+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 19 қазан 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Туған елім, мен сені жырлап өтем

Дандыгулов Бекзат Амансерикович, «Солоновка орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы

Туған елім, туған жерім,

Төріндесің жүрегімнің.

Күндіз-түні ойымдасың,

Төріндесің көңілімнің.

 

Алыс кетсем өзіңнен,

Жабырқайды көңілім.

Сағынғанда өзіңді,

Дірілдейді жүрегім.

Ерлер туар елі үшін,

Менде тудым ер болып.

Өмір сүрем елім деп,

Туып өскен жерім деп.

Туған елдің әр жаны,

Бірге туған бауырдай.

Әр қазақтың баласы,

Тамырдағы қанымдай.

Туған елім мен үшін,

Жанымнан да қымбат қой.

Олармен сүрген әр күнім,

Баға жетпес Ұлы той.

Баға жетпес елімді,

Кең даладағы желімді.

Қапастағы өмірден,

Артық көрген өлімді.

Елімді мен сүйемін,

Қажет болса ел үшін,

Отқа да түсіп күйемін,

Өйткені, елімді сүйемін.

Қазақ елі басына ,

Қасиет қонған киелі ел.

Ақ сақалды адамды,

Құрметтейтін биік ел.

Інісін де сыйлайтын,

Ағасын да тыңдайтын.

Қарындасын қолтықтап,

Бөтен ұлтқа қимайтын.

Өте ақылды қазағым,

Дұшпанды босқа ұрмайтын.

Мәрт жігіт болса дұшпаны,

Оны да өлімге қимайтын.

Ақылды ғой қазағым,

Арыдан ойды қозғайтын.

Тура сөйлеп тар жерде,

Ашуға мініп қозбайтын.

Уәдеге берік қазағым,

Бірсөзділікті қолдайтын.

Елім менің керемет,

Ақыл сөзден озбайтын.

Баласымын сол елдің,

Балығымын сол көлдің.

Көл суының тартылмауын,

Негізі қылған өмірдің.

Көлге құяр бұлақтың,

Көзін ашам аянбай.

Туған елдің баласына,

Білім берем еш талмай.

Өйткені әр жас буын,

Толтырады көл суын.

Көл суының ортаймауы,

Шаңырақтың шайқалмауы.

Сол міндетті мына мен де,

Атқарып жүрмін ниетпен.

Әр балаға білім берем,

Елін сүйер оң жолман.

Туған елімнің болашағы ,

Алаңдатады мені де.

Болашағы елімнің,

Күндіз-түні көңілде.

Сол болашақ жарқын болсын,

Еліме менің бақыт қонсын!

Әр қазақтың баласы,

Өніп-өсіп биік болсын!

Армандары орындалсын,

Дерттің бәрі жоғалсын!

Қазіргі қиын жағдайда,

Сабыр деген жолдас болсын!

Қазағым қырандай самғасын,

Қанаты еш талмасын!

Болашағы жарқын боп,

Құдайым әрқашан қолдасын!

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype