+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 19 қазан 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру

Шакерова Алия Кусайнгазиевна, ШҚО білім басқармасы кәсіптік білім беру орталығының әдіскері

Қазіргі жағдайларда мемлекеттің, қоғамның, білім берудің негізгі мақсаттарының бірі еліміздің шығармашыл, жауапкершілігі мен адамгершілігі жоғары азаматын тәрбиелеу мен дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметтің алға қойған басым міндеттерінің бірі – оқушы жастарға рухани-адамгершілік білім беруге жағдай жасау. Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында (27.01.2012 ж.) «...Білім берудің тәрбиелік компонентін күшейту қажет. Ешқандай жеке меншік түріне қарамастан – адамгершілік пен патриоттық мораль нормалары, ұлтаралық келісім, толеранттылық, рухани және физиологиялық даму, заңға бағынушылық – осы құндылықтар барлық білім беру мекемелерінде дағдыландырылуы міндетті... Бұл біздің жастарға ауадай қажет».Сондықтан біздің бүкіл білім беру жүйесінің негізгі міндеті – болашақ мұғалімдерге рухани-адамгершілік білім беру.

 

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың маңызды мақсаттарының бірі білім алушылардың ажырату қабілетін және адамгершілік қасиеттерін дамыту, парыз, абырой, әділеттілікті ұғынуын нығайту болып табылады. Білім алушылар жақсылық пен жамандықтың, мейірімділік пен зұлымдықтың арасындағы айырмашылықты ажыратуға үйренулері керек және бұл – өсіп келе жатқан ұрпақ үшін оқытудағы ең қажетті мәселелердің бірі. Дұрыс әрекет пен дұрыс емес әрекетті ажыратуға көмектеспейтін, күнә алдындағы қорқынышты және адамдарға деген сүйіспеншілікті, адамгершілік заңдылықтарына үйретпейтін, ата-аналарына құрмет көрсетуге ықпалын тигізбейтін және де өз біліктері мен жетістіктерін отбасының, қоғамның, елдің, ұлттың, адамзаттың өркендеуіне арнауға шабыттандырмайтын кез-келген білім беру жүйесі қажетсіз.

Мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтар қазіргі заманның білім беру мәселелерінің өзегі болғанда ғана өз шешімін табады, басқаша айтқанда бұл құндылықтар оқытып жатқандарымыздың барлығымен тұтастай бірлікті құрайды. Бұл жағдайда, біз тек академиялық жетістіктерге ғана қол жеткізіп қоймай, сонымен қатар Адамның жан-жақты Үйлесімде Дамуын қамтамасыз етеміз немесе адамның кемел мінезді қалыптастыруға мүмкіндік аламыз. Сондықтан болашақ мұғалім алдымен өзінің жоғары рухани табиғатын жете түсінуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде қолданудың үлгісі болуы тиіс. Сонда ғана ол әрбір оқушыға рухани-адамгершілік білімді жеткізе алатын болады. Осылайша, пәннің негізгі міндеті әрбір білім алушыға өзінің адами және кәсіби мұратын жаңаша түрде ұғынуына көмек беру болып табылады.

Техникалық және кәсіптік орта білім беру мамандықтарының оқу бағдарламаларының мазмұнына енгізілген «Өзін-өзі тану» пәні, тұлғаның адамгершілік негізінің қалыптасуына, оның руханилығын өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі жүзеге асыруына, үйлесімді дамуына септігін тигізеді. Ол өзін және басқа адамдарды қабылдау мен түсінулеріне, ашылып дамуына, әлеуметтік жауапкершілікке, шығармашылық белсенділікке және өмірді дұрыс қабылдай алуларына ықпал ете отырып, жігіттер мен қыздардың тұлғалық және кәсіби өсуіне жағдай туғызады. Өзін-өзі тану бойынша сабақтан тыс жұмыстар білім алушылардың күнделікті өмірден алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана отырып, қоғамға белсенді түрде қызмет етуді қарастырады.

«Өзін-өзі тану» пәні 2010-2011 оқу жылынан бастап барлық колледждерде оқытылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік орта білім беру Департамент директорының нұсқаулық хатының (14.06.2013 жылғы № 11-2/1288) негізінде «Білім беру» бейінінің мамандықтары үшін жалпы орта білім базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім алушылардың оқу жүктемесі 60 сағаттық аудиториялық сабақты құрайды, барлық басқа бейінді мамандықтар үшін – 36 сағат.

ҚР БжҒМ техникалық және кәсіби департаменті директорының хатына негізінде (№ 11-2/1288 от 14.06.2013 ж.) «Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі» пәнінің «Бастауыш білім беру» бейіндік мамандығы бойынша студенттердің оқу жүктемесінің көлемі 146 аудиториялық сағаттарын құрайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №208 бұйрығына сәйкес, облысымыздың «М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық білім беру ұйымы мәртебесін иеленді. Пилоттық білім беру ұйымы 2017-2020 жылдар аралығында:

  • жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде басқарушылық және әдістемелік жұмыстар;
  • жалпыдамзаттық құндылықтарды оқу пәндерінің мазмұнына интеграциялау;
  • жалпыадамзаттық құндылықтар оқудан тыс әрекетке және қосымша білім беруге интеграциялау;
  • жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде ата-анамен жұмыс бойынша 4 бағытта жұмыс атқарды.

2021 жылдан бастап «М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК аталған бағдарламаны педагогикалық процеске енгізу бойынша базалық оқу орны, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын пилоттық білім беру ұйымы болды.

Болашақ маманның кәсіби дайындығы барысында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқыту әдістемесін меңгеру өте маңызды үдеріс болып табылады.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype