және театрландырылған қойылымдар арқылы дамытудың маңызы

Мухаметжанова Шынар Ерланқызы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 «Дария» балабақша-бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр және театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балабақшада балалардың тілін халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалана отырып дамыту әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы іске асырылады. Әдіс-тәсілдер балалардың жас ерешеліктеріне қарай сана сезіміне әсер ету арқылы қызықтыра отырып бойларына сіңіртіп тілін дамытуға септігін тигізеді.

 

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі.

Мектепке дейінгі балардың шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруға, оларды адамгершілікке, ізгілікке, әділдік пен батылдық қасиеттерге баулуға театрландырылған көріністер мен көркем шығармалар мен ертегілерді сақыналаудың маңызы зор. Балабақша қабырғасында балалардың тілін дамытуға, жақсы мен жаманды айыра білуге және оны өзі ойнайтын образды көрсете білуге үлкен мән беріледі.

Оқу мен тәрбие егіз екенін бір сәтте естен шығармаған жөн, соның нәтижесінде ғана сапалы біліммен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Аль-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деген.

Балабақшада бала шығармашылық қабілеттері арқылы өсіп көптеген ойындарға тартылады (сюжетті-рольдік, драматизация ойындары, сақыналау, көріністер) және олардың баланың жалпы тәрбиесіне, дамуына әсері зор.

Кіші сәби жастан бастап оларға ертегі оқып, тыңдатып, үнемі адамгершілікке тәрбиелеп отырсақ, өсіп дамуына жақсы әсер етеді деген ойдамын. Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер силайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театырландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызықшыл, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады.

Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Жалпы театрландырылған ойындарда балалардың шығармашылық қабілет мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Бұған пайдаланылатын шығарманың сюжеті мен ойындық қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал рөлдерді орындау тәсілдері мимика, интонация, дене қимылдары арқылы жасалып іске асырылады.

Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Әдетте балалардың өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған орай шапшаң, ширақ балаларға, жуас, қарапайым рөлдер, ал мінездері салмақты байыпты балаларға жағымсыз рөлдер тапсырылады. Бұл арқылы біз балалардың шындық өмірге тереңірек үңіліп, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқынырақ ұғынып, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге, өз қылықтарын дұрыс бағалап, жақсы кейіпкерлерге еліктеуге үйретеміз.

Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі, қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көрністеріне таңқалдырып, өз сезімін мимика, тағы басқа көріністер арқылы көрсете алады.

Қысқаша құрылған ертегі, жұмбақтарды, үйрету кіші жастан басталады. Бұл жастағы балалар көбіне жануарлар туралы жұмбақтарды шешуге қызығушылық танытады. Естіген көрген ертегілерін ұмытпауға дағдыланған жөн. Сонда баланың есте сақтау қабілеті артып, логикалық ойлауы да арта түседі. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.

Сахналандырылған ойындар, ойын-қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Балалар ертегіні рөлдерге бөлініп сомдаған кезде дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Егерде бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен кішігірім тақпақтарды, кіші сахна көрністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс-әрекетін өз бетінше ойнай алады деп ойлаймын. Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдың алатын орны ерекше. Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау керек. Осыны ескере отырып, мен әр-түрлі театрлар түрін жасадым. Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Атап айта кететін болсам.

Театр түрлері:

v   Саусақ театры;

v   Қолқап театры;

v   Үстел-үсті театры;

v   Қасық театры

v   Бибабо театры;

v   Бетперде театры;

v   Фланелеграф театры

v   Трафарет театры

v   Көңіл күй театры

v   Ойыншықтар театры

v   Көлеңке театры

v   Қуыршақ театры

Әр сахналық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргіземін. Балаларға ертегі, әңгімелер оқып әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударамын. Сұрақ-жауап арқылы кейіпкерлердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отырамын. Қимылмен сөз арасындағы байланысын қадағалаймын.

Балалардың тілін жаттықтыру үшін, әр бір сахналық қойылымның алдында тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді, жаңылпаштарды санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, кіріктіруге болады. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе құт» деген мақал мен бастаймын. Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына, сезімдеріне сәйкес тебірене, мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянады. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толығады, сөйтіп олардың белсенділігі артып, оқу іс-әрекеттері мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болады.

Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр – балалар үшін мереке, демалыс орны. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер үшін үлкен табыс.

Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі – қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рөлмен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді.

Дегенменде ата-аналар да театрды ұйымдастыруға құлшына кірісіп, костьюмдер тігу мен материалдар, керекті құралдар дайындауға әр дайым көмектесіп отырады. Жасалып жатқан жұмыстарды күнделкті оқу іс-әрекеттерінде және ойын-сауық кештері мен мерекелік ертеңгіліктерде көпшілікке көрсетіп, педагогтар мен ата-аналар тарапынан жылы қабылданып жүр.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  • Мектепке дейінгі ұйым журналы №13 2015 жыл
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту журналы №3 2012 жыл
  • Бала мен балабақша журналы №10 2016 жыл
  • Балабақша тәрбиелеу және оқыту №1 2014 жыл  
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype