+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 19 қазан 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі

Каримова Армангуль Жумабековна, «А.Байтұрсынұлы атындағы № 47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде білім алушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамассыз ету жеткіліксіз. Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияларға тоқталатын болсақ, коммуникация-ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды, тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке  өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде  жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады.

 

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытуымен анықталады.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы мұғалім білім алушының интеллектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.

Аталмыш технология білім алушылардың еркін тілдік қатынасқа түсуіне, танымдық, сондай-ақ топпен тіл табыса әрекет ету қабілеттерінің жетілуіне, қойылған проблемаларды оң шеше алуына, әрбір мәселеге деген өз ой-пікірін дұрыс, анық, дәлелді жеткізуіне ықпал етеді. Сонымен қатар әрбір білім алушы ортақ мақсатқа негізделген әрекеттерді орындау барысында жүзеге асатын белгілі бір оқиғаның мақсаты мен маңызын анықтауға, екіншіден, сөзінің қисыны мен дәлдігін мөлшерлеуге, үшіншіден, пікірін дәлелді, дәйекті, түсінікті жеткізуге дағдыланады.

Білім алушылардың белгілі бір табысқа жетуіне, танымдық қызығушылықтарының дамуына, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, коммуникативтік мәдениетін тәрбиелеуіне, өзін-өзі бағалауына септігін тигізеді, оқушылардың сабақта ізденуіне, дара тұлғалық қасиеттерінің дамуына, шешімді таңдаудағы еркіндігіне жол ашады, түрлі жағдаяттардан жол тауып шығуға үйретеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мақсаты білім алушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру болып табылады.

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың ерекшеліктері:

1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.

4. Білім алушы өз бетінше немесе өзге білім алушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

5. Білім алушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

Сабақта ақпараттық-коммуниникативтік технологиялардың тиімділігі:

  • білім алушының өз бетімен жұмысы;
  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
  • шығармашылық есептер шығару;
  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
  • экономикалық тиімділігі;
  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

Интерактивті оқыту тәжірибесінде білім мазмұнының тек білім алушының білімін, іскерлік дағдысын қалыптастыру мақсатын ғана көздеп қоймай, сол білімнің білім алушының шығармашылық жеке тұлғасын дамытуға, логикалық ойлау қабілетінің ұшталуына, өздігінен білім алуға құштарлығын оятуға ықпал ету жағына ерекше көңіл бөлінеді.

АКТ технологиясын пайдаланып өткізілген сабақтар мен дәстүрлі сабақтарды  салыстыру нәтижесі:

{edocs}/images/pdf/13/28042021-02.pdf,520,600{/edocs}

Заман талабына сай білім беру — бұл білім алушыларды адамгершілік интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және білім алушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат  білім алушының барлығын және әрқайсысын жақсы оқыту болып табылады. Әрбір мұғалім тиісті әдістемелік іскерлікті меңгере білуі,оқу материалы мазмұнын логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдай білуі керек. Сабақты интерактивті әдіс арқылы жүргізу тиімді. Оқытушы өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білгені жөн. Шәкірттерді сол сабақты асыға күтіп отыратын дәрежеге жеткізуі қажет. Сондықтан кез-келген білім беру саласында мультимедиалық оқыту құралдары пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне енгізу бағытында қолданылатын жаңа технологиялардың бірі – интерактивті тақта болып табылады.

Интерактивті тақта арқылы интерактивті сабақтардың кез келген түрін өткізудің мүмкіндігі мол. Мұғалім алдын ала тақырыпқа байланысты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылауды қажет ететін негізгі сұрақтарды, сабақта белсенділік пен қызығушылықты тудыратын тақырыпты түгелдей ашуға қажет ақпараттық обьектілерді кіргізеді. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады. Сабақ материалын POWER POINT презентациясы түрінде ұсынуға болады. Алдын-ала дайындалған оқу материалдар презентациялары, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Сонымен қатар интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығын ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Интерактивті тақта арқылы білім алушыларымыз берілген мәтіндік ақпаратпен таныса алады, мәтін бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды еш кедергісіз орындай береді. Компьютерлер мен интерактивті тақтаны білім алушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады.

Интерактивті құралдардың ерекшеліктерін атап өтуге болады:

  • Бормен тақтадан алынған суретті интерактивті тақтадан түрлі-түсті айқын, ұқыпты, суреттермен салыстыруға болмайды.
  • Тақта мен бордың көмегімен ұқсас тақырыптарды түсіндіру қиын.
  • Слайдартарды, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
  • Сабақта Activ Ote тестілеу  жүйесі арқылы  тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
  • Activ Wand указкасының көмегімен тақтаның  жоғарғы бөлігіне  кішкентайларға да қол жеткізуге болады.
  • Сабақта көрнектілікті қолдану деңгейі артады.
  • Оқушының білім деңгейіне жақсы әсер етеді.

        Сабақтарда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде білім алушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас деңгейі артады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Ержанова А. А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. –Алматы. 2005 жыл

2. Жалпы орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы. –Астана. 1997 жыл

3. Иманбаева А.Н. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру . Қазақстан мектебі, №2, 2000 жыл

4.Құдайбергенова Қ.С. Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары // Қазақстан мектебі. № 11. 2008 жыл, 9-11-б.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype