+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 19 қазан 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Заманауи мектептегі жас маман-….

Исабаева Карлыгаш Каирбековна, «Предгорное орта мектеп-балабақша кешені»КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Егер өмір алтын болса, зергері –мұғалім,

Егер өмір теңіз болса, гауһары-мұғалім.

Егер өмір жүзік болса, көзі-мұғалім,

Егер өмір ақын болса, сөзі-мұғалім.

Өзгеріп жатқан алмағайып заманда білім саласына жаңартылған білім беру бағдарламасы тың өзгерістер әкелуде. Соған орай ұстаздарға деген заман сұранысы да артуда.

 

Ұрпақ тәрбиелеудің басты мекені – мектеп табалдырығы болса, сол табалдырықтан аттаған бүлдіршінді заман ағымына ілестіріп, жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу, ең бірінші ұлағатты ұстаздардың еншісінде. Ұстаздықты ту еткен, өзінің өмірінің мәні деп қарайтын ұстаздар сан алуан.

Жаңаша көзқараспен білім кемесінің тізгінін ұстаған жас мамандардан заманауи мектептер не күтеді? Олар заман сұранысын қанағат ете алуы мүмкін бе? Жас маман, оның ішінде қазіргі уақыт талап етіп отырған заманауи маман қандай қасиеттерімен ерекшеленуі тиіс? Осы сұраққа шамам келгенше жауап беріп көрейін….

Біріншіден, жас маман –үлкен жүрек иесі болуы тиіс. Олай дейтінім, әр ұстаз алдына келген оқушыларын туған балаларындай жақсы көруі, әрқайсысының жүрек түбіне үңіліп, жанына тартуы тиіс. Қуанған баламен қуанып, ренжіген баламен қоса мұңайған ұстаз ғана оқушыны шын түсіне алады. Оқушылар осындай ұстаздардың сабағын асыға күтіп, қуана қарсы алады.

Екіншіден, ол-әдіскер, іскер ұстаз болуы тиіс. Олай дейтінім: әр ұстаз өз пәнінің, сабағының қожайыны сондықтан да, оқушыларды жалықтырып алмау жолында ұстаз түрлі ізденіске түсіп, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, өзінің сабағын түрлендіріп, құбылтып өткізеді. Бұл іскерліктің дәлелі болмақ.

Үшіншіден, жас маман-шығармашыл ұстаз болуы тиіс. Түрлі курстардан алған білімін, әріптестерінен алған тәжірибесін сабағында қолданады. Оқушылардың пәнге деген қызқығушылығын ертегі кейіпкерлерімен, түрлі кино үзінділерін көрсетіп, тәрбиелік мәні бар қысқа бейнефильмдер көрсету арқылы арттырады. Балаларға еркіндік беру арқылы тіл үйретудің түрлі жолдарын қарастырады.

Төртіншіден, ол еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзіретті ұстаздардың бірі болуы қажет. Ақпараттық технологияны жетік меңгерген, өз ісінің нағыз маманы, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткен креативті ойлай алатын, бағалаудың түрлі тәсілдерін ұтымды қолдана алуы тиіс.

Бесіншіден, жас маман өзі таңдаған мамандығын шексіз сүюі қажет деп ойлаймын. Осы қасиеттердің барлығы бір маманның бойынан табыла білгенде заманауи мектептердің сұранысы өтеліп, болашақ ұрпағымызды еш кедергісіз үлкен өмірге аттандыруға болады деп ойлаймын. Өйткені өз мамандығын шексіз сүйген ұстаз-өз мамандығының биік шыңына шығуды көздейтіні рас. Соның жолында аянбай еңбек етіп, ел  құрмет тұтар ардақты ұстаз деген атқа ие болары сөзсіз.

«Ұстаз-білім шырағын сөндірмей, мәңгіге алаулата беретін өнер иесі»-деген сөзді ескерсек, мәңгілік алаудың шырақшысына айналған ұстаздар қауымының ел болашағы үшін атқарып жатқан ерен еңбегі өлшеусіз дер едім. Жас маман өзі де үйреніп, өзгені де үйретіп, өмірдің әр сәтінен өзіне көп азық алар үлкен мамандық иесі. Ұстаздықтың беделін түсірмей, оны адамзаттың тәрбиеленушісі деген үлкен атақпен алып жүргенге не жетсін?!

Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату ұстаз деген ұлы тұлғаның парызы екенін ұмытпауға тиіспіз.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype