+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 19 қазан 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Әр отбасында-өз кейіпкері

Дандыгулов Бекзат Амансерикович, «Солоновка орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы

Менің де бар жанұям,

Кіші Отаным, жүрегім.

Өмір сүруге, өсуге,

Қолтықтан демер тірегім.

Сол Отанымның батыры,

Туысбай деген атам ғой.

 

Сұрапыл соғысқа қатысып,

Дұшпандарын атқан ол.

Сол соғыста атамыз,

Талай қиындық көріпті.

Шаршаса да, қиналса да,

Көрсетіпті ерлікті.

Талай жауды жапырып,

Жақындатыпты жеңісті.

Жас сарбаздар атамның ,

Артынан қалмай еріпті.

Атойлаған даусымен,

Намыс отын лаулатқан.

Оны естіген сарбаздар,

Жауды аямай жайратқан.

Жанын шүберекке байлап ап,

Бәрін  жеңіске бастаған.

Жеңісті ол мақсат қып,

Аяқты кейін баспаған.

Тек алдыға аттаған,

Мақсатынан қайтпаған.

Сөйтіп жүріп атамыз,

Қолға түсіп маталған.

Қолға түскен батырды,

Дұшпандар қатты қинаған.

Итке де оны талатып,

Жалынар деп ойлаған.

Бірақ батыр атамыз,

Жалынбапты оларға.

Қасқайып тұрып қорықпай,

Сес көрсетіпті дұшпанға.

Батырдың тегін емесін,

Дұшпандар сонда сезіпті.

Амалдары таусылып,

Саусағын оның езіпті.

Батыр атамыз сонда да ,

Ештеңені айтпаған.

Айтпаймын құпияны дегеннен,

Еш уақытта қайтпаған.

Тік тұрып тар бөлмеде,

Бір аптадай ұйықтаған.

Сонда да түк айтпастан,

Бәріне көнген қайтпастан.

Сөйтіп жүріп тұтқыннан,

Амал тауып қашады.

Өз әскеріне қосылып,

Дұшпанға оқ шашады.

Ерлігін ол көрсетіп,

Үлесін көп қосады.

Берлинді басып алған соң,

Елге қайтуды тосады.

Еліне келіп жеткен соң,

Ерлікті еңбекпен жалғайды.

«Ұлы Отан соғысы ,

Қайталанбай жоғалсын.

Соғысты қалаған адамдар,

Ешқашанда оңбасын».

Деген сөзді атамыз,

Қайталайтын ұдайы.

Бақыт тілеп жастарға,

Бейбіт өмір сұрады.

Жанұямыздың батыры,

Өмір сүрді үлгі боп.

Өмірінің соңында,

Айтты тағы: «Соғыс жоқ».

Ұрпақтары батырдың,

Батырға ұқсап өсуде.

Бәрі де батыр атанды,

Соғыста емес, еңбекте.

Осы жалғасқан ұрпақтың,

Кейіпкері, батыры.

Туысбай деген атамыз,

Байғожаның өр ұлы.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype