+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 19 қазан 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Түкті кілем тоқу өнері

Саканова Жанар Муратқызы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің көркем еңбек пән мұғалімі

Қазақ халық қолданбалы өнерінің дәстүрлі түріне киіз басу, кілем тоқу, тоқыма тоқу, кесте тігу, күмістен әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау, ағаш өңдеу, металл өңдеу, тері мен сүйек өңдеу кәсіптері жатады. Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай — түкті және тықыр; материалына қарай — жібек, масаты боп бөлінеді. Қазақ кілемдері өндірілген жеріне қарай - Торғай, Қызылорда, Алматы, Жамбыл кілемдері, ру үлгілеріне қарай -қыпшақ кілемі, адай кілемі, керей кілемі, қоңырат кілемі, үйсін кілемі, қосалқы белгілеріне қарай - шашақты, оқалы кілем деп те аталады.

 

Кілем – әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тақыр болып келеді. Этнографтардың пайымдауынша, қазіргі түркі халықтарының кілем үлгілерінде ортақ ұқсастықтар бар. Солардың ішінде қазақ кілемдерінің арғы төркіні байырғы сақ, ғұн, қыпшақ өнерінің мұралары болып саналады. Қазақ кілемдеріндегі айшықты ою-өрнек әсері басқа халықтар кілемдерінен де байқалады. Мәселен, кавказ кілемдерінің бірі «қазақ» деп аталады. Кілем өндіру үрдісі екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады. Біріншісі – қолмен кілем тоқу, екіншісі – машинамен кілем жасау. Қолмен кілем тоқу ағаштан жасалынған тоқыма станоктарында атқарылады. (1-сурет пен 2-суретті салыстыру) Қолмен тоқылған кілемдер өте берік болып, кейде жүз жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады. Қолдан түкті кілемді тоқығанда оған қажетті заттар: жүн (қойдың, ешкінің, түйенің), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері.

Түкті кілем тоқу технологиясы. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тақыр болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады (3-сурет). Түктің ұзындығы 3 мм-ден 18 мм-ге дейін болады. Ол кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырумен бірге оны жеңіл (барқыт тәрізді үлпілдек) етіп көрсетеді. Тақыр кілем бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады. Түгі қырқылмаған (түз ақшалы), кейде түгінің жартысы қырқылып, жартысы қырқылмаған аралас кілемдер де шығарылады. Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен тоқылатын кілемнің түгі ор түрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу арқылы жасалады. Майда өрнек қажет болғанда бір ғана өріс жібіне түйіледі. Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады да, ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізіп, алдыңғыларына қарай тарақпен нығыздай қағып отырады. Түк үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), ал өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады. Көбіне ұсақ өрнек жасау үшін өрістік мақта жіп жіңішке жібек жіппен алмастырылады. Кілем – арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып,әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін, ал өн бойына бір миллионға жуық жіп тіндерін келтіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрынғы замандарда киіз үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз үйдің туырлық пен үзігі орнына жапқан.

Ойымызды саралайтын болсақ, 9-сынып оқушылардың сәндік қолданбалы өнерге қызығушылықтары зор. Кілем тоқу қазіргі кезде күнделікті тұрмысқа керекті жеңіл-желпі заттарды станоксыз да қолмен тоқуға болады. Қолмен тоқу ерекше жабдықты, арнаулы орынды, белгілі мезгілді керек етпейтін қарапайым, әрі тиімді өнер.

Тоқыма қолөнердің ең көне және кең таралған түрі. Мектепте оқушылардың тоқыма өнеріне деген қабілеттері арттыру мақсатында кілем тоқу, шілтер тоқу, кесте тоқу, бисермен тоқу т.б. түрлерін кең көлемде үйретемін.

Тоқыма өнерінің шығармашылық жұмыс жасарда, оқушы алдына мақсат қойып жоспар жасайды. Тоқу әдісінің ерекшелігін, алуан түрлілігін, оқушылар қызығушылық таныта отырып меңгергенін көпшілікке дәріптеу мақсатында шығармашылық жұмыстарын көремелерге, жәрмеңкелерге дайындау, сабақтың тартымдылығын арттырып, оның қызықты да, нәтижелі өтуіне ықпал етеді. Заман талабына сай мектепте сәндік-қолданбалы өнерге, көнеден келе жатқан кілем тоқу өнеріне үйрету бүгінгі таңда үлкен мәселенің бірі болып отыр. Қазір кілем тоқу өнерінің шарықтап етек жайған уақытында оқушыларға кесте тоқу, кілем, гобелен, бисермен тоқу және әртүрлі тоқыма өнерін үйретуді мектеп бағдарламаларына көбірек енгізіп, оқушының шығармашылық қабілеттерін жандандырса, болашақ ұрпақтың ұлттық мәдениетін көтеру арқылы ұлттық деңгейімізді көтерер едік. (8,9-суреттер)

{edocs}/images/pdf/13/04052021-01.pdf,520,600{/edocs}

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype